- •1 Жүк көтергіш машиналардың базалық параметрлері және түрлері туралы, кран механизмдерінің топтастырылуы мен принципті кинематикалық сұлбалары туралы айтып беріңіздер.
- •Крандық механизмнің серпімділік байланыстарын есепке алмай, статикалық, динамикалық, кинематикалық есептеу әдістерін баяндаңыздар.
- •Жүк көтергіш машинаға және оның салмақтық, желдік, инерциялық элементтеріне әсер ететін жүктемелерді сипаттаңыздар.
- •Крандардағы крандық механизмдердің жұмыстарының тәртібі қандай параметрлермен сипатталады?
- •Жүк көтергіш машиналардың өнімділігі қалай анықталады?
- •Жүк көтеру машиналарында қолданылатын электрлік, гидравликалық жетектердің, күштік жетектердің сипаттамасы және түрлері қандай? Қолдық жетектердің ерекшеліктері неде?
- •Жүк көтеру машиналарында қолданылатын тежегіш құрылымын және түрлерін баяндаңыздар.
- •Крандарда қолданылатын ілмектердің құрылымдарын айтыңыздар? Ілмек пен оның тіректік траверсінің есептеу әдісін баяндаңыз.
- •Грейферлік құрылғылардың құрылымдылық орындалуы және сыйымдылығы мен тиелетін жүктің түріне байланысты жалпы іріктеу әдістері қандай?
- •Кран ілмегіне ілінбейтін, дана жүктерге арналған жүк қармау құрылғыларының түрлері туралы, эксцентриктік жүк қармауларды есептеу туралы айтып беріңіз.
- •Цех ішіндегі автокөлік шаруашылығында пайдаланатын көтеру – тасымалдау жабдықтардың түрлері, қолдану саласын атаңыздар.
- •21.Жеңіл автокөліктерді көтеруге арналған көтергіштердің жіктелуі қандай?
- •22. Электрлі гидравликалық бірплунжерлі көтергіштердің құрылымы мен жұмыс істеу үрдісі.
- •23. Тұрақты екі бағаналы моделі п-133 электрлі механикалық көтергіштің құрылымы мен жұмыс жасау үдерістерін айтыңыздар
- •24. Бір плунжерлі жеңіл автокөлікті көтеретін көтергіштердің артықшылығы мен кемшіліктері, техникалық көрсеткіштерін атаңыздар.
- •27. Тіреуіштер мен домкраттарды қай жағдайда қолданылады,артықшылығы неде?
- •28. Төрт бағаналы автокөлік көтергіштердің түрлері, айырмашылығы, артықшылығы мен кемшіліктерін анықтаңыздар?
- •31. Жүк көтерімділігі 8000 кг, моделі п-112 көтергіштің құрылымы, артықшылы мен кемшіліктері неде?
- •32. Екі плунжерлі гидравликалық көтергіштің пайдалану саласы, артықшылығы мен кемшіліктері неде?
- •33. Жылжымалы төрт бағаналы, моделі п-238 көтергіштің пайдалануы, ерекшеліктері қандай?
- •34. Алты бағаналы электрлі механикалық моделі п-142 көтергіштің қолдануы, артықшылығы мен ерекшеліктері неде?
- •35. Электрлі механикалық немесе электрлі гидравликалық жұмысшы органы бар көтергіштердің айырмашылығы мен ерекшелігі қандай?
- •41 Екі балкалы көпір кранның негізгі конструктивті элементтерін атаңыздар.
- •Көпір кранның крандық арбасы не үшін арналады?
- •Төрт тағанды (сандал) кранның конструкциясы қандай?
- •Төрт тағанды (сандал) кран тіректеріне түсетін жүктемелерді қай формула көмегімен анықтайды?
- •Кран-балканың қолдану саласын атаңыздар.
- •Тасымалдауыш машиналардың құрылымы мен жұмыс істеуінің ең негізгі ерекшеліктерін атаңыздар.
- •Таспалы және шынжырлы конвейердің полотносы қандай функцияны орындайды?
- •Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлер қандай түрге бөлінеді?
