Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

48.Қысқа тұйықталу тоғының электродинамикалық әсері. Аппараттардың төзімділігін бағалау өлшемі.

Қысқа тұйықталу тогының 3 әсері бар:

1.Термиялық әсер

2.Электродинамикалық әсер

3.Электр желісінде кернеудің күрт төмендеуі

Қысқа тұйыұталу тогының электродинамикалық әсері бұл,өткізгіштен ток өткен кезде, айналасында электромагниттік өріс туады.Егер өткізгіштер параллель орналасса және олардан ток өтсе, олар бір-біріне тартылады немесе тебіледі.Ток бір бағытта болса, өткізгіштер тартылады, ал кері бағытта болса тебіледі.

49. Қысқа тұйықталу тоғының электродинамикалық әсері. Аппараттардың төзімділігін бағалау өлшемі.

Қысқа  тұйықталу   (ҚТ)  деп фазалар арасындағы  тұйықталуларын, тікелей – және тиімді - жерлендірілген бейтараптамалар  тораптарында  фазаның  жерге  тұйықталуын және  де  электрлік машиналарда   орамдық  тұйықталуларын   айтады. Қысқа  тұйықталудың  себептеріне  оқшауламаның  ескіріп  соның  салдарынан  тесілуінің  болуы, электрберіліс  желісіне түрлі заттардың құлауы, жерге  құлаумен  желілердің  үзілуі, оқшауламаның  механикалық   бүлінуі, электрберіліс  желісіне  найзағайдың соққысы және басқалары  жатады. Қ.т. кезінде түйіспелер  мен өткізгіштердің жоғары  деңгейде  қызуы болады, өткізгіштер  арасында электродинамикалық күштеу  туындайды және электр  торабында  кернеу  деңгейі  төмендейді.

  1. Қысқа тұйықталу ток процесі, кернеуі өзгермейтін шинадан қоректенеді

Электрлiк жүйенiң жұмысының сенiмсiздiлiгi жəне жеке элементтерi көп нəрсеге байланысты, сондықтан олар толық жəне дұрыс еске алынуы керек, өйткенi қауіпті өтпелi процесс болады. Мысал ретiнде, электрлiк машина құрылысының күрделігінде қысқаша тұйықталу кезiнде өтпелi процестi еске алу. Бұл жағдайда қысқаша тұйықталу кезiнде машинада күрделi авария байқалады. Тұрақты параметрлi жүйедегi əртүрлi электрмагниттегi өтпелi процесс мына жағдайда болады:

1) жүйедегi қысқаша тұйықталуда, сонымен қатар қысқаша тұйықталу тiзбегiнiң қосылуын, ажыратуын қайталау кезінде;

2) жүйедегі жергiлiктi симметриялы еместiктiң пайда болуы;

3) синхронды машинаның қыздыру əсерiн қадағаламау;

4) синхронды машинадағы магниттi өрiстi өшiру.

Қысқаша тұйықталу – дегенiмiз жұмыстың қалыпты жағдайындағы қарастырылмаған фазалар арасындағы тұйықталу. Ол төрт сымды жүйедегі бiр немесе бiрнеше фазамен жер арасындағы тұйықталу болады. Бейтарап сым жерге қосылмаған жүйедегi немесе кезектi компенсациялық қондырғы арқылы жерге қосу жəне жерге бiрфазамен тұйықталу – жай тұйықталу деп аталады. Бұл кезде өтетiн токтың зақымдануы жерге қарағандағы сыйымдылықты фазаға негiзделген. Тұйықталған жерде бiрнеше өтпелi кедергi пайда болады: ол электрлiк доға кедергiсiнен жəне бiрфазадан екiншiге ток өткен жол кедергiсiнен немесе фазадан жерге өту кедергісінен. Кей жағдайда өтпелi кедергi өте аз болуы мүмкiн, яғни жоқ деп есептеуге болады. Мұндай тұйықталу металды деп аталады. Сондықтан есептеу кезiнде, ең төменгi жағдайда металды тұйықталу есептеледi. Үшфазалы жүйедегі жерге қосу нейтралiмен келесi негiзгi қысқаша тұйықталу түрi бiр нүктеде мынадай жағдайда болады:

а) үшфазалы,

б) екiфазалы,

в) бiрфазалы,

г) екiфазалы жерге,

яғни бiр уақытта екi фаза өзара бiр нүктеде жерге тұйықталады

51.Оперативтік ток көздерін топқа бөлу.

Электр станциялары мен қосалқы станциялардың жұмыс режимін ретттеу, басқару, сигналдау, релелік қорғаныс пен автоматика үшін көптеген көмекші электр құрылғылары мен механизмдері қолданылады. Осы барлық оперативті құрылғылар мен механизмдер энергияны оперативті ток көздері деп аталатын арнайы қоректену көздерінен алынады.Аталған құрылғылар мен механизмдерді қоректендіретін электр тізбектері оперативті тізбектер деп аталады. Оперативті ток көздері тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелді оперативті ток көздері электр қондырғысының біріншілік тізбегінін жағдайына және жұмыс режиміне тәуелді болады. Оперативті токтың тәуелсіз көздері ретінде аккумуляторлық батареялар, дизель-генераторлы және турбореактивтік агрегаттар алынса, ал тәуелді көздерге қозғалтқыш генераторлы агрегаттар, ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары, өзіндік мұқтаждық трансформаторлары жатады.

Оперативті тізбектер тұрақты және айнымалы токта жұмыс жасайды. Кей жағдайларда түзетілген ток пайдаланылады.

Тұрақты оперативтік ток көзі

Электр станциялары мен қосалқы станцияларда тұрақты оперативтік ток көздері ретінде қорғасын қышқылды немесе сілтілі темір-никельді аккумуляторлық батареялары қолданылады. Сонғысын электр станциялары мен қосалқы станцияларда сирек қолданылады, сондықтан ары қарай қорғасын қышқылды аккумуляторларды қарастырумен шектелеміз.Қорғасын қышқылды аккумулятордың құрылысы. Аккумулятордың негізгі бөліктеріне электродтар, электролит, сепараторлар және ыдыстар жатады.

Айнымалы  және  түзетілген  оперативті  тоқ  көздері  

Айнымалы  оперативтік  тоқтың қорек  көздері тоқ және кернеу трансформаторы және ө. м. трансформаторлары болып табылады. Оперативтік  айнымалы  тоқ  қоректендіретін  сұлбадағы  сенімділікті  қамтамасыз  ету  үшін  резервтеу  орындалады.

Түзетілген кернеуді (тоқты) алу  үшін, ажыратқыштың  электромагнитті  жетегін  қоректендіру  үшін күштік  түзеткіштер, объектіде кернеу  жоғалғанда  әртүрлі  аппараттарды қоректендіретін энергия қоры бар зарядтық құрылғылар, екіншілік  тізбекті қоректендіретін тоқ, кернеу  және ө.м.  трансформаторларының қоректену  блоктарын  қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]