Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486 Кб
Скачать
☆

54.Тақырыптық тәрбие сағатын ұйымдастыру жоспарының құрылымын талдау

Тәрбие сағатын ұйымдастыру құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдары, негізгі және қорытынды бөлім

Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың назарын талқылап отырған тақырыптың мақсат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады.

Негізгі бөлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады.Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізі талқыланып мәселелерінің мазмұны ашып көрсетіледі.

Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-құлқына жаңа сипат ендіруге деген ықыластарын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер етеді.

Тәрбие сағатының жоспарын құру барысында жоғарыда көрссетілген бөлімдерінің өзара логикалық байланнысын, жүйелігін қамтамасыз етуді 1 ші кезекте ойластыру қажет. Мәселені айқын қою- 1 ші бөлімнің міндеті болса,оның шешімін табу-2 ші бөлімнің міндеті,ал 3 ші міндеті- ондағы шешімнің маңыздылығы.

55.Сынып жиналысын өткізу әдістемесін талдау

Жиналысты өткізу әдістемесі, бұл процесте сынып жетекшісі және балалардың өзара қарым-қатынасының сипаты, сыныптан сыныпқа көшу жағдайында оқушылардың өздерін басқару әрекеттері мен дербестік жағдайының іс-тәжірибелерінің жинақталуына байланысты өзгеріп отырады.

Жиналыстың өткізу әдістемесі:

1.Бір маңызды мәселені талқылау,толғандыратын мәселені аңықтау

2.Проблеманы талқылау барысында қажетті сұрақтарды ұсыну

3.Жиналыстағы талқыланып отырған мәселе қызықты және жемісті болу үшін, бірнеше сұрақтарға жауап беру керек:

-жиналыс қалай және қандай формада өтуі тиіс

-талқылау барысында негізгі басты мәселе не болуы керек?

-жиналысты өткізу тәртібі қандай?

4.Сынып жиналысын кімнің ұйымдастыруы тиістігін анықтау.

5.Сыныптың барлық өмірін ұйымдастыруға жауап беретін адам таңдау

56. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығын дәлелдеу. Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше.Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен  атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады.

57. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары және кезеңдерін сипаттау. Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді. Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді. де оқу жылының нәтижесіне кең көлемде талдау жүргізудің өзіндік қиындықтары болады. Ол үшін, ондағы негізгі атқарылған жұмыстарды топтап, соның ішінде басымдық танытатын және жоспарда көрсетілген міндеттерге сай келетін оқушылар ұжымының оқу-танымдық, тәрбиелік әрекеттерін дерлік тұтастай қамтитын көлемді бөлігін бөліп көрсету қажет. Мұндай талдау жұмыстары негізінен 3 кезеңде атқарылуы мүмкін. 1. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (Оқу-тәрбие жұмыстары). 2. Сынып жұмысындағы кейбір негізгі мәселелерді талдау (Қоғамдық-пайдалы әрекеттері. Мысалы, сыныптағы кезекшілікті ұйымдастыру, жалпы мектеп аралық істерге қатысу, оқушылардың сыныптағы өзін-өзі басқаруын дамыту т.с.с.).3. Жеке оқушымен жұмыс нәтижесін талдау.