Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Экономика

2 - сабақ. БАНК ЖҮЙЕСІ

1 - тапсырма Сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіз

1. Ұлттық банк

соглашение

2. халықаралық шарттар

полномочие

3. келісім

регулирование

4. өкілеттік

Национальный банк

5. тұрақтандыру

международные условия

6. құндылық

ценная бумага

7. бағалы қағаз

вкладчик

8. ақша айналымы

расчет

9. есеп айырысу

ценность

10.салымшы

денежный оборот

2 – тапсырма Мәтінді оқып шығыңыз

Ұ лттық банк республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Ұлттық банк өз жұмысын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады. Ұлттық банктің басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Ұлттық банк – ақша, алтын, валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісі мен бағалы қағаздардан түскен табыстар сонымен қатар сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады; ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді; несие берушілер мен салымшалардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің атқаратын қызметтері:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу

2. Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау.

3. Банктердің банкісі қызметін атқарады.

4. Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі болған үкімет республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады.

5. Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметін атқарады.

6. Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі атқарады.

7. Елдің алтын валюта қорларын басқарады.

8. Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты: жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы провизияларынан /резервтерінен/ құралады.

(Мақыш Серік Биханұлы. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы, 2004 ж.)

3 - тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Ұлттық банк өз жұмысын неге сүйене отырып жүргізеді?

  2. Ұлттық банк нені басшылыққа алады?

  3. Мүліктің құралу көздеріне нелер жатады?

  4. Ұлттық банктің негізгі міндетін ата.

  5. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері

4 – тапсырма Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіз

Банковский капитал, банковский работник, банковские операции, банковские услуги, центральный банк, сберегательный банк, инвестиционный банк, акционер банка.

5 – тапсырма Диаграмманы толықтырыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]