- •2.Күнді бақылау
- •3. Желді бақылау
- •4.Аспанды бақылау
- •5.Жауын, бұршақты бақылау
- •6.Кемпірқосақты бақылау
- •7.Күннің күркіреуін, найзағайды бақылау
- •8.Өзенді бақылау
- •9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)
- •11. Терек бүршігін бақылау
- •10.Ағаштарды бақылау(қайың,терек,үйеңкі) Жеміс ағаштарымен салыстыру(алма).
- •12. Шырша, қарағай жөке ағаштарын бақылау. Жапырақты ағаштармен салыстыру.
- •13. Бұтаны бақылау (жұпаргүл, балмұрын, долана, шие). Оларды салыстыру.
- •15. Емдік өсімдіктерді бақылау (жусан, қалақай, түймедақ)
- •16. Жидектерді бақылау (құлпынай, бүлдірген). Жабайы өсетіндерді салыстыру
- •17. Шөпті өсімдіктердің гүлденуін бақылау.
- •18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру
- •19. Саңырауқұлақтарды бақылау. Суреттер бойынша анықтау: (ақ, саңырауқұлақ, қоңыр саңырауқұлақ, түлкiшек жеуге жарайтын, қозықұйрық, маслята ), зәрлi (шыбынжұт,жалған бозарыңқы улы саңырауқұлақ)
- •20. Құрт- құмырсқаларды бақылау (инелiк, ара, маса, шыбын, көбелек)
- •21. Зиян келтiрушi құрт-құмырсқаларды бақылау
- •22. Құмырсқаларды және құмырсқа илеуiн бақылау.
- •23. Бақаны бақылау(қосмекенділер)
- •24. Кесiрткені бақылау
- •25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.
- •26.Көкөністерді (қырыққабат, қызылша, қызанақ, бұршақ) қадағалау, оларды салыстыру.
- •27.Термометр көмегімен ауа температурасын бақылау.
- •28.Заттардың көлеңкесін бақылау.
- •29.Шөпті шауып жатқан бағбанды бақылау.
- •30.Жолды жөндеу жұмысын бақылау.
- •31. Кішкентай балаларды бақылау .
4.Аспанды бақылау
Бақылау
Балаларға аспанның әсемдігін көруге үйрету; қадағалау барысында бұлтты ажырата білу, аспан бұлтты, бұлтсыз екенін айту керек. Табиғатта судың ауыспалы айналымы жөнінде түсініктемені толықтыру және бекіту; ең бастысы желдің бұлтты қалай қалыптастыратыны жөнінде түсініктеме беру. Бұлттың қозғалысы және өзгерісі жөнінде бақылағанда қадағалауды дамыту. Ашық аспанда бұлтты байқау жеңілірек, оның баяу қозғалатынын, бірте- бірте көбейіп, өзінің түрін өзгертетінін,мақтаға ұқсайтын массаға айналатынын, немесе, керісінше,азайып және еритінін атап өтуге болады.Табиғаттың әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу.
Жұмбақ:
Көзі жасты – жылауық, келе жатыр бір алып.
Жабырқаса, жылайды, жадыраса құлайды.
(Бұлт)
Тақпақ:
-Ақсың, сұрсың, қарасың,
Қайда қалқып барасың?
-Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер, көп егін!
-Гүл-гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең, нөсерлет.
Қимылды ойын
«Дөңгелек лапта»
Екі топқа бөліне білуге үйрету, ойыншыларға допты лақтыру, ойын тәртбін сақтай отырып(сызықты баспай).Қозғалыс координациясын дамыту.
Еңбек әс-әрекеті
Атыз арасындағы шөптерді отау және жинау
Атыз маңайындағы жолдарды өз бетінше тәртіпке келтіру, тазалықты сақтау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Не жөнінде айтылады»
Сипатты белгісі бойынша табиғат құбылысын шеше білу(жарқырайды, аспан, бұлыңғыр найзағай ойнайды).
Өзіндік іс-әрекеті
Балаларды өз бетінше ойын тақырыбын таңдауға, қоршаған ортаның жағымды жақтарын қадағалау кезінде алынған тәжірибе кезіндегі сюжетін дамытуға үйрету. Ойынның бірыңғай сюжетінде бейнеленген, әр түрлі қайнар көздерінен алынған білімдерін ұштастыруға үйрету.
5.Жауын, бұршақты бақылау
Бақылау
Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл қараңғы, қалың бұлттар. Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер тамшылар кішірек болса -жауын сіркірейді,ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр бағыта болса- тікелей, қисық).Жазда жауын әр түрлі болатынын түсіндіруді қалыптастыру. Жылдың жылы уақытында жауынның орнына бұршақ жаууы мүмкін –бұл мұз жауынның қатқан тамшылары. Егер бұршақ өте ауыр болса, олар жерге түседі. Қорытындылай келе, бұл ауа температурасына байланысты болатынын атаған жөн. Жерден жоғары ауа өте суық, ол жер буынын суытады. Жазда жансыз табиғат құбылысына қызығушылығын дамыту.
Жұмбақтар:
Тіл былдыр, үні сылдыр
(Жаңбыр)
Қырда қылыш жарқылдайды.
(Найзағай)
Мақал-мәтел:
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Тақпақ:
Жау Жаңбыр! Ж.Смақов
Жау-жау, жаңбыр, жау-жаңбыр,
Жауған жаңбыр – жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің ауызы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау,
Гүлденсін бау!
Қимылды ойын
«От- су»
Жүргізушінің есептеуді таңдау талабын нығайту; белгі бойыша әрекет етуге үйрету«От» бәрі отыра бастайды, «Су» айналым бойынша бір жаққа ағады.
Ойында жолдастарының және өзінің ойын нәтижесін дұрыс бағалауға үйрету.
Еңбек іс-әрекеті
Қажеттілік бойынша(аквариумда судың ауысуы)
Аквариумдағы суды ауыстыруда ересектерге көмектесу.қолайсыз жұмыстан қашпай, белсенді орындау.
Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер
«Қайсысы ұқсайды»
Белгісі мен айырмашылығы бойынша пәндерді топтастыру; өз жауабын түсіндіре білу.
Эксперимент.Құм мен балшықтың су өткізуін көрсету.
Қорытынды. Құм арқылы су тез өтті және балшық арқылы өтпеді,
Өзіндік іс-әрекеті
3-4 адамнан құралатын ойын тобының бастапқы кеңістікті жағдайды ұйымдастыруға, рөлді бөлуге, ойын тақырыбын алдын ала келісуге балаларды дайындау.