- •Иілмелі тартқыш элементі бар конвейерлердің негізгі параметрлерін атаңыздар.
- •Пластинкалы конвейерлердің түрлері, құрылымы, жұмыс жасау үрдісін түсіндіріңіздер.
- •51) Шөмішті және қалақшалы конвейерлердің қолдануы
- •52) Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
- •53) Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
- •Конвейер құрылымы
- •54)Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
- •55)Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
- •56)Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
- •57)Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
- •58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
- •59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
- •60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
- •73. Пневмотасымалдайтын қондырғыны есептеудің əдістемесі
- •79. Автокөлік және трактор жасау өндірістерінде қолданылатын манипуляторлардың түрлері.
- •80.Манипуляторлардың ерекшеліктері, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •81. Манипуляторлардың қозғалу түрлері кандай?
- •82. Манипуляторлардың негізгі элементтерін атаңыздар?
- •Буын, кинематикалық жұп, кинематикалық тізбек дегеніміз не, олардың анықтамаларын келтіріңіздер.
- •Кинематикалық жұптардың негізгі көрсеткіштері және қозғалыс түрлері.
- •Кинематикалық тізбектегі бостандық дәреже санын қалай табамыз?
- •Ашық және тұйықталған кинематикалық тізбектердің айырмашылығы неде?.
- •Әр түрдегі кинематикалық жұптардың қозғалатын буындардың бес түрін атаңыздар.
- •Робот техникасының глобальды, региональды және локальды қозғалыстарына мысал келтіріңіздер.
- •Өндірісте қолданылатын аспалы конвейердің түрлерін атаңыздар.
- •Өндірістерде жасап шығарылатын аспалы конвейерлердің негізгі параметрлерінің диапазондарын келтіріңіздер.
- •91) Аспалы конвейерлердің негізгі бөлшектері мен құрылымын және олардың қолдану саласы.
- •92) Аспалы конвейердегі каретканы шынжырмен бірлескендегі құрылымы мен жұмыс істеу үрдісін түсіндіріңіздер.
- •93) Бұрылу құрылғыларының жұлдызшамен, блоктармен немесе роликтермен жабдықталған түрлерін түсіндіріңіздер.
- •94) Аспалы конвейердегі орналасқан тарту құрылғысының түрлерін, қолдануын, құрылымын және жұмыс жасау үрдістерін түсіндіріңіздер.
- •95) Конвейерді жүргізетін жетектердің түрлерін, қолдануын, құрылымын және жұмыс істеу үрдісін айтыңыздар.
- •96) Автокөлік және трактор жасау өндірістерінде қандай аспалы конвейерлер қолданады? Олардың қолдануы, түрлері, артықшылығы мен кемшіліктері.
58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
Роликті конвейерлер деп - рольганг осімен стационарлық роликтер немесе дискілер бойынша тасымалданатын əртүрлі көлемді дара жүктерге арналған тасымалдау құрылғыларын атайды. Тасымалдаудың қажетті шарты жүктердің беті тегіс немесе тура сызықты қырлары (құбыр тəрізділер үшін) болу керек. Роликті конвейерді жетекші жəне жетекші емес түрге бөледі. Жетекші емес конвейерлерде жүк ролик төсемінің аздаған еңістік бағытына қарай тікелей сыртқы қозғалыс күшімен жылжып тұрады. Жетекші конвейерлердегі тасымалданатын жүк топтасқан немесе жеке жетектік құрылғыдан айналатын тіреуіш роликтерімен ілінісу күші арқылы тасымалданады. Роликтер арасындағы қашықтық жүк əрдайым екі роликте жататындай болу керек.
Роликті конвейерлерді цех ішіндегі операциялар арасында орналасқан тасымалдау құралы ретінде, сондай-ақ жүк тиейтін- түсіретін жəне қоймадағы жұмыстарды орындау үшін пайдаланады. Роликті конвейерлердің элементтерін көптеген жүк тиейтін жəне түсіретін құрылғылардың, пакет құрайтын машиналардың құрамалы бөлшектері ретінде, басқа көтеру- тасымалдау машиналары жəне технологиялық жабдықтармен қатар жеке жүктерді қабылдау жəне жіберудің технологиялық жұмыстарына орындау үшін пайдаланады.
