Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

10.6 Зертханалық жұмыстың есебін толтыруға қойылатын талаптар

Есеп А4 форматтағы беттерде жазылады және титулдық бетпен рәсімделеді. Аралық есептеулер нәтижелері есепке енгізілмейді.

Есепке кіретіндер:

10.6.1 Зертханалық жұмысының аты;

10.6.2 Жұмыстың мақсаты;

10.6.3 Тәжірибелік қондырғының сұлбасы және оның сипаттамасы;

10.6.4 Жұмыстың орындалу тәртібі;

10.6.5 Тәжірибелік нәтижелерді өндеу;

10.6.6 Тәжірибелік және есептік мәліметтер кестесі;

Қорытынды.

10.7 Қауіпсіздік техникасының негізгі талаптары

Зертханалық жұмысты орындау барысында техникалық қауіпсіздікке қойылатын келесі негізгі талаптары:

10.7.1 Жұмыс басталар алдында:

- ток өткізгіштердің изоляциясын және бекітілуін тексеру керек;

желдеткіштің қанатшаларының ішінде бөтен нәрсе жоқ болсын;

құбырдың тесіктерінде термометрлердің берік бекітілуін тексеріңіз.

10.7.2 Жұмыс жүріп жатқан аралығында:

- іске қосу кнопкасын көрінген нәрсемен басуға болмайды;

желдеткіштің ауа сорғыш саңылауына бөтен нәрселер және киімнің бөліктері түсуіне жол бермеңіз.

10.7.3 Зертханалық қондырғыда ақауды байқаған кезде жұмысты тоқтатып оқытушыға хабарлау.

10.7.4 Жұмыстан кейін:

- қондырғының тоқ өткізгіш бөліктерін айырып реостатты қыздырғышқа ең аз ток беретін қалпына келтіріп қою керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Меншікті жылу сыйымдылығының анықтамасын беріңіз?

2. Көлемдік және молярлық жылу сыймдылықтардың анықтамасын беріңіз?

3. Идеал және нақты газдардың жылусыйымдылықтарының айырмашылығын айтып беріңіз?

4. Тұрақты көлемдегі және тұрақты қысымдағы жылусыйымдылықтар дегеніміз не?

5. Неге тұрақты қысымдағы жылусыйымдылық тұрақты көлемдегі жылусыйымдылықтан артық болады?

Әдебиеттер:

1. Баскаков А.П. Теплотехника / А.П. Баскаков, Б.В. Берг, О.К. Витт.- М.: Энергоатомиздат, 1992.- 224 с.

2. Драганов Б.Х. Теплотехника и применение теплоты в сельском хозяйстве / Б.Х. Драганов, А.В.Кузнецов, С.П. Рудобашта – М.: Агропромиздат, 1990.-463 с.

3. Кабашев Р.А. Жылу техникасы / Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, А.М. Кекилбаев. – Алматы.: Бастау, 2008.-425 б.

4. Лариков Н.Н. Общая теплотехника / Н.Н. Лариков. – М.: Стройиздат, 1975.-559 с.

5. Нащокин В.В. Техническая термодинамика и теплопередача / В.В. Нащокин. - М.: Высшая школа, 1975.- 496 с.

№11. Зертханалық жұмыс.Тоңазытқыш машиналардың құрылысын игеру

Жұмыстын мақсаты: Фреонды тоңазытқыш машинаны сынаудан өткізу. Осы машинаның циклін зерттеу және оның салқын өнімділігімен салқындату коэффициентін анықтау. Құрылымы мен жұмыс жасауын оқып білу.

11.1 Жалпы мәлімет

11.1.1 Тоңазытқыш машиналар

Тоңазытқыш машиналар салқындатылатын денелердің температурасын қоршаған ортаның температурасынан төмен деңгейге дейін салқындату үшін және оның температурасын қажетті уақыт мерзімінде ұстап тұру үшін қызмет етеді.

Денені салқындатқанда алынатын жылу, температурасы жоғары қоршаған ортаға өздігінен берілмейді.Термодинамиканың екінші заңы бойынша салқындау денеден температурасы жоғары денеге жылу алмасуы үшін тоңазытқыш машиналардың жұмысына шығындалатын, басқа бір энергия жұмсалуы қажет.

