Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esip_emtixan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

87. Трансформаторлардың кернеуін реттеу

Трансформаторлардың   кернеуін  реттеу трансформация  коэффициентін  өзгерту  арқылы  іске асырылады, яғни  орам  санын өзгерту, сол  үшін де оның  арнайы  тармағы қарастырылған. Тармақтарды  ауыстыру  қоздырусыз (ҚАҚ- ПБВ) және кернеулі (ЖҮР- РПН) іске  асырылады. Тармақтарды  қоздырусыз ауыстыру  аз  қуатты  трансформаторларда  жүргізіледі.

Жүктеме үстінде  реттеу (ЖҮР)  тармақ  орамдарын  тізбекті  ажыратпай  ауыстыру  арқылы  іске  асырылады. Трансформатордың  қуаты мен кернеуіне  байланысты  реттеу  ±10% дан ±16% аралығында  жасалынады. Реттеу  сатысы  ЖК   жағынан басталады , өйткені  бұл  жақтық  орамдарындағы ток ТК  орамдырының тоғынан төмен  болады. 5.2 суретінде  келтірілген  резисторлы  сұлба  кеңінен қолданыс  тапты .

 

    

 

 

 

 

 

 

5.2 Сурет -  Резисторлы ЖҮР сұлбасы

 

Бастапқы  жағдайда  0, ТР  5 -ші тармаққа  жұмыс  жасайдыжәне тоқ К1 түйіспесі  арқылы  өтеді. 4-ші   тармаққа  өткен  кезде алдымен  тоғы  жоқ 

таңдаушы  И2 ,4-ші  жағдайға  ауыстырылады, содан  К1  ажыратылады, бұл  кезде  жүктеме  тоғы  R1 және  арқылы  қысқауақыттық   өтеді. Содан  кейін  К3 тұйықталады, сол  сәтте жүктеме  тоғының  жартысы  R1 және К2  арқылы ал  жартысы –  R2 және К3   арқылы  өтеді, 5-4 реттеуші  орам  тармақтары  R1 және  R2 арқылы тұйықталып  қалады және олар  арқылы  циркуляциялық  тоқ  өтеді.  Ары қарай  К2 және  К4 тұйықталады, бұл  кезде   тоқ  реттеуші  орама 

бойынша  4-ші  тармаққа  барады, таңдаушы  И2, түйіспелер К4 шықпаға 0.

ЖҮР   басқару  қалқанынан қашықтықта, қолмен  немесе  автоматты  түрде  басқарылады.

Автотрансформаторларда тармақтарды бейтараптама  нүктеде  орындайды,  ол ауыстырғыш құрылғының  оқшауламасын  жеңілдетеді және оны аз  тоққа  есептеу  мүмкіндігін туғызады . Мұндай  реттеу  байланысқан   деп  аталады, яғни  тармақтарды  ауыстырғанда біруақытта ЖК және ОК тармақтарының  саны өзгереді.   Кернеуді  реттеуді  арнайы  реттеуші 

трансформаторлар көмегімен іске  асырауға  болады, ол қосымша Э.Қ.К. енгізетін әсіресе трансформатордың  негізгі орамын тізбекті трансформатордан, және осы Э.Қ.К. өзгертетін реттеуші  трансформатордан,  және желілік  реттеушілерден  тұрады. Ондағы  реттеу  ОК жағында  ЖҮР  құрылғысы  арқылы, ал  ТК жағынан  реттеуші автоматты  кернеу  реттегіші жабдықталған трансформатор орналастырылып  іске  асырылады.

88.Трансформаторлардың жүктелу қабілеттілігі

 Трансформаторлардың  жүктелу  қабілеттілігі – бұл  рұқсатты жүктелу мен асқын жүктелу  жиынтықтары. Трансформатор асқын жүктелумен тәуліктің  сағатында  істей  алады, егер    тәуліктің  келесі  сағатында  оның  жүктемесі  номиналдыдан  төмен  болса.

Әртүрлі  режімдерді бағалау өлшемі (критериясы) трансформатор оқшауламасының  тозуы  болып  табылады. Жүктелмеген  кезде оқшаулама  тозуы  аз  болады, ал  асқын  жүктелу  уақытында  оқшаулама тозуы  жылдамдатылады.

Трансформатордың рұқсатты жүйелі (систематикалық) асқын  жүктелуі өзінің  номиналды  қуатынан  жоғары болуы, тәулік  ішінде  жүктеменің  бір қалыпты еместігінен болады.

Максималды рұқсатты  жүйелі  жүктелуі келесі  шарттарда  анықталады.

Ораманың  жоғары  температурасы +140оС, жоғары  қабаттағы  майдың  жоғары  температурасы +95о және  максималды  жүктеме кезінде  тозуы, трансформатордың  тұрақты номиналды  жүктемесіндегі жұмысы  сияқты  болса, ең  қатты  қызған  нүктенің  температурасы  +98оС артпауы керек.

Апатты  асқын  жүктелу параллельді  қосылған трансформатордың  қатардан  шыққан  кезінде  рұқсат  етіледі. Рұқсатты  апатты  асқын  жүктелу  орамалардың  шекті  рұқсатты  температураларымен     (140оС   кернеуі   110 кВ  жоғары  трансформаторлар  үшін  және 160оС қалған трансформаторлар  үшін) және  жоғары  қабаттағы  май  температурасымен (115оС)  анықталады.

Рұқсатты  апатты  асқын  жүктелу   мәні ГОСТ бойынша бастапқы  жүктеме   коэффициентіне К1 , апатты  асқын  жүктелу   пайда  болғаннан  салқындату  ортасының  температурасынан  θωохл және  жүктеме  ұзақтығына  тәуелді  анықталады .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]