Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
15 Мб
Скачать
☆
  1. Жүк көтергіш машинаға және оның салмақтық, желдік, инерциялық элементтеріне әсер ететін жүктемелерді сипаттаңыздар.

Жүк көтеру крандарын есептеулерде мына негізгі жүктемелерді ескеру керек: салмақтық (кран, жүк салмағы); жел жүктемесі (қар, мұз), динамикалық жүктеме.

Көтерілетін жүк салмағы Gгр оның массасының функциясы болады. Оның ең үлкен мәні белгілі бір крюк шығыңқысы үшін кранның номиналь жүк көтергіштігіне сәйкес келеді.

G = Q · g .

Жел жүктемесі – ашық жерде жұмыс істейтін кранның металқұрылымы мен көтерілген жүкке түседі. Кранның жұмыс істеу кезінде әсер ететін жел жүктемесін және жұмыс істемеу кезіндегі түсетін жел жүктемесін ажырата білу керек. Жүк көтеру машиналары қатты жел тұрғанда жұмыс жасамайды.

Динамикалық жүктеме қозғалыстың тұрақталмаған кезеңінде (іске қосу, тоқтау) пайда болады. Масса қозғалысының инерция күштерінен болатын және машина элементтерінің серпімділігі әсерінен пайда болатын тербелістік сипаттағы динамикалық жүктемелерді жатқызуға болады. 2–тақырыпта айтылғандай, Кранның барлық механизмдері жалпы жинақтамасына қарай біркелкі және бірізделінген сұлба бойынша құрастырылған: жетек (қозғалтқыш, тежеуіш), трансмиссия (беріліс), жұмыстық орган. Соңғысы шығу буыны болады. Оған сыртқы кедергі күш түседі. Көтеру механизмінде шығу буыны ретінде жүк көтеру лебедкасының барабаны жатады; оның диаметрі - Дб; ол барабанға арқанның тарту күші түседі, Sб; жылжу механизмінде – жүрісті дөңгелектер; оның диаметрі - Дк; оған жылжуға кедергі күші - Wn түседі; айналу механизмінде – кранның бұралатын бөлігінің айналу осі; оған қатысты айналуға кедергі моменті - Мвр әсер етеді; шығыңқыны өзгерту механизмінде – шығыңқы өзгерту лебедкасының барабаны; оның диаметрі - Дб.с.; ол барабанға жебені көтеретін арқаның тарту күші - Sб.т. түседі немесе тарту лебедкасының барабаны; оның диаметрі - Дб.т.; ол барабанға тарту арқанның керу күші - Sб.т. түседі.

Бұл механизмдер үшін сыртқы кедергі моменті мына формулалар көмегімен анықталады:

- көтеру механизмі үшін Мс = Sг · Дб / 2;

- жылыту механизмі үшін Мс = Wn · Дк / 2;

- бұрылу механизмі үшін Мс = Мвр;

- шығыңқы жебені еңкейту арқылы өзгерту механизмі үшін Мс = Sг.с. * Дб.с. / 2;

- жебе бойымен арбаның жылжуы кезінде Мс = Sб.т. · Дб.т. / 2.

Шығу буынының (барабан, жүріс дөңгелегі немесе кранның бұрылу бөлігі) айналу жиілігін (nc, айн/мин) және механизмнің ПӘК ( ) біле отырып, қозғалтқыштың қажетті қуатын (кВт) анықтауға болады:

N = Мс · nс / (9550 ·nm)

Тұрақталған қозғалыс кезіндегі табылған қуат мәні бойынша каталогтан қуаты (Ngb) және білігінің айналу жиілігі ngв қозғалтқышты таңдап алады.

  1. Крандардағы крандық механизмдердің жұмыстарының тәртібі қандай параметрлермен сипатталады?

Жүккөтергіш машиналардың негізгі

параметрлері

Жүк көтеру машиналары мына негізгі параметрлермен

сипатталады, оларға жүккөтергіштігі, жұмыстық жылдамдығы

жəне геометриялық параметрлері жатады. Берілген параметрлер

стандарт немесе машинаны жобалаудың техникалық

талаптарына сəйкес келуі керек.

Жүккөтергіштігі Q – жұмыстық жүкті көтеруге рұқсат

етілетін ең үлкен салмағы. Мұндай жүккөтергіштігін

номиналдық (паспорттық) деп атайды.