Тоңазытқыш машинаның жұмыс процесі кезінде салқындатылатын денеден алынатын жылу, машина жүйесі толтырылған және салқындатылатын дененің температурасындай болатын жұмысшы зат – тоңазытқыш агентпен (хладагентпен) қабылданады. Хладагенттің температурасы төмендеуі оның сәйкес қысымда булануы (қайнау) нәтижесінде болады.

Салқындатылатын денеден қоршаған ортаға жылу алу процесі өткенде конденсациямен жалғасады (жоғары қысымда және температурада хладагенттің буларының сұйыққа айналуы).

Тоңазытқыш машиналар жүйесінде мұндай жылу берілуі үшін шеңберлік цикл процесінде өзінің агрегаттық қалпын ауыстыра алатын хладагенттің тиісті циркуляциясы қамтамасыз етілуі қажет.

Тоңазытқыш машиналар әртүрлі тоңазыту термо-ұзақтығымен жасалады. Машинаның тоңазыту өнімділгі, яғни салқындату қабілеті, оның салқындатылатын денеден бір сағаттың ішінде қабылдап алынған жылу мөлшерімен анықталады да кДж/сағ-пен өлшенеді. Жұмыстың температуралық шартына қарасты машиналардың тоңазыту өнімділігі кең шекте өзгеруі мүмкін . Бұған хладагенттің булану температурасы және конденсациялану температурасы ерекше зор әсер етеді. Яғни, булану температурасының төмендеуі және конденсациялану температурасының жоғарлауына байланысты машинаның тоңазыту өнімділігі шұғыл төмендейді.

Тоңазытқыштардың тоңазыту өнімділігін салыстырмалы бағалау үшін булану температураларымен және хладагенттің конденсациялануымен анықталатын олардың жұмысының белгілі стандартты жағдайлары қабылданған: булану температурасы (- 150С), конденсациялану температурасы 300С.

Тұрмыстық тоңазытқыштарда қолданылатын, тоңазытқыш машиналардың тоңазыту өнімділігі шкафтың тоңазыту камерасының сыйымдылығы мен типіне қарай 840 кДж/сағ-қа дейін болады.

Қазіргі кездегі тоңазытқыш қондырғылар негізінен компрессиялық типті машиналармен жабдықталады.

Компрессиялық тоңазытқыш машиналар электрқозғалтқыш пен компрессордың орналасуына байланысты ашық және жабық типті болады.

Ашық типті тоңазытқыш машинада электрқозғалтқыш немесе компрессор радиалды орнатылған. Компрессордың иінді білігі таспалы (ременді) беріліс арқылы айналысқа келтіріледі.

Осындай машиналар қазіргі кезде өндірістік тоңазытқыш қондырғыларда қолданылады. Тұрмыстық тоңазытқыштарда көбінесе жабық типті герметикалық агрегаттар қолданылады. Олардың ашық типті тоңазытқыш машиналармен салыстырғанда едәуір артықшылықтары бар.

Герметикалық агрегаттың принципиалды өзгешілігі- компрессор мен электроқозғалтқыш жалпы герметикалық жабық қаптамада бірге орналасуы.

Жүйенің герметикалығы сенімді болу мақсатында жабық типті тоңазытқыш агрегаттарда бөлшектенетін қосылыстар болмайды.

Түтіктер мен дәнекерленген түйіндердің барлық жалғаулары дәнекерленіп және пісіріліп орындалған, пайдалану процесінде хладагент ағып кетпеу мақсатында сальниктер болмайды.

Герметикалық агрегаттар едәуір шағын. Компрессор мен двигательдің жабық қаптамада орналасуы және олардың арасында аралық берілістер болмауы олардың жұмысы кезінде шуылдың едәуір азаюына себебін тигізеді. Герметикалық агрегаттардағы хладагент, сонымен қатар компрессордың үйкелетін бөліктерін майлауға қажетті май тоңазытқыштың көп жылдық қызмет мерзімінде сенімді сақталады.