Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.

Бақылау Құмырсқалар және құмырсқа илеуiмен балаларды таныстыруды жалғастыру; бақылау кезінде құмырсқалардың үлкен жанұялармен өмiр сүретiніне көңiл аудару, сүйiр үйлердi салады - бiр тал шөптер, қылқан жапырақ, тағы басқа материалдардан (балапан құрттарды асырайды), (минутына 100 шынжыр табандары) зиянды шыбын-шiркейлерді құрта отырып, пайда әкеледі.Ауа райын құмырсқа илеуi арқылы болжауға болатын балаларға көрсету: егер барлық жолдары ашық және еркін жүрсе, онда жақсы ауа райының нысанын білдіреді.Балаларға құмырсқа илеуiн қоруы керек болатыны жөнінде қорытынды жасау.

Жұмбақ:

Екі басы жұдырықтай

Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа)

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

(Құмырсқа)

Тақпақ:

«Құмырсқа мен Мұрат» С. Оспанов

Таңнан кешке құмырсқа

Жалықпайды жұмысқа.

Ерінбейді Мұрат тек

Тұруға кіл бұрышқа.

Тыйымдар:

Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіңе кесапаты тиеді.

Қимылды ойын

«Бота» Шығармашылық, ұйымдастырушы және бастамашылық қабiлеттiлiктердi жетiлдiру.Қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруға тәрбиелеу.

Еңбек іс-әрекеті

«Құмырсқа илеуi үшiн қоршаулар» Құмырсқа илеуiн балаларға қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; жануарларды күту талабын жетiлдiру. Еңбек дағдыларын жетiлдiру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Болмаған нәрсені кім көбiрек байқайды» Табиғатта маусымды құбылыстар туралы ұсынысты бекiту; елестету, ықыласты жетiлдiру.

Тапсырма. Қант шақпағын қою. Минуттан соң ештеңе қалмайды.

Қорытынды. Құмырсқалар тәттiні жақсы көредi.

Өзіндік іс-әрекеті

Игерілген норма мен ережелерді орындауға балаларды ойын барысындағы қарым қатынастарға икемдеу(тәртіп мәдениеті, достық сезім, ұжымдық қарым қатынастар).

23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)

Бақылау

Бақаларды бақылау үшін банкіге салады. Бақылау барысында байқауға болады,бақаның терісі жұмсақ, жасыл түсті, оның тісі бар,олардың қосмекенділерге жататынын айқындау қажет, яғни ол суда да , құрғақта да өмір сүреді, бірақ уақыттың басым көпшілігін суда өткізеді- жүзеді,жерде секіреді, тамақтану барысында ол тілін бірнеше сантиметрге жібереді.

Тiлі сұйық кілегейімен жабылған, оған шыбын, масалар жабысады, құрттармен және шынжыр табандармен қоректенедi. Артқы аяқтары,алдыңғы аяқтарынан әлдеқайда ұзындау, сондықтан ол жүре алмайды, ол секiредi. Балаларға бақаның пайда әкелетiнiн атап өту: зиян келтiрушi- шыбын-шiркейлерді жейді. Бақаның пайда әкелетінін, құрт құмырсқаларды жейтінін, өсімдік жапырақтарын және сабағын жейтінін атап өту керек.

Мақал-мәтел:

1.Қалған көлге бақа айғыр.

2.Бақа батпағына

Балық көліне.

Тақпақ:

«Бақа» С. Оспанов

-Білесің бе,

Бақаны

Бақа деп неге атады?

-Өйткені олар әрдайым

«Бақ-бақ» десіп жатады.

Қимылды ойын

«Бақалар»

Алаң бойынша алға секіре, төрттағандап қозғалуға үйрету, орыннан ұзындығына секiре білуге үйрету. Секiрулердi табиғилық, жеңiлдiк және жаттығуларды орындауды дәлдiк дегенiне жете жетiлдiру.

Еңбек іс-әрекеті

«Құм салғыштан шашылған құмды учаскеден жинастыру» Учаскеде құмды өз ынтасымен жинастыруға үйрету; тазалыққа және ретке келтіру әдеттiн қалыптастыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Кім бұл тап?»

Сипатты белгілері бойынша учаскеде қоректенетін , құрт құмырсқаларды, құстарды, өсімдіктерді бейнелеп айтуға үйрету; заттың белгісі мен әрекетін білдіретін сөз құрамын ұлғайту.

Өзіндік іс-әрекеті

Балалардың ойын кезінде бір бірімен араласа білуін жетілдіру, өз әрекетімен қылықтарын көрсете білуге үйрету, өз пікірінде тұруға; өз қатарласының ұсынысымен келіспеушілігін дұрыс жеткізе білуге, оның рөлді, ойыншықтарды, міндеттерді дұрыс бөлуін қадағалау.