Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

24. Кесiрткені бақылау

Бақылау

Кесiртке туралы ұғымды балаларға қалыптастыру,оның сыртқы бейнесінің ерекшеліктерін байқауға және қадағалауға үйрету(сұр, жанарларында қара оюы бар, шағын мөлшерде, ұзын денелі; басы кішкентай, мойны қозғалыста, аяғы қысқа, жіңішке, икемді құйрығы бар, қауіпті жағдайда сынып кетуі мүмкін; шағын жануарлармен қоректенеді: бақа, құрт-құмырсқа, кейде өсімдіктермен); тәртібінің ерекшеліктері жөнінде елестетуге болады(тез жүгіреді, жерде тұрады, бірақ біраз уақытын суда өткізеді).Бақыланатын обьектіге қызығушылығын арттыру.

Жұмбақ:

Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды.

Қос қанатты,

Құмырсқа ізді,

Бота тірсекті.

(Шегіртке)

Қимылды ойын

«Керме ау» (якутия халықтық ойыны)

Балаларды екі топқа бөлінуге үйрету(керме ау, балық), «Керме ау» белгісі бойынша қолды жібермей әрекет ету керек, балықты қоршайды, балықтар «көлде жүзеді. Ойын тәртібін сақтау керек: тізбекті үзбеу керек, тек «көлде» ғана балықты аулау керек , «.балықтыңүйінде» емес.

Еңбек іс-әрекеті

Көкөнiстерді тыңайтқыштармен суару

Өз еңбегiнiң маңыздылығын бiлу,нәтижеге жету талпынысын дамыту.Жұмысты ұқыпты,мұқият орындауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжiрибе және эксперименттер.

«Кім ұшады,жүгіреді,секіреді?»

Жәндіктердің өмірі туралы балалардың түсініктерін кеңейту және тереңдету.Олардың қозғалыс ерекшелігін білу;білуге құмарлығын дамыту.

Өзіндік іс-әрекеті

Бірлескен іс-әрекетте белсенді тәртіп және мінез-құлық ережелерін қолдануға себептесу.

25.Құстардың (ақ наурызек,ұйрек,қараторғай,торғай) ұяларын және ән салуын бақылау.

Бақылау.

Телімде жиі кездесетін құстардың атауларын анықтау және тіркеп отыру, құстар дәл осы уақытта ұя салуын, жұмыртқа салуын, отыруын, жылытуын-балапандарды басып шығаруын;ұшуға үйрету, өз бетімен азық табу; балапандарды жаулардан қорғауын және тамақтандыруын белгілеп отыру. Олардың ұшып жүріп жәндіктерді ұстауына, ұяға балапандарға азығымен-жәндіктермен оралып келуіне назар аудару. Құстар өсімдіктерді сақтауға көмектеседі деген қорытындыға келтіру.Олардың дене пішіндерін салыстыру негізінде дауыстарын ажырата білуге үйрету, үстіңгі қабатында өзіне тән ерекшеліктерін айыру.Қозғалу әдісі олардың аяқ, қолдарының құрылысына байланысты екенін құстардың негізгі сезім мүшелері және олардың қызметі туралы ұғымды анықтау.Бақылау кезінде құстардың жаздың аяғында ұяларын тастап кететінін,алаңқайға тамақ табу үшін ұшып кететінін,жылы жаққа ұшуға дайындалатынын, үлкен топтарға жиналатынын анықтау.Құстарға ұқыпты қарым-қатынаспен және сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Жұмбақтар:

1.Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген.

(Үкі)

2.Қыстағы ақ мамыққа, жалғау жалға, жалықпа!

Сонда құс болып шығады, қане қай құс, анықта?!

(Қарға)

Тақпақ:

«Бұлбұл» С.Оспанов

Сайрап берді күн шықпай,

Шап-шағын құс шымшықтай.

Бар әуенді бұл білгіш –

Осы екен ғой бұлбұл құс!

Ырымдар.

Егер бұлыңғыр күндері құстар шықылықтап,шулап кетсе,бұл күннің ашылуына көрінеді.

Торғайлар жерге жиналса,құмға,шаңға аунаса – жаңбырға көрінеді.

Қимылды ойын

«Ұшатын тәрелке»

Балалардың көзбен шамалауын,дискіні лақтыруда және ұстауда қолдарын белсенді қимылдату мақсатына жету, кімнің тәрелкесі алысырақ ұшады немесе тәрелкесін көпке дейін түсірмеген жұп жеңеді.Ойында өзін және жолдастарын әділ және дұрыс бағалауға үйрету.

Еңбек іс -әрекеті

Қыстайтын құстарға бүршікті бұтақтарды,тұқымдарды жинау.Қыстайтын құстарға қамқор болуға,еңбектенуге тәрбиелеу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар.Тәжірибелер мен эксперименттер.

«Бәрі үйлеріне»(белгілер бойынша үйді табу)

Жануарлардың мекенін суреттеуге үйрету,сипаттау бойынша табу.Әртүрлі сөз таптарларын тікелей мағынасымен қолдану ептілігін жетілдіру.

Өзіндік іс-әрекеті

Ойын кезінде балалардың өз әрекетерін басқа ойын әріптестерімен келістіру ептілігін дамыту.