Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15 Мб
Скачать
☆

32. Екі плунжерлі гидравликалық көтергіштің пайдалану саласы, артықшылығы мен кемшіліктері неде?

Автокөлік саласында әсіресе техникалық бақылау және техникалық жөндеу жұмыстарында жүк тасымалдау және жолаушылар тасымалдайтын автоколіктерді арнайы постарда орнатылған тұрақты әртүрлі жүккөтерімділігі бар екі плунжерлі электрлі гидравликалық көтергіштер қолданыс табуда. Екі плунжерлі гидравликалық көтергіштер рамалы және рамасыз болуы мүмкін. Рамалы екі плунжерлі көтергіштер сенімділігі жоғары болады, бірақ рамасызға қарағанда көп аумақты алады және жөндеу жұмыстары кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін. Рамасыз екі плунжерлі көтергіштер қауіпсіздігі жағынан деңгейі төмен, бірақ жөндеу кезінде агрегаттарды түсіргенде аз кедергі қылады. Сонымен қатар егер әр плунжер жеке жетекті болса автомобильді жантайтуға мүмкіндік береді. Көтергіштердің негізгі кемшілігі канаваларға қарағанда қауіпсіздік деңгейі төмен болып келеді және автомобильді бір мезгілде үстінен де, астынан да жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік жоқтығы.

33. Жылжымалы төрт бағаналы, моделі п-238 көтергіштің пайдалануы, ерекшеліктері қандай?

34. Алты бағаналы электрлі механикалық моделі п-142 көтергіштің қолдануы, артықшылығы мен ерекшеліктері неде?

35. Электрлі механикалық немесе электрлі гидравликалық жұмысшы органы бар көтергіштердің айырмашылығы мен ерекшелігі қандай?

Көтергіштер жұмысшы органның жетегі бойынша электрогидравликалық және электромеханикалық болып бөлінеді. Соңғы жағдайдағы көтергіштер көп тараған. Электромеханикалық жұмысшы орган механизмі электроқозғалтқыштан, бұрамдық редуктордан және жүріс винтінен, оған орналасқан шарикті тірек гайкадан тұрады. Бұл механизмдер қауіпсіздік жүйесімен жабдықталғанымен, автомобилді көтерген кезде қосымша сақтандыру тірегін де қолдану керек, бұл да бір кемшілік болып саналады.

Электрогидравликалық көтергіштер электромеханикалық жетекті көтергіштерге қарағанда келесі артықшылықтары бар: — Энергияны аз керек етеді; — шусыз, қалыпты жұмыс жасайды; — көтеру түсіру жылдамдығы жоғары; — ұзақ мерзім жұмыс жасайды; — электроэнергия жоқ кезде де түсіру мүмкіндігі бар; — оңай және арзан қызмет көрсету; — қауіпсіздік деңгейі жоғары.

Электромеханикалық жетекті көтергіштердің басты артықшылығы болып құнының арзандығы, автосервис үшін ұтымды вариант болып табылады. Электромеханикалық көтергіштің кемшілігі тіректердің көтерілуін синхронизациялау болып табылады.

36. Бір плунжерлі екі бағытта жылжитын гидравликалық, моделі П-113 көтергіштің құрылымы мен жүмыс істеу үрдісі қандай?

37. Жүк автокөліктерді көтеретін, моделі П-468 көтергіштің артықшылықтарын айтыңыздар?

38. Тұрақты шұңқырда орналасқан екі плунжерлі гидравликалық, моделі П-201 көтергіштің құрылымы мен жұмыс жасау үрдісі қандай?

39. Автокөлік шаруашылығында қолданылатын бір балкалы кран-балкалардың түрлері, құрылымы, жұмыс істеу үрдісі.

40. Бір балкалы көпір кран қандай конструктивті элементтерден тұрады?

Бір балкалы кранның (тіректі кран – балканың) сұлбасы 1-суретте көрсетілген. Көпірлі (мосы) қимасы қоставрлы балкадан (3) тұрады; ол қорапты шеткі балкаға (1) бекітіледі: Бір балкалы көпір кранда көтеру механизмі қызметін электрталь (2) атқарады. Қатаңдығын өсіру мақсатымен балканың шеті жақтаумен (4) күшейтілген. Шеткі балкаларға бұрыштық брусоктарымен (5) бірге доңғалақтар орнықтырылған. Кран-балканың жылжыту механизмі жетегі (6) екі жағына да ортақ болады да, мосы бойымен тартылған баяу жүрісті трансмиссиялық біліктен (7) тұрады.

1-сурет. Бір балкалы көпір кран:

1-шеткі балка; 2-электрталь; 3-балка; 4-жақтау; 5-жүрістік доңғалақ; 6-жылжыту жетегі; 7-баяу жүрісті білік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]