Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

72,73. Тарату құрылғыдағы бір жүйелі жинақтағыш шиналы сұлба.

Неғұрлым қарапайым сұлба 9.1 а   суретінде  көрсетілгендей  секцияланбаған  бір жүйелі жинақтаушы шиналар     сұлбасы  болып  табылады. Сұлба  қарапайым  және   көрнекі.  Әрбір  тізбекке осы  тізбекті  қалыпты  және  апатты  режімдерде  қосып  ажырататын бір  ажыратқыштан   келеді . Айырғыштармен  операциялар, тек қана  қосылыстарды  шығарғанда  жұмыс   қауіпсіздігін қамтамасыз  ету  үшін  қажет.

Жинақтаушы  шиналарды  және  кез-келген қосылыстағы шиналық  айырғыштарды  жөндеу  үшін  жинақтаушы  шинадан  толығымен  кернеуді  сөндіру  керек, яғни  қорек  көздерін  өшіру  керек. Жинақтаушы  шиналардағы  қысқа  тұйықталуда (К2 нүктесі) қорек  көздерін  өшіруді  туғызады  яғни  тұтынушылардың  электрмен жабдықталуы  тоқтатылады.

 

 9.1 Сурет - Бір  жүйелі  жинақтаушы секцияланбаған (а) және  секцияланған(б)  шиналар  сұлбалары

Ажыратқышпен  секциялау бір  жүйелі  шиналар  сұлбасының  құндылығын  сақтайды, жинақтаушы шиналардағы   апат тек  бір ғана  тоқ  көздерін  және  тұтынушылардың  жартысын   сөндіреді. 

Бір  жүйелі  жинақтаушы шиналар  сұлбалары  кернеуі  6 – 10 кВ  қосалқы  станциясында және  стацияның  өзіндік  мұқтаждығында  кеңінен   қолданылады, өзіндік  мұқтаждықта  бұл  сұлбалардың    құндылықтарын толық   пайдалануға  болады, әсіресе ол  КТҚ  қолдану  арқасында  іске  асырылады.

Электростанцияның  электроэнергияның  көп  бөлігі жақында  орналасқан  тұтынушыларға  беріледі. Ол үшін  генераторлық  кернеудің  9.2. суретінде  көрсетілгендей  сақиналы  қосылған бір  жүйелі  шиналар сұлбасының   қоладанылуы   мүмкін.

  

9.2 Сурет - Сақиналы қосылған бір жүйелі жинақтаушы шиналар  сұлбасы

Қалыпты жұмыста  барлық  секциялық   ажыратқыштар  қосылған және генераторлар  параллелді   жұмыс  істейді. Бір  секцияда  Қ.Т. болса осы  секцияның  генераторы  және екі  секциялық  ажыратқыштар  өшіріледі, алайда , басқа  генераторлардың  параллелді  жұмысы  бұзылмайды.

Бір  генератор  өшірілгенде  осы  секция  тұтынушылары  екі жақтан  қоректенеді, бұл  секцияда кернеу  айырмашылығының  мәні  аз  болады  және  тұйықталмаған   шиналар  жүйесі сұлбасына  қарағанда  секциялық  реакторларды  аз  тоққа  таңдауға  мүмкіндік    береді.

Генераторлары 63 МВт-қа  дейінгі  ЖЭО-на   егер оның тұтынушылары  резервтенген  желімен  қоректеніп, секцияға  қосылыс  саны   алты – сегізден   аспаса қарастырылған  сұлба  ұсынылады.

74. Тарату құрылғыдағы бір жұмыстық және айналмалы жүйелі шиналы сұлба.

Қалыпты  тәртіптешиналардың  айналма  жүйесі АО кернеусіз  болады, 10.2 суретінде көрсетілгендей желімен  трансформаторларды шиналардың айналма  жүйесіне  қосатын  айырғышы  QSO, ажыратылған. Сұлбада  айналма  ажыратқыш  қарастырылады QO, ол  кез келген  секцияға екі  айырғыштың  жол айырығы көмегімен  іске  асырылады. Секциялар  бұл  жағдайда бір-біріне  параллелді  орналасқан. QO   ажыратқышын желідегі электржабдықтаудың бұзылуынсыз кез-келген  ажыратқыш  алмастыра  алады,  алайда  олар көптеген қосылулармен  байланысты.

Айналма  және секциялық ажыратқыштардың қызметтері  үнемдеу  мақсатында аралас  болуы  мүмкін.

 

а) трансформаторлар  тізбегінде  бөлгіштермен, секциялық  және  айналма ажыратқыштармен   араласқан; б) желілік  ажыратқышты  айналмалымен  ауыстыру  режімі; в) айналмалы  және  секциялық   ажыратқыштармен

10.2 Сурет –Бір  жүйелі  жұмысшы  және жинақтаушы  шинаның      айналма жүйесі  бар сұлбасы 

Қосалқы  станцияның  ЖК (110 кВ) қосылу  саны  (желілер және трансформаторлар)  алтыға  дейін сонымен  қатар  желілердің  параллелді  жұмысы рұқсатты  және  ары  қарай  дамыту болашағы  жоқ  болған  жағдайда 10.2  а  суретіндегі сұлба  ұсынылады. Егер  келешекте ТҚ-ның  кеңейтілуі  қарастырылатын  болса, онда  трансформаторлар  тізбегінде  ажыратқыштар  орнатылады. Трансформаторлы  ажыратқыштар  сұлбалары қосалқы  стацияның  110 және 220 кВ  кернеудегі ЖК және ОК жағында  қолданыла  алады.

Қосылу  саны  жоғары  болса (7–15) 10.2 в суретінде  көрсетілген  жеке  айналмалы QO және секциялық  QB ажыратқышты  сұлбалар  ұсынылады.

Электростанцияларда 10.2 в  суреті  бойынша бір  секцияланған бірақ  әрбір секцияға  жеке  айналма ажыратқшы  бар  шиналар  жүйесі,  сұлбасы  қолданылуы  мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]