- •1) «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пед курсының тәрб теориясының бір саласы ретінде және олардың озара байланысын негіздеу»
- •2) Тәрб жүйесінің теориясы мен әдістемесінің пәні, міндеттерін айқындап мазмұндау
- •«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің негізгі ұғымдары.
- •7). Тәрбие жүйесінің тарихи қалыптасуына шолу жасап,олардың кейбірін жан-жақты талдау.
- •8).Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу.
- •9).Мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастырушылар ретінде ондағы субъектілердің қызметін анықтап, негіздеу.
- •10).Мектеп пен сыныптың тәрбие жүйелерінің өзара байланысын негіздеу.
- •11).Сыныптың тәрбиелік жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы орта ретінде оны ұйымдастыру және дамыту жолдарын анықтап,мазмұндау.
- •14) Сынып жетекшиси кызметинин багыттары мен жумистарын мазмунин сипаттау
- •12) Мектеп психологы, әлеуметтік педагог, кунұзак тобының тарбиешиси балалар ата-аналар және мектептеги баскадай бирлестиктер, мектептин жалпы тарбие жуиесинде? Негиздеу ?
- •16) Мугалимдердин касиби арекетинде сыныптан тыс тарбие жумистарынын манызын ашып көрсету
- •17 Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұны
- •18. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүр түрлерін анықтап, талдау жасау.
- •20. Мұғалімдердің кәсіби әрекетінде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының маңызын ашып көрсету.
- •21. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұнын талдау.
- •22.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
- •23.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі және бейдәстүрлі түрлерін анықтап талдау жасау
- •24.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын әрекеттің түріне класификациялау және оларды негіздеу.
- •25. Мектептен тыс мекемелердің түрлерін сипаттау.
- •26) Оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысында қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыстарын мазмұндау.
- •27) Тәрбиенің әлеуметтік- мәдени ортасының ерекшеліктерін зерттеу.
- •28) Сынып жетекшісінің пән мұғалімдеріне қарағанда жұмысының ерекшеліктерін негіздеу.
- •29) Сынып жетекшісінің басқару қызметін сипаттау.
- •32.Оқушының жеке басын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •33.Сыныпұжымын танып білудің ғылыми-зерттеу әдістерін негіздеу
- •34. Сыныптың педагогикалық процесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесін сипаттау.
- •35) Оқушының жеке басын танып білудің әдістемесін сипаттау.
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •40. Ушинскидің “ Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі тиіс“ деген пікірдің мәні неде?
- •42. Мақсат,міндет және мақсатқоюшылық туралы жалпы түсінікті негіздеу.
- •43. Мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері, кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдарын сипаттау.
- •44. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: Еркін мақсат қою, Қатаң мақсат қою, Кіріккен мақсат қою
- •45.Мектеп пен сын. Тәр.Жұмс.Жоспарлау маңыздылығын дәлелдеу
- •46. Жоспарлау тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын ала болжау, аныктау процесі екендігін негіздеу.
- •47. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын құруда басшылыққа латын идеяларды анықтап, сипаттау.
- •48. Тәрбие жоспарының кезеңдері
- •49. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысы жоспарының түрлері, құрылымы мен бағыттарын анықтап, оларды талдау
- •51. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен мәні мен мазмұнын ашу
- •52)Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерінің бағыттары мен түрлерін сипаттау
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдерін негіздеу
- •54.Тақырыптық тәрбие сағатын ұйымдастыру жоспарының құрылымын талдау
- •55.Сынып жиналысын өткізу әдістемесін талдау
- •58. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясын мазмұндау.
- •59. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу- тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктерін анықтау.
- •60 Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау үлгісін кестесін құру
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын
- •64) Ұжымдық шығармашылық істерді негіздеу
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін сипаттау
- •67. Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата аналармен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •68. Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен атқаратын жұмыстарының негізгі міндеттері мен қызметіне талдау жасау.
- •72. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі , пән мұғалімдері және жеке оқушымен жұмысының маңызын дәлелдеу
- •73. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарының түрлері, бағыттары және мазмұнын анықтап талдау.
- •76. «Атамекен» патриоттық бағдарламасының кейбір бағыттарын мазмұндау.
- •77. Мың бала патриоттық қозғалысының бағыттары мен мазмұнын сипаттау.
- •78. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы жан жақты түсінік беру
- •79. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығын дәлелдеу
- •82 Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл ағартушылардың Салауаттын өмір салты туралы ой пікірлеріне шолу
17 Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары мен мазмұны
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып елетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары: қоғамдық-пайдалы еңбек, спорт және дене тәрбиесі, оқушылардың шығармашылығын дамыту, туризм туған өлкені зерттеуді дамыту;
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ікерлігі мен дағдысын қалыптастырады, сыныптан тыс түрлі тәрбиие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған беленді қатыуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерңін, құралдары мен мазмұныны және бағытын таңдауда ерікті
18. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтау жолдарын сипаттау.
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат – педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, “Жаңа жыл бал-маскарады”, “Қайырымдылық акциясы”, “Ғылыми апталық” т.с.с.
Мақсат – тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, “Адамға музыка не үшін керек?” тақырыбының мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1) оқушылардың музыкалық талғамы және қызығу-шылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с.);
2) музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3) әртүрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мұғалімнің сөзі, оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).
2. Тәрбие жұмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол т.с.с.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды ша-қыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабар-ландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұр-ғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
- шараның басталуы, психологиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;
- ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
- қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. Педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал-тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын келтірдік. Бірақта оларды тәртіпке салу мақсатында кейінгі кезде педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың сабақтан тыс әрекеттерін ұйымдастыру формасының картотекасын құру ұсынылуда. Атап айтсақ:
-Таным әрекетін ұйымдастыру: ауызша жорнал, білім байқауы, викторина “Не? Қайда? Қашан?”, ғылыми апталық, психологиялық практикум т.б.
