Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

98. Электр станциялардың және қосалқы станциялардың құралым сұлбалары

Неғұрлым  қарапайым сұлба 9.1 а   суретінде  көрсетілгендей  секцияланбаған  бір жүйелі жинақтаушы шиналар     сұлбасы  болып  табылады. Сұлба  қарапайым  және   көрнекі.  Әрбір  тізбекке осы  тізбекті  қалыпты  және  апатты  режімдерде  қосып  ажырататын бір  ажыратқыштан   келеді . Айырғыштармен  операциялар, тек қана  қосылыстарды  шығарғанда  жұмыс   қауіпсіздігін қамтамасыз  ету  үшін  қажет.

9.1 Сурет - Бір  жүйелі  жинақтаушы секцияланбаған (а) және  секцияланған(б)  шиналар  сұлбалары

Әрбір элемент екі  шина айырғышының жол айырғы арқылы қосылады,  

бұл  жұмысты  бір  шиналар  жүйесінде  сияқты, екінші  шиналар  жүйесінде  9.3  суретінде  көрсеткендей  іске  асыруға  мүмкіндік  береді. Шинаның  жұмысшы  жүйесі  QB ажыратқышымен  секцияланған. Екінші  шиналар  жүйесі А2  резервті болып  табылады, қалыпты  жағдайда ол  кернеусіз  болады. Қос  шина  жүйесіде  шинақосқыш  ажыратқыштармен QA1 және QA2  қосылуы   мүмкін, олар  қалыпты  жағдайда   өшірілген  болады.

 9.3  Сурет – Екі  жүйелі  жинақтаушы  шиналар  сұлбасы

Ажыратқыштар  саны  аз  немесе  мүлдем  жоқ  жеңілдетілген  сұлбалар қосалқы  стацияларда  кеңінен  қолданыс  тапты.  Бұл алдымен  электрқондырғылар  элементтері басқа  блоктармен  көлденең  байланыссыз тізбектей  қосылған  блокты  сұлбалар.

9.4 Сурет– ТҚ-дың ЖК жағынан   жеңілдетілген сұлбасы

Тізбекте  екі  ажыратқышы  бар  сұлбалар екі  жинақтаушы  шиналар  жүйесінің  түрлерін ұсынады. Олар 10.4  суретінде  келтірілген .  Сенімділік  пен  жөндеуге  қабілеттілікті  арттыру  үшін сұлбада  әрбір  айырғышпен  қатар   тізбекті  түрде  ажыратқыштар  жол айырығы  қарастырады .

Мұндай  сұлбаның  құндылықтарына  кез-келген  шиналар  жүйесіне  жөндеу  жұмысын  жеңіл әрі  ыңғайлы  жүргізілуін  және  айырғыш

операциясынсыз  тоқ бар  кезде ажыратқышты  жөндеуге  шығару мүмкіншілігін жатқызуға болады. Шинаның  бұзылуы мұнда  қосылыстардың  ажыратылуына  алып  келмейді. 

      

 

 

 

10.4 Сурет – Тізбекте екі ажыратқышы  бар  сұлба

 

 

 Сұлбаның  негізгі  кемшілігі  құнының  жоғары  болуы.

99.Электр тораптарындағы бейтараптамаларының жұмыс істеу режімдері

 Бейтараптама –  бұл генераторлардың және трансформатордың  фазалық  орамының  жұлдызша  қосылған ортақ нүктесі. Бейтараптаманың жермен  қосылу  әдісі электр торабының  сенімділік  дәрежесін  анықтайды.  

ТМД  аймағында  тораптардың келесідей жіктелуі қабылданған: жерлендірілмеген (оқшауланбағанған) бейтараптамалы  тораптар; резонансты-жерлендірілген (қарымталанған) бейтараптамалы  тораптар; тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы  тораптар; тікелей жерлендірілген бейтараптамалы  тораптар.

Бірінші және екінші  топтарға кернеуі 3-35 кВ  тораптар  жатады. Үшінші  топтарға бейтараптамасы жермен үзіліссіз немесе мәні  үлкен емес кедергімен байланысқан  кернеуі 110 кВ және  одан  жоғары  тораптар  жатады. Төртінші  топқа  кернеуі 220, 380 және 660 В  тораптар  жатады. Бірфазалы  жерге қысқа тұйықталуы тоқ  мәні 500 А  көп емес  тораптарды, аз тоқты жерге  қысқа тұйықталу торабы  деп  атайды (негізінен, бұл  резонансты-жерлендірілген және жерлендірілмеген бейтараптамалы тораптар). Тоқ  мәні 500 А –ден жоғары  болса, жоғары  тоқты  жерге  тұйықталу  тораптарына  ( бұл тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы тораптар)  жатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]