Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15 Мб
Скачать
☆

41 Екі балкалы көпір кранның негізгі конструктивті элементтерін атаңыздар.

Жалпы арналудағы, тіректі, екі балкалы электрлік жетекті жүк көтергіштігі 5...50т (МЕСТ 25711-83) көпір кранның жүкті көтеру жылдамдығы 0,05...0,32 м/с, арбаның жылжыту жылдамдығы 0,32...0,63 м/с; кранның жылжу жылдамдығы 0,4...2,5 м/с; жүкті көтеру биіктігі 12,5м; аралығы 10,5...34,5м.

8.2-суретте тіректі түрдегі екі балкалы көпір кранның сұлбасы көрсетілген. Негізгі балкалар (2,9) және шеткі балкалар (10) кран көпірін құрайды. Көпір үстіне рельстерді орнықтырады, ал оның бойымен өздігінен жүретін жүктік арба (1) жылжу механизмі көмегімен жылжиды. Көпірдің өзі цех немесе қойма тік балкаларының үстіне орналасқан (4) рельстер бойымен жылжи алады. Кран арбасына негізгі және қосымша жүк көтеру механизмдері орнықтырып қойылған. Кран көпіріне басқару кабинасы (7) бекітілген.

Көпір кран арбасы конструкция жағынан бір немесе екі барабанды болуы мүмкін. Олар жүк көтеру механизмін орнықтырып қоюға арналады (негізгі, ал кейбір жағдайда қосымшасын да) және арбаның жылжыту механизмін де орнықтыруға арналады.

8.2-сурет. Қосбалкалы көпір кранның сұлбасы:

1-жүктік арба; 2,9-негізгі балкалар; 3-көпір жетегі; 4-кран астындағы рельс; 5-троллеи; 6-крюктік аспа; 7-басқару кабинасы; 8-жүрістік доңғалақ; 10-шеткі балка

  1. Көпір кранның крандық арбасы не үшін арналады?

Көпір кран арбасы конструкция жағынан бір немесе екі барабанды болуы мүмкін. Олар жүк көтеру механизмін орнықтырып қоюға арналады (негізгі, ал кейбір жағдайда қосымшасын да) және арбаның жылжыту механизмін де орнықтыруға арналады.

8.3-суретте жүккөтергіштігі 5т, крандық арба көрсетілген. Арбаның жүк көтеру механизмі қосарланған екі еселенген полиспастты (4) және аралық білік (7) көмегімен редуктормен (6) жалғасқан қозғалтқышты (8) иемденеді. Теңестіргіш блок (1) арба рамасының үстіне орнықтырылған кронштейінге бекітілген. Арбаға электр токты жұмсақ кабель көмегімен береді. Арбаның жылжыту механизмі вертикаль редуктордан (9) тұрады.

Кранның балкасын металл конструкциясы құрайды. Оның үстіне арба, кранның механизмдері мен жетектері орнықтырып қойылады. Металл конструкциясының сапасына кранның барлық механизмдері мен элементтерінің жұмысы тікелей байланысты. Сондықтан көпірлік кранның металл конструкциясына беріктілік, қатаңдық және сенімділік жағынан жоғары талаптар қойылады. Конструкциясының металл сыйымдылығы жеткілікті болуы керек.

8.3-сурет. Бір жүк көтеру механизмі бар крандық арба:

1-теңестіргіш блок; 2-қоршау; 3-жүрістік доңғалақ; 4-жүктік полиспаст; 5-ажыратқыш сызғыш; 6-редуктор; 7-аралық білік; 8-қозғалтқыш; 9-вертикаль редуктор; 10-кабель

  1. Төрт тағанды (сандал) кранның конструкциясы қандай?

Сандал кран мосы балкадан немесе фермадан тұрады. Оның үстінен көтергіш механизмді алып жүретін арба жылжиды. Балка немесе ферма екі тағанға бекітілген. Екі таған жылжыту механизмі көмегімен жылжитын рельстік арбаға орнатылады. Сандал крандар негізгі үш топқа: а) жалпы арналудағы (жүктеулік); б) құрылыстық-монтаждық; в) контейнерлік боп бөлінеді. Сандал қос арысты жалпы арналудағы крандар (МЕСТ 7352-81) ашық қоймаларда және жердегі рельс және рельссіз көлік құралдарымен қызмет көрсетілетін тиеп-түсіру алаңдарында пайдаланады. Бұл крандар икемді жүктік крюк аспасын иемденеді (жүк көтергіштігі 3,2...32т), аралығы 10...32м; жүкті көтеру биіктігі 7,1...10м.

Бір балкалы сандал кранның конструктивті ерекшелігіне астыңғы жағынан өздігінен жүретін электрталь жылжитын, қоставрлы қимасы бар бойлық балканың көпірде міндетті орналасуы айшықталған.

8.4-сурет. Сандал кран тіректеріне түсетін жүктемелерді анықтауға арналған сұлба:

а – кран жолына қатысты бойлық бағыттағы, ә – кран жайма қатысты көлденең бағыттағы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]