Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.2 Тәжірибелік қондырғының сипаттамасы

Тәжірибелік қондырғы ауыр сұйықтық, мысалы, глицерин құйылатын шыны цилиндр пішінді ыдыстан 1 тұрады. Ыдыс электрқозғалтқыштың 3 көмегімен айналатын көлбеу дискіге 2 бекітілген. Цилиндрдің үстінде ұзындық бойына миллиметрлік шкаламен 6 белгіленген жылжымалы өлшегіш инесі 5 бар рама 4 орнатылған. Қондырғы зертханалық үстелдің үстіне орнатылған.

3.1.сурет Тәжірибелік қондырғының сұлбасы:

1- циліндр ыдыс; 2- көлбеу диск; 3- электрқозғалтқыш; 4- рама; 5- өлшегіш ине; 6- миллиметрлік шкала.

3.3 Жұмыстың орындалу тәртібі

Электрлі моторды қосу арқылы 3 ыдыс тұрақты сандық айналыммен айнала бастайды. Сұйық салыстырмалы тепе-теңдік күйге, яғни оның еркін бетінің қалыпты күйге енгеніне көз жеткізу қажет. Өлшегіш иненің 5 және миллиметрлік шкаланың көмегімен 6 цилиндрдің өсіне еркін беттің деңгейін белгілейміз. Өлшегіш инені 5 ыдыстың қабырғасына қарай әрбір 2 см сайын жылжытып отырып, 5-6 нүктедегі мәндерін жазып аламыз. Тік линейкадағы 6 көрсеткіштерден цилиндр өсіндегі еркін беттің мәнін алып тастау керек , яғни

мұндағы : h- берілген нүкдегі мәні;

h0 – цилиндр өсіндегі еркін беттің мәні.

Берілген өлшемдерді 3.1. кестенің сәйкес бағаналарына енгізу керек.

3.4 Тәжірибеден алынған шамаларды өңдеу

Берілген өлшемдер бойынша вертикалды қиылысатын жазықтықтардағы сұйықтың еркін бетінің формасы салынады. Ыдыстың айналу жиілігі бойынша –nбұрыштық жылдамдық есептеледі:

(3.2)

3.1 формуласының көмегімен ыдыстағы сұйықтың еркін бетінің теориялық координаталар қисығы есептеледі. Содан кейін еркін беттің меридионалды сызығының теориялық қисығы салынады және тәжірибелік қисықпен салыстырады. Тәжірибелік және теориялық мәндерінің пайыздық ауытқуларын мына формуламен анықтайды:

(3.3)

3.1 кесте - Тәжірибелік нәтижелер

№ р/р

Нүктеден айналу өсіне дейінгі арақашықтық, r,м.

Сұйықтың еркін бетінің ординаталары

Ор

Ординатаның салыстырмалық қателігі

%.

Тәжірибелік

, м.

Теориялық

м.

1

2

3

Негізгі формулалар:

- айналмалы параболоидтың теңдеуі, яғни пайда болған шұңқырдың(воронканың) тереңдігін анықтайтын теңдеу;

- ыдыстың бұрыштық айналу жылдамдығы;

- теориялық және тәжірибелік мәндерінің пайыздық ауытқулары.

3.5 Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар

Есеп А4 форматындағы беттерде және титулдық бетпен рәсімделеді, есепке кіретіндер:

3.5.1 Зертханалық жұмыстың атауы

3.5.2 Жұмыстың мақсаты

3.5.3 Тәжірибелік қондырғының сұлбасы және оның сипаттамасы

3.5.4 Жұмысты орындау тәртібі

3.5.5 Тәжірибелік нәтижелерді өңдеу

3.5.6 Тәжірибелік есептеу нәтижелерін енгізу кестесі

3.5.7 Қорытындылар

Барлық аралық есептеулер кестеге енгізілмейді

Бақылау сұрақтары:

1. Сұйықтың толық және абсолюттік тепе-теңдігі дегеніміз не? Салыстырмалы тепе-теңдік дегеніміз не?

2.Цилиндрлі сауытты айналдырғанда өске қарағанда тұрақты бұрыштық жылдамдықпен қандай күштер әсер етеді?

3.Пайда болған шұңқырдың тереңдңгңн анықтайтын формуланы жазыңыз.

4.Салыстырмалы тепе-теңдіктің тағы қандай түрлері бар?

Әдебиеттер:

1. Агроскин, И. И. Гидравлика / Г.Т. Дмитриев, Ф.М. Пикалов. - М. : Госэнергоиздат,1964. - 213 с.

2. Башта, Т.М. Гидравлика, гидравлические машины и гидравлические приводы / Т.М. Башта. – М. : Машиностроение, 1970. - 503 с.

3. Большаков, В.А. Гидравлика / В.А. Большаков, В.И Попов. — К. : Высшая школа, 1989.- 213 с.

4. Гаврилов, М. Б. Гидравлика / М.Б. Гаврилов. – Алматы. : КазИТУ, 2004. - 316 с.

5. Гаврилов, М. Б. Гидравлика / М.Б. Гаврилов, Ж.К. Абдикеримов. – Алматы. : КазНТУ им. К.И.Сатпаева, 2000. - 103 с.

6. Кисилев, П.Г. Гидравлика / П.Г. Кисилев. – М. : Стройиздат, 1980. -273 с.

7. Рабинович, Е. З. Гидравлика / Е.З. Рабинович. - М. : Недра, 1977. – 304 с.