Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб раб ГИТ каз.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

14.5 Зертханалық жұмысының есебін толтыруға қойылған талаптар

Есеп А4 форматтағы беттерде жазылады және титулдық бетпен рәсімделеді. Аралық есептеулер нәтижелері есепке енгізілмейді.

Есепке кіретіндер:

14.5.1 Зертханалық жұмыстың атауы.

14.5.2 Жұмыстың мақсаты.

14.5.3 Негізгі заңдар мен анықтамалар.

14.5.4 Тәжірибелік қондырғының сұлбасы және оның сипаттамасы

14.5.5 Жұмысты өткізу реті

14.5.6 Тәжірибелік нәтижелерді өңдеу

14.5.7 Тәжірибелік және есептік нәтижелер кестесі

Қорытынды.

5.6 Қауіпсіздік техникасына қойылатын негізгі талаптар

Зертханалық жұмысты орындау барысында техникалық қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар мынадай:

- құрылғы тоққа қоспай тұрып ток өтетін элементтердің ақаусыз екенін

тексеріп шығу керек;

- ақаулар болғанда, ток көзінен айырып жүргізушіні ескерту керек;

- токқа соғылу немесе күйіп қалу қауіпсіздігін болдырмау үшін, жұмыс

істеп тұрған құрылғының металл бөліктерімен жанасу болмау керек;

жұмыс соңында құрылғыны ток көзінен айыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Дененің сәулеленуі неге тәуелді ?

2. Интегралды сәулелену ағынының тығыздығы деп нені айтады?

3. Тиімдік сәулеленуі деп нені айтады?

4. Планк заңының анықтамасын беріңіз?

5. Вин заңының анықтамасын беріңіз?

6. Стефан-Больцман заңының анықтамасын беріңіз?

7. Абсолютті қара дененін сәулелену коэффициенті неге тең?

8.Жылулық сәулелену коэффициенті немесе қаралық дәреже дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Баскаков А.П. Теплотехника / А.П. Баскаков, Б.В. Берг, О.К. Витт.- М.: Энергоатомиздат, 1992.- 224 с.

2. Жуковский В.С. Основные теории теплопередач / В.С. Жуковский. – М.: Энергия, 1969.- 224 с.

3. Кабашев Р.А. Жылу техникасы / Р.А. Кабашев, А.К. Кадырбаев, А.М. Кекилбаев. – Алматы.: Бастау, 2008.-425 б.

4. Лариков Н.Н. Общая теплотехника / Н.Н. Лариков. – М.: Стройиздат, 1975.-559 с.

5. Нащокин В.В. Техническая термодинамика и теплопередача / В.В. Нащокин. - М.: Высшая школа, 1975.- 496 с.

№15 Зертханалық жұмыс. Ауаның еркін қозғалысындағы жылубергіштік коэффициентін анықтау

Жұмыстың мақсаты: Тәжірибе жолымен шектелмеген кеністікте ауаның еркін қозғалуындағы жылубергіштік коэффициентін тәжірибе жолымен анықтау. Жанасудын және сәуле шығарудын жылубергіштік коэффициентін есептеумен анықтау.

15.1 Жалпы мағлұматтар

Қатты дене бетімен сұйық немесе газтәрізді орта арасында жылу алмасу процесін жылубергіштік деп атайды.

Техникада сұйық жылутасығыш ретінде әр түрлі заттарды пайдаланады: ауа, газ, май, мұнай, спирт, сынап балқытылған металдар және т.б. Осы заттардың физикалық қасиетіне қарай жылубергіштік процестері әртүрлі өтеді.

Жылу алмасу процесіне үлкен әсер ететін жылу өткізгіштік коэффициенті- , меншікті жылусыйымдылық – с, тығыздық- , температура өткізу коэффициенті - а, динамикалық тұтқырлық коэффициенті- .

Әр түрлі дене сұйық ағынымен жуылғанда, бет манында үйкеліс күштері салдарынан ағынның жылдамдығы нольге дейін төмендейді.

Ағынның жылдамдығын нольге дейін өзгертетін бет маныңдағы сұйықтын жұқа қабатын гидродинамикалық шекаралық қабат дейді.

Ағын жылдамдығының артуы шекаралық қабаттың қалындығын ағынмен жуып кету салдарынан жұқартады, ал жылутасығыштың тұтқырлығының жоғарылауы гидродинамикалық шекаралық қабаттың қалындығын арттырады.

(15.1)

Жылубергіштікке көп әсер ететін беттің пішінімен өлшемі, осы өлшемдерге байланысты сұйықтың қысымымен шекаралық қабатының қалындығының сипаты өзгереді.

Бір секундта қоршаған ортамен жылумен алмасатын жылу мөлшерін немесе жылу ағынының тығыздығы Ньютон заңына сәйкес дене беті температурасымен ТП қоршаған орта температурасының ТС айырымы мен дене бетінін ауданына пропорцианалды, яғни:

N = , [Вт] (15.2)

мұнда F= ∙d∙L; d = 0,06м цилиндрдің диаметрі, L = 0,35м цилиндрдің ұзындығы;

α - пропорционалды коэффициентті жылубергіштік коэффициенті деп атайды, бұл денемен қоршаған орта арасындағы жылуалмасу қаркындығын сипаттайды.

Жылубергіштік коэффициент дененің бірлік бетінен ортаға температуралар айырымы бір градус болғандағы берілетін жылу мөлшеріне тең болады және өлшем бірлігі [Вт/м2∙К].

Жылубергіштік коэффициенті дене қоршаған ортамен әсерлесуін анықтайтын көп факторларға тәуелді (ортаның жылдамдығы мен сипаты, жылуфизикалық қасиеті, дененің өлшемі және конфигурациясы, дене бетімен қоршаған ортаның температуралары, ж.т.б.).

Қоршаған ортамен және беттер өзара жылу мөлшерімен алмасуы келесі жылудан құрылады:

- орта және дене беті тікелей жанасу арқылы (конвекция, жылуөткізгіштік);

- арақашықтықта жылу беру (сәуле шығару).

Осыған сәйкес жылубергіштіктін жалпы коэффициенті жанасудын жылубергіштік коэффициентімен сәуле шығарудын жылубергіштік коэффициентінің сомасына тен, яғни:

, [Вт/м2∙С] (15.3)