- •2.Күнді бақылау
- •3. Желді бақылау
- •4.Аспанды бақылау
- •5.Жауын, бұршақты бақылау
- •6.Кемпірқосақты бақылау
- •7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
- •8.Өзенді бақылау
- •9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)
- •11. Терек бүршігін бақылау
- •10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
- •12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
- •13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
- •15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)
- •16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру
- •17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.
- •18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
- •19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
- •20. Құрт- құмырсқаларды бақылау (инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)
- •21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау
- •22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
- •23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)
- •24. Кесiрткені бақылау
- •25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.
- •26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.
- •27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.
- •28.Заттардың көлеңкесін бақылау.
- •29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.
- •30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
- •31. Кішкентай балаларды бақылау .
12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
Бақылау
Балаларды ағаштардың құрылымын салыстырумен қарастыруға қызықтыру – шырша мен қарағай; олардың белгілерін ажыратуға үйрету: бұтақтардың қалыңдығы мен орналасуы (қарағайда бұтақтары жоғары, шыршада төменіне дейін); олардың бояулары (қарағай – ақшыл, шырша - жасылдау); жапырақты және жөке ағаштарын салыстыру, ерекшеліктерін көрсету: жөке ағаштары жіңішке, ұзын және жапырақтары ине тәріздес қатты келеді.
Жұмбақ:
Үстінде жасыл тоны бар.
Балаларды қуантар.
(Шырша)
Тақпақ:
Шасыл шырша жанында
Би билейміз қуанып.
Тақпақ айтып, ән айтып,
Шаттанамыз бәріміз.
Қимылды ойын
«Шәпкеңді тап»
Жоғарыға секіруге үйрету; физикалық сапасын шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру
Еңбек іс-әрекеті
Жөке ағаштарының маңайын қазу
Жөке ағаштарын жинастыруға, ағаштарға жақсы қарауға шақыру. Жинақылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Бір сөзбен айт»
Заттарды жинақтауға үйрету, оларды өз сөздерінде қолдануды жалғастыру.
Эксперимент. Өсімдіктердің суға түрлі талаптарын көрсету. Әр түрлі өсімдікке бірдей деңгейде су құю.
Қорытынды. Әр түрлі өсімдікке әр түрлі деңгейде су қажет.
Өзіндік іс-әрекеті
Балаларды өзінің орнын сақтауға үйрету. Ойын жүрісінде қажет болған жағдайда 2-3 рөлдерді де орындауға үйрету; қарым-қатынас ережелерін білу – бірдей құқықты болу, басқару.
13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
Бақылау
Балалардың бұта жайлы білімдерін бекіту және жетілдіру. Олардың жапырақтары, түстері, жемістері арқылы атауға үйрету. Салыстыру кезінде жұпаргүлдің жемісі болмайды, ал долана мен балмұрынның жемістері денсаулыққа пайдалы.
Мақал-мәтел:
Жақсы – елдің мақтаны,
Жұпаргүл – елдің мақтаны.
Тақпақ:
«Шие ағашы» С.Оспанов
Қарашы анау шиені:
Бойына су, нәр берген,
Сымбат берген, сән берген
Жерге басын иеді.
Қарашы анау шиені:
Жасыл бояу жағынған,
Қызыл моншақ тағынған
Оны бәрі сүйеді.
Қарашы анау шиені:
Теріп ал деп жемісін,
Бойы құйттай сен үшін
Бұтақтарын иеді
Қимылды ойын
«Жылдам орамал» (қазақ ұлттық ойыны)
Ойында өз ісінің және қалған ойыншылардың тәртібін дұрыс және әділ бағалауды үйрену. Балалардың күнделікті белсенді қозғалысқа деген қажеттеліктерін қалыптастыру.
Еңбек іс-әрекеті
Бақшаны суару
Балаларды өсімдіктерге жақсы қарауға үйрету. Жұмыс уақытында талпынуға, талаптылыққа, өсімдіктерге деген сезімталдылықты тәрбилеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Орын алған сұрақтар»
Сұраққа жауап беру, бұта жайлы көріністерід кеңейту, ойлау қабілетін дамытуды жетілдіру.
Өзіндік іс-әрекеті
Балаларды ойын уақытында бір-бірімен араласуды, ойыншылардың тәртібіне өзінің қарым-қатынасын білдіруге машықтау.
14. Шөп-шалаңды өсімдіктерді бақылау
Бақылау
Балаларды алаңда өсетін шөп-шалаңды өсімдіктермен таныстыру; өсімдіктің дамуы мен өсуі жайлы көріністерді қалыптастыру; өсімдіктің жеке құрылымымен таныстыру (тамыр, жапырақ, гүл), олардың әр өсімдікте әр түрлі екендігін түсіндіру: шөп-шалаңды өсімдіктер гүлдейді.
Мақал-мәтел:
1.Сусыз жердің шөбі аясыз.
Ұлсыз ердің малы аясыз.
2.Тікеннен гүл,
Заһардан бал.
Қимылды ойын
«Құлындар»
Белгі бойынша бірінің артынан бірі болып дөңгеленіп жүруге үйрету. Шыдамдылыққа үйрету.
Еңбек іс-әрекеті
Атыздардың арам шөбін отау.
Балаларды атыздардың арам шөбін отауға , жұмысты өз еркімен ықыласты жасауға үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
Эксперимент.. Екі атызға сым тарту(біреуінің арам шөбін жұлып тазарту,екіншісініңарам шөбін жұлмалау..
Қорытынды. Шөп-шалаң жоқ жерде жемістер жақсы өседі, яғни атыз жемістерге ылғалмен күннің жақсы жетуі үшін қажет.
«Не өседі, гүлденеді, толықсиды?»
Аталмыш жерде кең таралған өсімдіктер жайлы түсіндіру.
Өзіндік іс-әрекеті
Балаларды құрастыру ойынына қажетті лерді жинастыруға; ойында табиғи заттарды қолдануға үйрету.
