- •2.Күнді бақылау
- •3. Желді бақылау
- •4.Аспанды бақылау
- •5.Жауын, бұршақты бақылау
- •6.Кемпірқосақты бақылау
- •7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
- •8.Өзенді бақылау
- •9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)
- •11. Терек бүршігін бақылау
- •10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
- •12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
- •13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
- •15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)
- •16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру
- •17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.
- •18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
- •19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
- •20. Құрт- құмырсқаларды бақылау (инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)
- •21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау
- •22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
- •23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)
- •24. Кесiрткені бақылау
- •25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.
- •26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.
- •27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.
- •28.Заттардың көлеңкесін бақылау.
- •29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.
- •30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
- •31. Кішкентай балаларды бақылау .
10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
Бақылау
Бөлімшеде өсіп тұрған ағаштарды ажыратуға және атын атауға үйрету(жапырағы,түбірі, тұқымы бойынша); жазда ашық жасылды бұтақтардың көбейгеніне көңіл аудару керек, көлеңке түседі, сондықтан ыстық күндерде орманда салқын; Ағашты ұрығымен салыстыруға үйрету(мысалы, алма бағымен), бала бақшаның территориясында өсіп тұрған, айырмашылығын атасақ жемісі бар. Бұтақтың иілуіне қарай,ағаштағы жапырақтар бояуы мен түрлерінің әр түрлілігін салыстыру кезінде көрсету керек.Туған өлкесінің табиғатына сүйіспеншілік танытуға тәрбиелеу.
Жұмбақтар:
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң – жаның рахат табады.
(Ағаш)
Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады.
(Жапырақ)
Мақал-мәтел:
Бұтаға паналаған торғай да аман қалады.
Тақпақ:
«Көбейсін жасыл көшелер» М. Зайтов
Үйеңкі терек қарағай…
Бойлай өсті кұн сүйіп.
Көшемізде жағалай
Қимылды ойын
«Атам, менің атам»( армян халық ойыны)
Өз бетінше сергектік ойынын, физикалық сапасын, шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.
Еңбек с-әрекеті
Ұқсатып жасау үшін мақта, бұтақ, түбірлерді жинау
Өз бетінше бұтақ, түбірлерді ұқсатып жасау үшін әдетке айналдыруды жалғастыру. Жинақталған материалдарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Жапырағы бойынша ағашты таны»
Ағаш туралы білімін нығайту, жапырағы бойынша оларды тануға және ажыратуға үйрету.
Эксперимент.Екі өсімдікті қадағалау: біріншісін тыңайтқышпен тамақтандыру, екіншісін суғару.
Қорытынды. Өсімдіктер өсу үшін тыңайтқыш қажет.
Өзіндік іс-әрекеті
Ойын барысында балаларды ойыншықтарын айырбастауға, жинақтауға, ойын сюжетімен таңдап алынған тақырыпқа сәйкес әр түрлі қосымша материалдардың көмегіменойын үшін жағдай туғызу,өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды қолдану.
11. Терек бүршігін бақылау
Бақылау
Табиғаттың ең жақсы құбылыстарын бақылаудың бірі – терек бүршігінің пайда болуы. Терек бүршігінің пайда болуы жаздың басталуын білдіреді. Ағаш тұқымы – терек деген пікірді қалыптастыру; толықсыған кезде желмен, сумен шайылады, жануарлардың терілеріне жабысып басқа жерде өскендіктен бүршік – тұқым деген білімді жетілдіру. Терек бүршігі пайда болған кездегі өзін далада қалай ұстаудың ережелерімен таныстыру.
Мақал-мәтел:
Бір тал кессең, он тал ек.
Жаңылтпаш:
Кеспе өссін тал,
Өссе өсімтал,
Өссе өссін тал
Кеспе, өссін тал.
Қимылды ойын
«Ақсақ үйрек» (украин ұлттық ойыны)
Алаңда бір аяғымен жүре білуді жетілдіру, мына сөзден кейін осындай қозғалыс жасау: «Күн шықты, ойын басталды»; ойын шарттарын сақтау(екі аяғын қатар жерге қоймау керек).
Еңбек іс-әрекеті
Алаңды терек бүршігінен тазарту
Балаларды алаңда тазалықты және тәртіпті сақтауға, қоғам мүддесіне жұмыс істеуге үйрету.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Қайсысы жеңіл?»
Қоршаған орта жайлы білімді жетілдіру; сұрақтарға жауап беру: Қайсысы жеңіл: капуста немесе қияр? т.б.
Өзіндік іс-әрекеті
Балаларды құрастыру ойынына қажеттілерді жинастыруға; ойында табиғи заттарды қолдануға үйрету.