60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
Жылжымалы роликті конвейерлердің секцияларын дөңгелекке келтіреді (11.6г-сурет), ал көлбеу бұрышын реттеу үшін тіреулерді (тағандарды) жылжымалы (суырмалы) етіп жасайды.
11.6-сурет. Роликтік конвейерлердің сұлбасы: а–жетекші емес тұрақты; ə,б,в–конусты тісті, шынжырлы жəне белдікті берілістері бар жетекші; д–жылжымалы жетекші емес; 1–ролик; 2–жетек; 3–конустық тісті беріліс; 4–тізбекті беріліс; 5–белдікті беріліс; 6–редуктор; 7–шынжырлы беріліс
Цилиндрлікті роликтердің орнына көптеген жағдайда дискілік роликтерді пайдаланады, оларды арнаулы шариктік подшипниктерде жылжымайтын осьтерде орнатады. Осындай дискілік конвейерлерді қозғалмалы етіп жасайды.
Қозғалмалы дискілі конвейерлердің ені 160, 250, 400 жəне 650 мм болады. Конвейердің бойлық бағытындағы дискілердің адымы 40, 80 жəне 160 мм; көлденең бағыттағы дискілер адымы бойлық бағытындағы дискілер адымына қарағанда (0,5…1,0) құрайды. Жетекші емес роликті конвейерлердің қиылысы мен тармақталуы арнаулы өтпелі секцияларда болады, рельстерді жолға бұру тетігі сияқты орын ауыстырады. Қиылыстарда конвейердің арнаулы секциялары бұрылатын шеңберде құрастырылады жəне бір немесе басқа конвейердің ұзындығы бойымен орналастырылады. Жетекші роликті конвейерлер металлургиялық жəне ағаш өңдейтін өндірісте, дайындау цехтарында, қоймаларда əрі басқа конвейерлердің жолдарында немесе басқа технологиялық жабдықтарда (бояйтын, кептіретін, салқындататын, т.б.) кең таралған. Осы конвейерлер арқылы жүкті 5-тен 6˚-қа дейін көтеріп тасымалдауға болады. Жүкті жылжыту оны роликпен іліп алу арқылы іске асырылады. Жетекші роликті конвейерлердің роликтері топтасқан жəне жеке жетекті болады. Əр роликтің жеке жетегі (ауыр жұмыс жағдайларында) болуы мүмкін. Соңғы жағдайда əр роликті айналдыру үшін басқа құрылғылар (шынжыр, арқан, белдік, бірқатар тісті дөңгелектер жəне т.б.) қарастырылған. 11.6ə-суретте ролик білігінің соңында орнатылған конустық беріліс пен бойлық білігі жетегінің сұлбасы көрсетілген. Біліктері сыртындағы подшипниктерде айналып тұрады. Ауыр жұмыс жағдайына арналған осындай типті конвейерлерді кері айналатындай етіп жасайды. 11.6б-суретте роликтердің соңына екі шынжырлы жұлдызшалар орналасқан, қысқа жетекші шынжыр арқылы екі роликті біріктіретін жетектің сұлбасы көрсетілген. 11.6в-суретте белдікті берілістері бар жетек көрсетілген: роликтердің 1 астына редуктор 6 арқылы электрқозғалтқыштан жəне шынжырлы берілісі 7 бар жетекті жеңіл ленталық конвейерді 5 орнатады. Лентаның жоғарыдағы тармағы роликке қысылып, қозғалыс болған кезде роликтерді айналдырады.
61.
Жалпы қолданыстағы (МЕСТ 8324-71) тұрақты жетекші емес роликті конвейерлер (13.3,а-сурет) 160…1200мм ұзындықты, диаметрі 40…155мм және роликтер адымы 50…630мм роликтері бар секциялардан тұрады. Бұралатын (қисықсызықты) секциялардың радиусы 400мм-ден 4000мм-ге.
