Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
225 Кб
Скачать
☆

8.Өзенді бақылау

Бақылау

Су айдынының өмірін бақылауға үйрету(бақалар қатты бақылдайды, суда кіщкентай балықтар көрінеді, судың бетінде суөлшеуіш қозғалады, өсімдік пайда болады,құстар жүзеді,қанаттарын тазалайды, дәндерді тереді ); су айдынының әсемдігін тамашалауға болады(су көп, күннің көзіне су жарқырайды, өзеннің айналасында шөптер, гүлдер өседі, олар өзенді жарқыратады, ағаш бұтақтары өзенге иіліп, оның бейнесі түседі). Жаздың басында су таза, көгілдір, өсімдік көп болатынына назар аудару керек, ал жаздың аяғында бұлдыр, өсімдік аз.Көгілдір суда құм, тас, өсімдік және шағын балықтар көрінеді. Су айдынына ілтипатты қарауға тәрбиелеу.

Жұмбақ:

Еркелеп жатамын, қаңтарда қатамын.

(Көл)

Мақал-мәтел:

Қалған көлге бақа айғыр.

Болжам: Егер жазда көлде су көтерілсе, онда бұл құрғақ ауа райына әкеледі.

Егер көлдегі балық секіріп маса ауласа, жаңбыр жауады.

Тақпақ:

Каспий бүкіл әлемде

Көл – ең үлкен,

Керемет!

Көл десеңіз, шамалы,

Кей жұрт нанбай қалады,

Көл теңіздер – Балқаш пен

Көпке мәлім Аралды!

Қимылды ойын

«Қарғы және бұрыл»

Орнынан жоғары секіруге үйрету. «Хоп!» белгісі бойынша кеңістікке бейімделу.

Еңбек іс-әрекеті

Тотықұс, аквариум үшін құм жинау

Балаларды ең үнемді жұмыстарға үйрету.

Еңбек қызметінің мәдениетіне тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Ұшады, жүзеді, жылжиды»

Құстардың, құрт құмырсқалардың, жануарлардың қозғалысы жөніндегі түсініктерін ұлғайту.

Эксперимент.Толқынның пайда болуы.

Қорытынды.Қолмен судағы соққы судың қозғалысын білдіреді, яғни толқындар желдің күштілігіне байланысты.

Өзіндік іс-әрекеті

Дәлізде ауа- райының жағдайын ескере отырып, сабақ және ойын үшін жағдай құру. Жағымды әдет ғұрпын қалыптастыру.

9.Жағадағы өсімдіктерді бақылау(қамыс,қураған шөптер, элодея)

Бақылау

Өмірде көптеген өсімдіктер үшін ылғалдың қажеттілігі жөнінде түсінігін қалыптастыру, себебі олар көлдің жағасында өседі: қамыс(ұзын және төзімді сабағымен өсімдік), қураған шөптер, элодея,тал; Сипатты белгілерін бөлуге және өсімдіктерді салыстыруға үйрету; жағада, су айдынында өздерін ұстай білуге үйрету: ересек адамдарсыз суға жақындамау, ағаштарды сындырмау, өзінен кейін шашпау.

Жұмбақтар:

Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң – жаның рахат табады.

(Ағаш)

Жазда тұрып жоғары, күзде жерге қонады.

(Жапырақ)

Қимылды ойын

«Орман, батпақ, өзен»(белорус халық ойыны)

Қоршаған әлем жөнінде білімін нығайту; белгі бойынша әрекет етуге үйрету: тәрбиеші жануар, құс, құрт- құмырсқа аттарын атағанда балалар олардың мекендейтін жерлерін көз алдарына елестетіп, сол маңайға жүгіреді; ойын дамыту(әр ортаны еске сақтау керек- орман, батпақ, өзен).

Еңбек іс-әрекеті

Ұқсатып жасау үшін жағада ұлутас, тастарды жинау

Ұқсатып жасау үшін, ұлутас, тастарды жинауды өз бетінше орындау. Жұмысты жоспарлауға, ұжымда еңбектенуге қалыптастыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер

«Бөліктері бойынша біл»

Жағада өсіп тұрған өсімдіктер атауын нығайту, атын атау, суреттің бөліктерін қарастырып(мысалы, тек жапырақтар бейнесімен)атын атау.

Өзіндік іс-әрекеті

Өз ойын жүзеге асыруға , бірлескен ойында өз тәртібіне жауап беруге талаптандыру.