Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

10. Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.

1.Жердің көркі: орман, тоғай, бұлағы,

Елдің көркі: қала, қыстақ, тұрағы

2. Ағаш – жапырағымен, жер – топырағымен.

3. Арық қазған су ішер, араздасқан у ішер

4. Қыс – қыс сияқты болсын, қыз – қыз сияқты болсын.

5. Жаман көлдің суы ащы, жаман әйелдің тілі ащы.

6. Тау мен тасты сел бұзар, адамзатты сөз бұзар.

11.Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.

...... республикамызда табиғаты таңғажайып жерлер өте жиі кездеседі . .... ішінде Қатонқарағайдың табиғаты ерекше сұлу. Қатонқарағай жерінде бұғы мен марал көп өсіріледі. ... мүйізінің қаны панта деп аталып, .... «пантокрин» деген емдік дәрі даярланады. Қатонқарағайда ара балы өндіріледі. Ара балы керемет табиғи дәрі, дәруменге бай тағам. Бал арасынан алынатын бал ара уы, перга, балауыз және ара желімі медицина, техникада кең қолданылады.

СОӨЖ тапсырмасы:

1. «Қазақстан жеріндегі қорықтар мен парктер » тақырыбына презентация дайындаңыз.

21-сабақ

Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет.

Қалау мәнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік +ғы (-гі, -қы, -гі) + ТЖ келу, етістік +ған (-ген, -қан, -кен) + ТЖ + ТС қалау тіркестері және т.б. тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.

Лексикалық қор

Алтын, ер жету, тіршілік ету, құрал-жабдық, түзелу, жердің сыртқы келбеті, зерттеу, даму сатысы, ғылым, заттық белгілер, пайда болу, амин қышқылдары, саналады, белгісіз, кәдімгі, сөз, көздері, қоректендіру.

  1. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Күн, жер планетасы, қоршаған орта, жер қойнауы, уақыт, зерттеулер, болжамдар, ғылым, тіршілік.

  1. «Орта» сөзін қатыстырып бірнеше сөз тіркесін жасаңыздар.

  1. Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыздар.

Жер – біздің анамыз

Біздің сөз етіп отырғанымыз Күн планетасы емес, бір күн дейтін уақыт. Осы уақыт аралығында Жер өз осінен бір рет айналып шығады. Ол сағаттық өлшеммен алғанда 24 сағат. Былай қарағанда көпшілігіміз мән бере бермейміз. Кешкілік көк күмбезді аспаннан самсаған сан жұлдыздарды көреміз ғой. Келесі күні жұлдыздар тағы да сол жерде пайда болады. Бұл екі аралықта 23 сағат 56 минут 4,09 секунд уақыт өтеді. Мұны жұлдыздық күн деп атайды. Жердің ішкі ядросының бар екенін білеміз. Ол темірден және никельден тұрады. Одан беріде металдардың балқыған кремнийлі және күкіртті қосылыстарынан және олардың тотықтарынан құралған мантия қабаты орналасқан. Ал жердің сыртқы қабығы оттегі мен кремнийден құралған. Бұдан 4 млн. жыл бұрын Жердің сыртқы бетін самсаған метеорит шұңқырлары мен жанартаулар қаптап жатқан деген топшылау айтылады.

Жерде тіршілік бар. Адам баласы өмір сүреді, өйткені мұндағы температура судың жердің сыртқы бетінде тұруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, атмосферада оттегі бар. Ауа мен су тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік!

Жер планетасын біз жайдан-жай анамыз, алтын ұя – бесігіміз деп атамаймыз. Өйткені, ол біздің тұрақ – мекеніміз ғана емес, әрі асыраушымыз да. Біз осында өмірге келіп, есейіп, ер жетеміз, көз жұмғанша тіршілік етеміз.

Тіршілік етуге қажетті барлық нәрсені: тағам-тамақты, киім-кешекті, басқа да заттар мен құрал-жабдықтың бәрін жер қойнауынан аламыз. Ендеше, Жер біз үшін қымбат та, асыл АНА!

Олай болса, біз осы Жер туралы не білеміз?

Ғалымдардың болжауы бойынша Жер осыдан 4,5млрд. жыл бұрын жаңадан көзін ашқан Күннің айналасындағы ыстық қарақошқыл шаң мен газ тәрізді заттардың қоюланып, түзілуінен пайда болған. Бүгінде күн жүйесінде тоғыз планета бар дейтін болсақ, олардың да өмірге келуі солай деседі. Арада тағы да жарты миллиард жыл өткеннен кейін Жердің бетінде қатты жыныс-қабық, айналасында атмосфера қалыптасты. Бұл адам баласының табанын тірейтін және тыныс алатын өмір-тіршіліктің бастауы еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]