дейін. Конвейердің типтік өлшемі тасымалданатын жүктің салмағы мен өлшеміне және ролик жүктемесіне байланысты алынады.
Роликке деген есептік жүктемені G (Н) жүк ұзындығы ℓгр мен ролик адымының ℓ р арасындағы қатынасқа байланысты алады:
2ℓр < ℓгр < 3ℓp кезде F = 0,5G; 3ℓр < ℓгр < 4ℓp кезде F = 0,33G; 4ℓр < ℓгр < 5ℓp кезде F = 0,25G.
Жылжымалы роликті конвейерлердің секцияларын дөңгелекке келтіреді, ал көлбеу бұрышын реттеу үшін тіреулерді (тағандарды) жылжымалы (суырмалы) етіп жасайды.
62. Шанақ жəне көлiк қондырғыларында гравитациялық көлiк құралдары кең қолданылады. Гравитациялық, өздігiнен сырғымалы құрылғыда жеке қорапқа салынады немесе сусымалы материалдар өзінің салмақ күшінің əсерінен сырғып төмен қозғалады. Мұндай тасымалдауда еңісті құрылғы, сырғанау, роликті жəне бұрама еңісті, сусымалы жүктер үшін – науа жəне құбыр қолданылады. Төмен түсіру құрылғылары – болаттан немесе тақтайдан жасалған науа арқылы төмен сырғып түсуі үшін қолданылады. Пайдалануына байланысты олар үдеу қозғалысында, тұрақты жылдамдықпен немесе бəсеңдiкпен жұмыс iстей алады. Əртүрлі жылдамдықтағы қозғалыс еңістің қисық сызықты немесе құрама бетімен іске асады.
63. Дана жүктер үшін вертикальді, көлбеулік және шиыршықты түсірулер қолданылады. Көлбеулік түсіру ашық тік сызықты науашалы пішінді болады, оның көлденең еңкіш бұрышы дара жүктiң науа бетімен үйкелiс бұрышынан асуы керек, сонда ғана тасымалданатын жүк көлбеу науа бетімен сырғанайды.
Жүктердің науадан шығар жерінде, қауіпсіздікті сақтау үшін жылдамдығын төмендетеді, сол үшін науаның көлбеулігін сынық сызықпен немесе доға ретінде азайтады.
64. Дана жүктер үшін вертикальді, көлбеулік және шиыршықты түсірулер қолданылады. Көлбеулік түсіру ашық тік сызықты науашалы пішінді болады, оның көлденең еңкіш бұрышы дара жүктiң науа бетімен үйкелiс бұрышынан асуы керек, сонда ғана тасымалданатын жүк көлбеу науа бетімен сырғанайды.
Жүктердің науадан шығар жерінде, қауіпсіздікті сақтау үшін жылдамдығын төмендетеді, сол үшін науаның көлбеулігін сынық сызықпен немесе доға ретінде азайтады.
68. Гравитациялық қондырғының есебі.Тоқыраусыз жүкті төмен түсіру әсерінің басты шарты- бастапқы жылдамдық о , науаның формасы мен материал бетінің жылтырлығы және орналасу бұрышын таңдау β.
Науаның көлбеу бұрышының шамадан тыс үлкеюі жүктерді тозаңдатуға және бұзылуға, сонымен бірге конструкция габаритінің үлкеюіне әкеп соғады.
Жылдамдық
қағылез күштердің теңдеулерінен
түсірудің соңғы нүктесінде анықтайды:
Одан
69.
Гравитациялық қондырғының өнімділігі Q ( кг/с )
,
мұндағы ψ- науа немесе құбыр қимасының толтыру коэффициенті; F- науа ауданының қимасы, м2; ρ -материалдың тығыздығы, кг/м3.
