- •2.Күнді бақылау
- •3. Желді бақылау
- •4.Аспанды бақылау
- •5.Жауын, бұршақты бақылау
- •6.Кемпірқосақты бақылау
- •7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
- •8.Өзенді бақылау
- •9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)
- •11. Терек бүршігін бақылау
- •10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
- •12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
- •13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
- •15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)
- •16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру
- •17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.
- •18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
- •19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
- •20. Құрт- құмырсқаларды бақылау (инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)
- •21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау
- •22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
- •23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)
- •24. Кесiрткені бақылау
- •25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.
- •26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.
- •27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.
- •28.Заттардың көлеңкесін бақылау.
- •29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.
- •30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
- •31. Кішкентай балаларды бақылау .
30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
Бақылау.
Балалардың үлкендер еңбегі туралы – жұмысшылардың жолды жөндеуі,еңбек мөлшері туралы ұғымдарын кеңейтуді жалғастыру(асфальттың ескі қабатын алу,ұсақталған тас қабатын төсеу,құм,катокпен тегістеу,ыстық смоланы құю,асфальт қабатын төсеу),механикаландыру рөлі(адамның ауыр еңбегін машиналар ауыстырады- каток,жүк машиналары және т.б.).Машиналар адам еңбегін жеңілдетеді қорытындыға келтіру.Еңбектену қажеттілігіне және еңбек адамдарын сыйлауға тәрбиелеу.
Жұмбақтар:
1.Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.
(Автобус)
2.Далаға құрған өрмегім, үстінен зулап келемін.
(Теміржол)
Жаңылтпаш:
Вова Васяның вагон ойыншығын алып,
Васяға вагон ойыншығын Вова бермеді.
Мақал-мәтел:
Жан қиналмай
Жұмыс бітпес.
Талап қылмай
Мұратқа жетпес.
Тақпақ:
Жолың болсын! Н. Айтов
Атам шықса сапарға
-Жолың болсын! – дейді апам.
Апам шықса сапарға
-Жолың болсын, - дейді атам.
-Жолың болсын дейді олар,
Үлкенге де кішіге.
Қимылды ойын
«Өрт сөндірушілер жаттығу үстінде»
Эстафетаны беру,колоннаға тұру,екі топқа бөліне білуді бекіту.Бір баспалдақ аралығынан екінші аралыққа өту,гимнастикалық қабырғаға шыға білу.Өзара көмектесуді өз бетінше дамыту.
Еңбек іс-әрекеті.
Көкөністерді жинағаннан кейін жүйелерді қазу.Көкөністерді егуге жерді дайындауға үйретуді жалғастыру,көкөністерді күте білуді жетілдіру.
Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.
«Неге»
Сұраққа дұрыс жауап беруді үйлестіруді бекіту,қоршаған әлем туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Өзіндік іс-әрекеті.
Балалар ойынының мазмұны мен тақырыбын байыту және дамыту.Өз пікірін қорғай білуді жетілдіру,құрбыларының пікірлерімен келіспейтінін әдепті түрде білдіруді дамыту, рөлдерді бөлу қызметін,ойыншықтарды, міндеттерді бөлісуді дамыту.
31. Кішкентай балаларды бақылау .
Бақылау.
Балалар бөліміне бару. Балалардың жазда қалай киінетіндеріне назар аудару:жеңіл көйлектер,шолақ шалбар, бас киімдер – орамалдар, жеңіл қалпақтар(күннің көзі басты қыздырмас үшін), жазғы киімдер ашық түсті болуға тиіс екеніне көңіл аудару(қошқыл киімдер күн сәулесін тартады). Өлі табиғаттың жазғы құбылыстары туралы білімін бекіту, ауа райына, кезеңге байланысты киімдер, жыл мезгілдерінің киімдерін салыстыру,еске алу.Балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру.Ізгілік және қамқорлық сезімін тәрбиелеу.
Мақал-мәтел:
1.Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
2.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
Тақпақ:
«Іні» Е. Өтетілеуұлы
«Бір ісіме қапа ма»
Деп қарайды апама
Сипаттырып басынан
Еркелейді атама.
Қимылды ойын
«Жұппен жарыса жүгіру»
Белгі бойынша қолдарынан ұстасып жұппен жарыса шапшаң жүгіруді бекіту.Күнделікті белсенді қозғалтқыш қызметінің қажеттілігін қалыптастыру.
Еңбек іс-әрекеті
Ойыншықтарды жөндеудің жеңіл жұмыстарын өз ықыласымен жүргізуге балаларды үйрету,басталған істі соңына дейін жеткізу ықыласын тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.
«Салыстырулар»
Тәрбиеленушілермен ұсынылған пәндерді салыстыра білуді бекіту;пәндер туралы әңгімелерді құрастыра білуді жетілдіру.
Өзіндік іс-әрекеті.
Балаларда өз іс-әрекеттерін ойын бойынша әріптестерінің іс-әрекеттерімен келісе білуді дамыту.
