Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486 Кб
Скачать
☆

8).Мектептің және сыныптың педагогикалық әрекетінде тәрбие жүйесінің мәні мен қызметін негіздеу.

Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.

Тәрбие жүйесінің мәні - сыныптағы оқушылардың дамуына жағымды да қолайлы жағдай қалыптастыруға көмек болатын тәсілдерді игеру. Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:

- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;

- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;

- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;

- бала құқығын білу және оны сыйлау (жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер);

- барынша мәдениет пен білімділікті дамыту

9).Мектептің тәрбие жүйесін ұйымдастырушылар ретінде ондағы субъектілердің қызметін анықтап, негіздеу.

Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді. Білім беру жүйесі мен тәрбиеге сұраныс беруші қоғам екенін есте ұстаған жөн. Бұл қоғам әрі отбасы, әрі мектеп, орі үкіметтің мемлекеттік органдары болып табылады. Қоғамдық—сұранысты іске асыру тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың атақаратын қызметі мен тәрбие процесін жүзеге асыратын оқу-тәрбие мекемесіне байланысты. Балалар ұжымын ұйымдастырушы тәрбиешінің жұмысында негізгі екі бағытты бөліп алуға тура келеді: бірінші өзін-өзі басқару арқылы әр түрлі қызықты әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, екінші — ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін балалардың қарым-қатынасын ұйымдастыру (эмоционалдық мазасыздану жағдайында моральдық қолдау жасау, ұжым ішілік қарым-қатынаста әрбір тәрбиеленушінің қолайлы бағытта болуы). Тәрбие процесін басқару, сынып жетекшісі болу — күрделі іс. Педагог-тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиелеушілік және дамытушылық іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек. Сынып жетекшісі, тәрбиеші — бұл топтың шын мәніндегі жетекшісі, ұйымдастырушы, жасы үлкен жолдасы, дем беруші, кеңесші, көмекші, қамқоршы, қорғаушы, ой салушы, реттеуші, үйлестіруші, ақпаратшы, қызметкер, т.б. Ол оқушьшармен, ата-аналармен осы сыныпта сабақ беретін пән мүғалімдерімен бірлесе жұмыс тізе отырып, әр оқушының дене құрылысы мен адамгершілік тұрғысынан дамуын қамтамасыз етеді, оның еллектуальдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін — өзі тануына, өзін-өзі жарата білуіне, өзін-өзі ұйымдастыра білуіне, өзін-өзі тәрбиеленуіне жағдай жасайды. Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі керек, оларғаөзгелерден өзгеше ғажайып рең беруге тырысқаны жөн (эмблема, айырым белгілері, көркем безендірілуі, қабырға газеті, ұжымдық шығармашылық жұмыстарды, дәстүрлерді ұйымдастыру). Сынып жетекшісінің екінші міндеті — психологиялық микроклимат жасау. Сынып оқушысы үшін оңтайлы эмоция орталығы болуға тиісті, ал, сынып жетекшісі — ең алдымен ересектер мен балалардың сүйіспеншілігі мен бірлескен тірлігі үстемдік ететін тату, мейрімді, шығармашыл, ізгі ұжымның іскер тәрбиешісі болуы керек.