Беріктілігін есептеуде жүктің сəйкесті номиналдық жүк

көтеру салмағын ескереді:

G=Qg, (2.1)

мұндағы g = 9,81 м/с2 – еркін түсу үдеуі. Жүккөтергіш машиналарды бірыңғайландыру мақсатында

МЕСТ 1575-81 стандарт бойынша машиналардың барлық

түрлеріне арнап, 100 т-ға дейін 1,25 коэффициенті бар жəне

100 т-дан көп болса 1,125 коэффициенті бар геометриялық

прогрессияларын көрсететін бірқатар номиналдық жүк

көтерімділіктерді (0,01-ден 1250 т-ға дейін) бекіткен. Жебенің шығуын ұзарта бастаған сайын, кранның жүк

көтерімділігі төмендей бастайды, оны кранның жүктемелі

сипаттамасы деп атайды. Мұндай өзгерістегі жүк көтерілімдіктен

басқа, жүкті тиеуге рұқсат берілетін бұру моменті де машинаның

параметрі болып табылады. Жүктелу моменті М = Q R (т.м)

жебенің шығу ұзындығын, көтерілетін жүк салмағының

көбейтіндісіне тең деп қабылдайды. Кранның бөлшектері немесе механизмдерінің жұмыстық

жылдамдығы жүккөтергіш машиналардың маңызды көрсеткіші

болып табылады Жебенің (крюктің) шығуы R, м – кранның бұрылатын

бөлігінің айналу осінен горизонталь бойынша жүкті қармау

органының вертикаль осіне дейінгі арақашықтығы. Шығудың

максимальды Rmax жəне минимальды Rmin мəні болады.

Жүкті көтеру биіктігі H, м – кранның горизонталь деңгейінен

ең жоғарғы жұмыстық биіктікте тұрған жүк қармаушы органына

дейінгі вертикаль бойынша арақашықтығы. Алдыңғы параллель дөңгелектің арақашықтығы

(колея) К, м – кранның жүретін жолының тіректік бетінің

ортасынан өтетін бойлық ось арасындағы арақашықтық. Көпірлі

крандарда кран жолының рельстер осінің арасындағы

қашықтыққа сəйкес келетін L, м өткелді колея деп атайды.

База В, м – кранның алдыңғы жəне артқы дөңгелектерінің

немесе (жүк көтеру арбалардың) вертикаль осьтері арасындағы

арақашықтық.

Жүкті түсірудің тереңдігі h, м – кранның тұрған

деңгейінен төменгі жұмыстық қалыпта тұрған жүк қармаушы

органына дейінгі вертикаль бойынша арақашықтығы.

Жүкті көтеру (түсіру) жылдамдығы Vгр, м/с – лебедка

қозғалысының қалыптасқан кездегі нақтылы жүктің қозғалу

жылдамдығы. Көпжылдамдықты лебедкаларда кранның

берілген сипаттамасында жүкті көтерудің барлық

жылдамдықтары көрсетілген.

Жүкті отырғызу жылдамдығы Vпос, м/с – лебедкадағы

көтеру қозғалысындағы ең төменгі қалыптасқан жылдамдығы

(мысалы, монтаждық крандарда жүкті сындырмай, абайлап

түсіру).

Жебенің шығуын өзгертудің жылдамдығы Vс, м/мин –

жебе ұзарып, үлкенінен кіші мəніне дейін өзгерген кезде

жұмыстық жүкті горизонталь бағытта қозғалтудың орташа

жылдамдығы немесе кранның горизонтальді балкалық жебесі,

тіптен, оның көпірі бойынша жүк таситын арбаның

(каретканың) горизонталь қозғалу жылдамдығы.

Кранды қозғалту жылдамдығы Vnep, м/мин –

горизонталь жол бойымен қалыптасқан режимдегі нақты жүгі

бар кранды қозғалту жұмыстық жылдамдығы.

Тасымалдау жылдамдығы Vт, км/сағ – өзінің жетегімен

кранды тасымалдауды қамтамасыз ететін немесе қозғалтудың

жылдамдығы.

Кранның айналу жиілігі n, мин-1 – жебені максимальды

ұзартқан кездегі жəне ілмекте үлкен жүгі бар кранның

бұрылмалы бөлігінің айналу жиілігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]