Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

28.Заттардың көлеңкесін бақылау.

Бақылау.

Күннің жоғары тұрғанын анықтау, заттардың көлеңкесін,таңертең балалардың өздерінің көлеңкесін күн әлі жоғары шықпағанда және күндіз,ол әлі бастан жоғары тұрғанда бақылауға болады,көлеңкенің ұзындығын өлшеу,көлеңкеде заттар суығырақ, күннің көзінде жылырақ болатынына көңіл аудару.Балаларды күн аспанда қозғалады деген қорытындыға келтіру.Бақыланған затқа қызығушылығын ояту.

Жұмбақ:

Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.

(Көлеңке)

Қимылды ойын

«Қақпашы»

Жарысу элементтері бар спорттық ойындарға қызығушылығын дамыту.

Еңбек іс-әрекеті.

Жиналған табиғи материалдардан панно құрастыру.

Белсенділігін дамыту,жұмыстың үнемді әдістерін үйрету,Еңбек қызметінің мәдениетін тәрбиелеу,өз еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Жануарды тамақтандыр»

Аталған жануарлар,жәндіктер,құстар қалай,немен тамақтанатыны туралы балалардың білімдерін бекіту.Жарысқа қатысу ықыласын,сұраққа тез жауап бере білуін дамыту.

Эксперимент. Таңертең және түсте көлеңке биіктігін өлшеу.

Қорытынды.Күн аспанда жылжығандықтан көлеңке биіктігі өзгереді.

Өзіндік іс-әрекеті.

Балалардың өзіндік ұжымының даму негізі ретінде дұрыс нысанды қарым-қатынас топтарын пайдалану.Ұялшақ,жасқаншақ балаларға ойынға кірісуге көмектесу,өте белсенді балалардың өзінің серіктестерінің ынтасын баспауын қадағалау.

29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.

Бақылау.

Жайылымдағы өсімдіктер туралы білімді анықтау және бекіту,шөпті шауып жатқан бағбанды қадағалау,жайылымдағы шөп биік және шүйгін екенін және де оны үй жануарларына қысқа азық үшін шауып алатындығын атап өту;шабылған шөптен кепкен хош иісті пішен шығады.Адамдардың еңбек маңыздылығы туралы,азық өсімдіктерінің құндылығы туралы түсінікті қалыптастыру.Бұрын шөбі болған алаңқайды салыстыру,шөп қайтадан өскені,гүлдердің пайда болғаны туралы қорытынды жасау.Еңбек құралдарының атауларын анықтау:тырнауыш,айыр,пішен шабатын машина.Үлкендердің еңбегін құрметтеуді тәрбиелеу.

Жұмбақ:

  1. «Айт!» десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес.

(Шөп)

Мақал-мәтел:

1.Шебердің қолы көпке ортақ.

2.Орайы келсе орақ ор,

Кезі келсе кетпен шап.

3.Жас күніңде еңбек қылсаң,

Есейгенше жетілерсің.

Тақпақ:

«Кетпен» Ш.Сәниев

Мен – кетпенмін, кетпенмін

Мұраппен бір өткен күн.

Арық аршып, су басып,

Бау-бақшаға жеткенмін.

Ырым.

Егер шөп шуласа – ашық ауа райы болады.

Қимылды ойын

«Чехарда»

Аяқтарын екі жаққа созып, сүйіліп төрт аяқтап тұрған серіктестерінен секіріп өту шеберлігін бекіту.Күш-қуатты,шыдамдылықты дамыту.

Еңбек іс-әрекеті.

Шамаға шақ бағбанға көмектесу

Еңбек қызметі процесінде балаларда еңбекті сүю ,ортақ пайдаға еңбек ету ынтасын,жауапкершілікті тәрбиелеуді жалғастыру.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Сипап,иіскеп біл»

Көкөніс,жемістерді сипап ажыратуды,гүлдерді иіскеп білуді үйрету;ойын ережелерін орындау.Адалдыққа тәрбиелеу.

Эксперимент.Шабылған шөпті күннің астында және көлеңке жерде қалдыру.

Қорытынды.Күннің астындағы шөп көлеңкедегі шөпке қарағанда тезірен құрғап қалды.

Өзіндік іс-әрекеті

Балалар қоғамы өмірінің ұйымдастыру нысаны ретінде тұрақты балалар ойындарының біріктіруін пайда болуы мен балалардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынас қалыптастыру сияқты ойын дамуына үлес қосу.