Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486 Кб
Скачать
☆

43. Мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері, кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдарын сипаттау.

Педагогика ғылымында мақсатқоюшылық 3 құрамды бөліктен тұрады:

А) Мақсаттың негізделуі және ұсынылуы

Б) Мақсатқа жету жолдарын анықтау

В)Болжалды түрде нәтижені жобалау.

Тәрбие жұмысында мұғалім мақсатқоюшылықтың әртүрлі деңгейімен жұмыс істеуіне тура келеді. Мақсаттың және оның топтасу амал- тәсілдерінің бірнеше түрі бар. Олар тәрбиенің жалпы, топтық және жеке мақсаты деп ажыратылады.

Ұйымдастыру жолдары:

  1. Ұсыну, педагогикалық процестегі қатысушылардың талаптары мен мүмкіндіктерін анықтай отырып, мақсатты негіздеу және түзету

  2. Шынайылық, қазіргі жағдайдың мүмкіндіктерін ескере отырып мақсатты негіздеу

  3. Педагогикалық процестегі барлық мақсаттар мен міндеттерді бір-бірімен байланыстыру

  4. Мақсаттарды сәйкестендіру, қатысушылардың мақсатқоюшылық процесіне кірісулері арқылы жүзеге асады.

44. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: Еркін мақсат қою, Қатаң мақсат қою, Кіріккен мақсат қою

  1. Еркін мақсат қою- қатысушылардың өзара әрекетесуі, өздерінің мақсат қоюына және қарым-қатынас пен ортақ ізденіс арқылы оған жету жолдарын жасап шығарады.

  2. Қатаң мақсат қою- мақсат және іс-әрекет бағдарламасы оқушыларға сырттан беріледі , тек тапсырманы нақтылау және әрекеттесу процесінде бһлісу жүреді. Бұл мақсат әркімнің өзіндік қажеттілігі мен мүмкіншілігін негіздейді, жеке бастың дамуын көздейді.

  3. Кіріккен мақсат қою- топтың мақсаты мұғалімнен тыс қойылуы мүмкін, оны топ басшысы қоя алады, іс-әрекеттің үлестірілуі оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылығына байланысты ортақ ізденіс кезінде жүзеге асады.

  4. 45.Мектеп пен сын. Тәр.Жұмс.Жоспарлау маңыздылығын дәлелдеу

  5. Жоспар- ол сынып жетекшісімен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындаиды. Сын.жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барыснда белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығымен жеке бастарының кемшілігі т.б.қасиеттерін байқауға болады. ол үшін тәрбие жоспары обьективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып, сонда ғана мекиеп оқушыларын тәрбиелеу, қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

  6. 46. Жоспарлау тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын ала болжау, аныктау процесі екендігін негіздеу.

  7. Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау: — ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды; — алға қоылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді; — міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды. Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу болып табылады.Тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Жоспарлау барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі ұйымдастыруға мұмкіндік туғызады. Жоспарлауда тәрбиенің жүйелілік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді қалып-тасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік-создық әрекеттер басым болып келеді. Өткен мен бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.