Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр типтик.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
486 Кб
Скачать
☆

76. «Атамекен» патриоттық бағдарламасының кейбір бағыттарын мазмұндау.

77. Мың бала патриоттық қозғалысының бағыттары мен мазмұнын сипаттау.

1.Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні анық. Себебі оның жан дүниесі тек айналасымен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Осы іс-әрекеттеріне түрткі болатындар: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлеледейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс-әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.Іс-әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Соған сәйкес оның нақты мақсаты мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.Олай болса, балалардың және жас жетіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан тәрбие теориясы мен әдітемесінде балалар қозғалысын – тұлғаны дамытудың негізгі факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7-18 деп қарастырылған.Осыған сәйкес бүгінде көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда. Мысалы, Алматы облысының әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда.

«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

  1. «Білік мектебі» халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқытады.

  2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз.

  3. Мен ертеңгі жауынгер.

  4. Тәні саудың – жаны сау.

  5. Салауат клубы.

«Мың бала» атты оқушы жастар ұйымының негізгі өнеге етіп ұстар тұтқасы, алатын жолы он бес жасар Сартай батырдың адамгершілік пен отаншылдық ерлігі. Мың баланы басқарған «Сартай батыр» дастанында елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге, ерлікке шақыру жағы басым.

78. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы жан жақты түсінік беру

Балалар ұйымдары — балалар мен жасөспірімдердің ерікті ұйымдары; қоғамдық ұйымның айрықша түрі, келесі белгілері ие болады: балалар мен ересектердің бірлескен қызметін жұзеге асыруына бағытталған кұндылық мұраттың (мақсаттың) болуы; ұйымға еркін ену және одна еркін шығу; бекітілген мұшелілік; ұйымдастырылған өзіндік, өзін-өзі басқару, бірлескен әлеуметтік шығармашылық; ұйымның әр мүшесі жағдайын анықтайтын нақты айқындалған құрылым; барлығына орнатылған нормалар, ережелер, сонымен қатар бірлескен қызметін жасаудағы кепілдемелі құқықтар (қызмет етудің түрлерін, формалары мен жолдарын таңдау құқығы); оның кұрамында кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың болуы; жарғының, бағдарламаның, ереженің болуы.Еліміздің жас азаматын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді өмір позициясын қалыптастыру барысында балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытатын балалар қоғамдық ұйымдарын жетілдірудің маңызы зор. Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің «Жас өркен» облыстық одағын құрудағы алғашы қадамы облысымыздағы барлық балалар ұйымдары, жасақтары мен бірлестіктерінің біріктіруге серпін беруде. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 241 балалар ұйымы жұмыс істейді.

• Балалар ұйымдарының мақсаттары мен міндеттері:

- балалар мен жасөспірімдер арасында ұлтжандылықты, отаншылдықты қалыптастыру,

- қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмірлік жолдары мен көзқарастарын айқындауға ықпал ету,

- балалар бірлестіктері мен ұйымдарының жүйесін дамыту,

- елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру,

- азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындауға қабілетті ерікті әрі жауапты тұлғаларды қалыптастыруға бағытталған балалар мен жастардың әрекеттестік ортасын ұйымдастыру;

- балалар ұйымдарын дамытудың біртұтас жүйесін құру,

- алға қойған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру, балаларды дұрыс өмірлік таңдау жасауға, маңызды шешімдер қабылдай білуге үйрету,

- балалар мен жасөспірімдер арасында бір-бірін құрметтеу, өзара түсінісу және көмектесу, ынтымақтастық пен достық қатынастарын нығайтуға жағдай жасау;