-Құндылық-бағдарлық әрекет: қызықты кездесулер (әдебиет және өнер адамдарымен), түрлі бағыттағы бәйгелер, шығармашылық кештер, тәрбие сағаттары (мораль-этика тақырыбына), интеллектуалдық шоу, дебаттар т.б.
Еңбек әрекеті: мектептегі кезекшілік, техникалық шығармашылық көрмесі, көгалдандыру жұмыстары, сенбіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары, мектеп учаскелеріндегі жұмыс.
Қоғамдық пайдалы еңбек: дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қалдықтарын жинау, қайырымдылық, ынтымақтастық акциясын ұйымдастыру, балалар бақшасы және үйін қамқорлыққа алу т.с.с.
Көркемөнер-шығармашылық әрекет: Жаңа жыл, күзгі және көктемгі бал кеші, көркемөнерпаздар кеші, этикалық театр, әдеби-музыкалық композиция, авторлық өлең кеші, театр, мұражай, көрмелерге бару, пікірталас және т.б.
Физкультура-спорттық әрекет: Денсаулық күні, туристік слет, туристік жорық, “Жүгірушілер күні”, “Көңілді старт”, “Кіші Олимпиадалық ойындар”, ауызша жорнал “Спорттық калейдоскоп”, “Спорттық ”Огонек”, “Салауатты өмір мектебі” т.с.с.
Ерікті қарым-қатынас әрекеті: авторлық өлең кеші, табиғат аясында немесе қала бойынша саяхат, концерт, байқау “Алло, біз дарындарды іздейміз”, поэзия кеші, психологиялық тренинг, мектеп балы…
Оқушылардың сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру – аса күрделі мәселе. Жыл бойына 165 демалыс күні, мереке, демалыс күндері, күнделікті сабақтан тыс бос кездері – осының бәрі белгілі бір нақты тәрбиелік мақсатты көздеп, оқушылардың рухани мүдделерін қарқынды байытуға қызмет атқаруы тиіс. Сондықтан жоғарыда аталған талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке-дара немесе көпшілік жұмыстарында қолданылуы мүмкін.
1. Тәрбие міндеттерін зертеп тану және оны белгілеу. Бұл кезең ықпалын оқушылардың және сынып ұжымының қабілеттерін зерттеп тануға бағытталған. Соның негізінде тәрбиенің нәтижелі ықпалын және сынып жағдайына қатысты тәрбие міндеттерінің ең өзекті міндеттерін анықтауға болады.
Бұл кезеңнің мақсаты – педагогикалық жағдайды шындық тұрғысынан бағалау және ең қажетті міндеттерді таңдауда және оны қалыптастыруда өзгеріс енгізуді қажеттігін анықтауға септігін тигізеді.
Зерттеп тану жұмыстары, бізге мәлім педагогикалық зертеу әдістері арқылы жүргізіледі (бақылау, әңгіме, сауалнама, тәжірибе жүргізу т.с.с.). Солардың ішінде ең көп тараған әдіске бақылау жатады. Оның көмегімен мұғалім оқушы немсе оқушылар ұжымына қатысты ақпарат жинайды. Әңгіме жүргізу тек жалғыз бір оқушымен ғана шектелмейді, сыныптың алдына қойған мақсат, міндеттеріне сәйкес оқушылар ұжымымен, олардың ата-аналарымен және сол сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерімен де жүргізіледі. Осындай әрекеттің нәтижесі сынып жетекшісінің белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасын кеңейтіп, ұстанымын қалып-тастырып қана қоймайды, сонымен бірге кәсіби шеберлігін жетілдіріп, кешенді бағдарлама құруға септігін тигізеді.Оқушылардың ұжымын зерттеу жұмыстарында социометрия әдісі маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен мұғалім сыныптағы оқушылардың танымал немесе танымал еместігі, ондағы жеке шағын ’’топтарды’’ барын анықтауға және жалпы олардың өзара қарым-қатынасына қатысты маңызды мағлұматтарды жинастырады.
2. Болашақта атқарылатын сыныптан тыс тәрбие жұмысын үлгілеу. Оның міндетін мұғалім өзінің көзқарасында, пайымында сол атқарылатын шараның ұйымдастыру формасына қатысты үлгісін алдын-ала ойластыратын болады. Оған оның мақсатын, міндеттерін, басымды қызметін болжау жатады. Соған сәйкес оның мазмұны, ұйымдастырудың формасы және әдіс-тәсілдері анықталады.
3. Үлгіні практикада жүзеге асыру. Ол алдын ала ойластырылған сыныптан тыс тәрбие шарасын нақты педагогикалық процесте практика жүзінде жүзеге асыруды көздейді.
4. Атқарылған тәрбие шарасын сараптау, талдау жұмысы. Мұнда алдын-ала белгіленген үлгіні нақтылы атқарылған тәрбиелік шараның нәтижесімен салыстыруға, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді табуға және оның салдарын жоюға сай жұмыстарды атқаруға бағытталған. Сонымен бірге мұнда келесі атқарылар сыныптан тыс тәрбие шарасының мақсат, міндеттерін белгілеу маңызды болады. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі болашақта атқарылар істердің міндеттерін, мазмұны мен ұйымдастыру формаларына қатысты мәселеде мүмкін болған жағдайда қайта қарап, түзету енгізіп отыруға септігін тигізеді.
