Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.3 Жұмыстың орындалу тәртібі

Саптаманың геометриялық өлшемдерін өлшеу, чашканың салмағын анықтау.Сусыз да қозғалыста болатын «табақша-клапан» жүйесіндегі таразы табақшасына қойылған жүктің салмағын σжүк анықтау жолымен блоктардың ПӘК анықтау. Содан кейін ПӘК мынаған тең болады.

(2.4)

мұндағы: σкл- клапанның салмағы; σч - табақшаның салмағы.

Резервуарды максималдық деңгейге дейін толтырамыз.Клапанның ауырлық орталығының үстіндегі сұйықтың биіктігін өлшеу керек.Әртүрлі жүктерді табақшаға қойып, клапан ашылған сәттегі жүктің салмағын анықтаймыз. Ыдыстағы судың бес түрлі деңгейі бойынша үш реттен өлшеу жүргізу қажет. Зерттеу нәтижелерін 2.1 кестенің сәйкес бағаналарына жазу керек.

    1. Тәжірибеден алынған шамаларды өңдеу

Дөңгелек клапанға әсерететін гидростатикалық қысым күші былай анықталады:

(2.5)

мұндағы: Н – клапанның ауырлық орталығының үстіндегі су деңгейі.

Клапанның теориялық көтеру күші есептеледі:

(2.6)

Алынған көтергіш күштің шамасын тәжірибелік жолмен алынған шамалармен салыстырамыз, яғни тәжірибелік көтергіш күшпен:

2.1 кесте – Тәжірибелік нәтижелер

Тәжірибе №

Клапанның ауырлық орталығының үстіндегі су деңгейі

Н, (м)

Клапанға әсер ететін гидростатикалық қысым күші

Р,(н)

-

Көтергіш күш

Салыстырмалы қателік

Тәжірибелік Rо, (н)

Теориялық

Rтеор, (н)

1

2

3

Негізгі формулалар:

- қарастырылып отырған нүктедегі абсолюттік (толық) гидростатикалық қысым

- артық (манометрлік) қысым.

- гидростатикалық қысым күші.

- блоктардың ПӘК.

- дөңгелек клапанға әсер ететін гидростатикалық қысым күші.

2.5 Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар

Есеп А4 форматындағы беттерде және титулдық бетпен рәсімделеді, есепке кіретіндер:

2.5.1 Зертханалық жұмыстың атауы

2.5.2 Жұмыстың мақсаты

2.5.3 Тәжірибелік қондырғының сұлбасы және оның сипаттамасы

2.5.4 Жұмысты орындау тәртібі

2.5.5 Тәжірибелік есептеу нәтижелерін енгізу кестесі

2.5.6 Қорытындылар

Барлық аралық есептеулер кестеге енгізілмейді

Бақылау сұрақтары:

1. Гидростатиканың негізгі теңдеуін және өлшем бірлігін жазыңыздар.

2. Артық қысым дегеніміз не?

3. Қай кезде қысымды вакуумметрлік деп атаймыз?

4. Клапанның теориялық көтергіш күші қалай есептеледі?

5. Тәжірибелік көтергіш күш дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Агроскин,И.И.Гидравлика/Г.Т. Дмитриев, Ф.М.Пикалов.-М.: Госэнергоиздат,1964. - 213 с.

2. Башта, Т.М. Гидравлика, гидравлические машины и гидравлические приводы / Т.М. Башта. – М. : Машиностроение, 1970. - 503 с.

3. Большаков, В.А. Гидравлика / В.А. Большаков, В.И Попов. — К. : Высшая школа, 1989.- 213 с.

4. Гаврилов, М. Б. Гидравлика / М.Б. Гаврилов. – Алматы. : КазИТУ, 2004. - 316 с.

5. Гаврилов, М. Б. Гидравлика / М.Б. Гаврилов, Ж.К. Абдикеримов. – Алматы. : КазНТУ им. К.И.Сатпаева, 2000. - 103 с.

6. Киселев, П.Г. Гидравлика / П.Г. Кисилев. – М. : Стройиздат, 1980

№3 Зертханалық жұмыс.Бірқалыпты вертикалды цилиндр пішінді ыдысты айналып тұрған сұйықтың еркін бетінің формасын анықтау

Жұмыстың мақсаты:Бірқалыпты вертикалды цилиндрлі сауытты тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрған сұйықтың еркін бетінің формасын тәжірибелік жолмен анықтау және тәжірибелік нәтижелер мен теориялық есептеулерді салыстыру.

3.1 Жалпы мағлұматтар

тұрақты бұрыштық жылдамдықпен тік өстің бойымен айналыптұрған сұйығы бар цилиндр пішінді ыдыс айналғанда белгілі бір уақыт өткеннен кейіныдыс ішінде салыстырмалы тепе-теңдік күй орнайды (тепе-теңдік тыныштық), бұл кезде сұйық бөлшектері бір-бірімен салыстырғанда және ыдысқа қарағанда араласпайды.

Егер де ыдыс айналмаса –сұйық толық немесе абсолюттік тыныштықта болады (тепе-теңдікте) Онда сұйық бөлшектеріне тек қана төменге бағытталған массалық күш – ауырлық күші әсер етеді. Деңгей беттері (тең қысымды бет) қалыпты вертикалды өс жазықтығы болады - z. Сұйық пен газдың еркін беті (бөлгіш беті) деңгей беті болып табылады (Р=Ратм), сондықтан ол жазық бет болып табылады.

Егер ыдысты тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналдыра бастасақ - w, онда сұйық бөлшектеріне екінші массалық күштер – ыдыстың орталығынан қабырғасына дейінгі радиуста бағытталған инерцияның ортадан тепкіш күші әсер етеді. Айналым басталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң сұйық ыдыстың бұрыштық жылдамдығын алады, ал еркін бетінің түрі өзгереді: орталық бөлігінде сұйық деңгейі төмендейді, қабырғаларында–жоғарылайды және барлық еркін беті қандай да бір айналу бетіне айналады, яғни ол салыстырмалы тепе-теңдік деп аталатын жаңа күйге енеді. Осы жағдайдағы тең қысымды беттің дифференциалдық теңдеуін интегралдау айналып тұрған параболоидтың теңдеуін береді:

(3.1)

мұндағы: w- ыдыстың бұрыштық айналу жылдамдығы;

z-вертикалды координаталары;

r-ағымдағы радиус.