- •2.Күнді бақылау
- •3. Желді бақылау
- •4.Аспанды бақылау
- •5.Жауын, бұршақты бақылау
- •6.Кемпірқосақты бақылау
- •7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
- •8.Өзенді бақылау
- •9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)
- •11. Терек бүршігін бақылау
- •10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
- •12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
- •13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
- •15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)
- •16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру
- •17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.
- •18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
- •19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
- •20. Құрт- құмырсқаларды бақылау (инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)
- •21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау
- •22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
- •23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)
- •24. Кесiрткені бақылау
- •25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.
- •26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.
- •27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.
- •28.Заттардың көлеңкесін бақылау.
- •29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.
- •30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
- •31. Кішкентай балаларды бақылау .
18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
Бақылау
Бақта және жазықта өсетін гүлдер туралы білімін жүйелеу және бекіту.Гүлдің құрамы неден тұратынын түсіндіру:Сабағы, түбірі, жапырағы, гүлденуі; гүлдер қалай көбейеді. Жаз басында гүлдер сары болады, содан соң ақ, жаздың аяғында ақшыл көк, қызыл болады; тәңертең гүл түбірі ашылады,кешке жабылады; түстердiң молшылығы және алуан түрлiлігiн меңгерту. Мәдени және жабайы өсетін гүлдердің ұқсас белгілерін байқап, тәрбиешінің басқаруымен балалар мынадай қорытынды жасауы мүмкін:гүлдің мәдени формасы ірі,бақта өсетін гүлдер түстері жағынан әр түрлі,себебі оларды адамдар күтіп,баптайды.Гүлдердің әсемдігін қызықтай білуге тәрбиелеу және топты безендіруге қанша гүл керек болса,сонша жинау.
Жұмбақ:
Құлпырса, қадірлейді, аялайды, қураса, сыпырғышқа жарамайды.
(Гүл)
Мақал-мәтел:
Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес.
Тақпақ:
«Көктем келді гүл алып» Ө. Тұрманжанов
Көктем тілін ұғайық.
Қызғалдақты терейік,
Теріп үйге келейік.
Көбелектей киінген.
Гүлді көріп сүйінген.
Қимылды ойын
«Аю және ара»
Белгіні естіп тапсырманы жылдам орындай білуге,шыдамдылыққа ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Еңбек іс-әрекеті
Топты әсемдеу үшін гүлдерді жинаймыз.
Әсемдікті сезіне білуге,гүлдерді түбірсіз жұлуға,бірлесіп еңбектенуге тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Қандай гүл екенін ойлап тап ?»
Балаларды сипаттама бойынша гүлдерді ойлап табуға; гүлдерді айыра білулерін бекіту.
Өзіндік іс-әрекеті:
Өздерінің еріктері бойынша ойын түрлерін таңдау.Ойын ойнау кезінде белсенділік таныта білуге тәрбиелеу.
19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
Бақылау
Саңырауқұлақтардың атауын толықтыру және нығайту (бөлімшеде өсетін улы саңырауқұлақ,сурет бойынша және қозықұйрық орманда өсетін саңырауқұлақ); құрылысына көңіл бөлу керек (шәпкесі әр түрлі, аяғы- ақ),саңырауқұлақтар нақты орындарда өседі, яғни нақты ағаш және қуыстарда өсуге бейімделген(терекқұлақ көктеректе, маслята қарағайда, ақ саңырауқұлақ қайыңда); зиянды және жейтін саңырауқұлақтарды ажырата білу керек. Ережесімен таныстыру: саңырауқұлақты, егер білмесең жұлмау керек; қажет болмаса жұлмау керек( тіпті зиянды саңырауқұлақты аңдар жейді); түбіріне зақым келмеу үшін саңырауқұлақты пышақпен кесу керек. Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Жұмбақ:
Сырты бүтін,
Іші түтін
(Саңырауқұлақ)
Мақал-мәтел:
1.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің,
2.Тамақтан өткеннің бәрі тамақ.
Тақпақ:
«Саңырауқұлақ тергенде» С.Оспанов
Айтайын қызық сендерге:
Саңырауқұлақ тергенде
Тығылып жерге қалғандай,
Біреулер теріп алғандай,
Қойғандай елді жақтырмай,
Жатады екен таптырмай.
Қимылды ойын
«Адымдарды сана»
Адымдарды санауды бекiту; (адымдардың санын аз жасай отырып) тапсырма бойынша алаңда қозғалу. Кеңiстiкті бағдарлай білуге бекiту.
Еңбек іс-әрекеті
Қажеттілік бойынша
Учаскіде үнемі тазалықты сақтауға қоқыстарды жинауға тәрбиелеу (бұтақша және тағы басқалар.). Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Саңырауқұлақты кім бірінші жинайды?»
Жеуге келетін және жеуге келмейтін саңырауқұлақты ажырата білу және тани білу; өз таңдауын негіздеу.
Өзіндік іс-әрекеті
Ойын кезінде балалар іс-әрекеттерін бір-бірімен келісе отырып жетiлдiру.