71. Сығылған немесе сиретілген ауамен сусымалы материалдарды (жүкті) құбыр немесе науа бойымен тасымалдайтын көлікті пневматикалық көлік деп атайды. Пневматикалық тасымалдайтын қондырғыларды (пневмокөлікті) бункерлер мен силостарға сусымалы, үйілмелі материалдарды тиеуге, осы материалдарды қоймалардан өндірістерге жіберуге, теміржол вагондарына, кемелерде, автокөліктерге жүктерді тиеп жəне түсіруге, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланады. Құрылыс өндірісінде цемент, гипс, сода, бор, топырақтағы алюминий тотықтарын (глинозем), ағаш, металл үгінділерін, ал полиграфия өндірісінде жартылай жəне дайын өнімдерді, технологиялық қалдықтарды тасымалдау жəне т.б. ұқсас материалдарды тасымалдау үшін пневмокөлікті кеңінен қолданады. Осындай жүктерді, материалдарды ауамен араластырып, олардың қоспасын аэроқоспа түрінде тасымалдайды. Аэроқоспаны ауаның нақты жылдамдығымен арнайы құбырлармен əртүрлі қысыммен тасымалдайды. Сонымен аэроқоспаны тасымалдауға қажетті қысым күш пайда болады.
Жерден көтерілген күйде материалдарды, жүкті ауамен тасымалдайтын пневматикалық қондырғыларды соратын, айдайтын жəне аралас қондырғыларға бөледі . Соратын қондырғылардың құбырөткізгішіндегі қысымы атмосфералық қысымнан əрқашанда төмен болады. Айдайтын қондырғылардың құбырөткізгішіндегі қысымы атмосфералық қысымнан біршама жоғары болады. Аралас (сорып-айдайтын типті) қондырғылардың соратын құбырөткізгішіндегі қысымы төмен, ал айдайтын құбырөткізгіштегі қысымы атмосфералықтан жоғары болады.
Айдау сұлбасы бойынша жұмыс жасайтын қондырғыдағы сығылған ауа компрессордан ауажинағыш бен сүзгіге өтіп, құбырөткізгішке келіп түседі. Осы құбырөткізгішке бункерден бұрандалы қоректендіргішпен сусымалы материал да жіберіледі, ол ауа ағымымен араласып циклонға келіп түседі. Одан əрі ауа шаң ұстағыштан өтіп, атмосфераға босатылады. Материалды жəне шаңды шығарып тастау үшін шлюздік қақпақтарды пайдаланады. Айдайтын қондырғыдағы қысымның шамасы 0,4…0,6 МПа-ға жетеді.
Аралас типті қондырғылар бірнеше жүк тиейтін орындардан жүкті, материалды алып, бірнеше аймақтарға бір уақытта жіберіп тұрады. Вагондар мен кемелерден жүкті түсіру үшін өзі жүретін жəне жүзетін жүк тиегіштерді қолданады. Осындай машиналарды, мысалы, цемент жəне бидай өнімдерін түсіру үшін пайдаланады.
72. Соратын қондырғының саптамасындағы қысымын (Па) немесе құбырөткізгішке материалды енгізген кездегі шығындарды келесідей анықтайды: ( ) mu r ,5100,6250 2 =+ вв .
dт диаметрлі құбырөткізгіш бойымен аэроқоспаны горизонтальдік қашықтыққа ℓ (м) жəне биіктікке h, м тасымалдаған кездегі қысым шығынын келесідей анықтайды (Па):
Көтеру-тасымалдау машиналары
мұндағы k – ауа жылдамдығына байланысты коэффициент: uв = 15 м/с кезде k = 0,46; uв = 20 м/с кезде k = 0,33;uв = 25 м/с кезде k = 0,24. Аэроқоспаны тігінен көтерген кездегі қысым шығыны (Па): рп = 12,44 × h(1+ m ). Иілістер мен бұрылыстардың қысым шығыны: 2,160 ввк Qр u = . Циклондағы pц ≈ 2000 Па, сүзгідегі pф ≈ 1000 Па қысым шығындары. Сонда құбырөткізгіштегі қосынды шығындары: Σp = kп (pв + pм +pп +Σpк + pц + pф), мұндағы кп – ескерілмеген шығындар коэффициенті. Ауа сорғысымен тұтынатын қуат (кВт): Nн = Σp·Qв/1000. Қозғалтқыштың қуаты: Nдв = Nн /η, мұндағы η – сорғы жетегінің п.ə.к..
