Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология

Алуа:–Нейля, сенің жұмыс кабинетіңде қандай техникалық құралдар бар?

Нейля: –Компьютер, цифрлы фотоапарат, плеер, iPODбар.

Алуа: – Мен кеше notebook сатып алдым.

Нейля: –Компьютеріңді интернет желісіне қостың ба?

Алуа: – Иә, әрине. Жылдамдығы жоғары интернет жүйесіне қостым. Мен интернет материалдарын көп оқимын ғой.

Нейля: – Сен «Power Point» бағдарламасымен жұмыс істей аласың ба?

Алуа: – Әрине, Power Point» бағдарламасын тез үйреніп алдым. Оның пайдасы көп екен. Сол арқылы презентациялар жасап жүрмін.

15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.

16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.

Тірек сөздер: хабар, алу, алмау, ақпарат, желісіне қосу, жүйе, поштаны ашу, поштаны пайдалану, іздеу, интернет желісі, арна, скайпты қолдану, скайп арқылы хабар алу.

17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы

ХХ ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. Интернет1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келді. Оны соғыс бола қалған жағдайда бірбірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-тың орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. 60-жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютержелісінің үзілмеуі үшінарнайы жүйе жасады, тәжірибенің ойдағыдай жүргізілу барысында ARPA net желісі пайда болып, ол Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютерді ғана біріктірді.

1990 жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттің мүмкіндігі шексіз. Үйден шықпай газет бетін парақтағыңыз келе ме, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдік торды қолдансаңыз болды. Гиперсілтеме жүйесі арқылы қажетті басылымыңызды санаулы минуттар ішінде тауып аласыз. Ғаламшарымыздың кез келген нүктесіндегі ауа райын, ақпараттық агенттіктің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе, Интернет жәрдем беруге әзір. Шалғай елдерге сапар шексеңіз, өзіңізге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлік ойын әуесқойы да –бәрі қажет ақпарат таба алады.

18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.

Интернет туралы қандай ................. білесіз?

ақпарат, хат

Интернет1960 жылдары .......... дүниеге келді.

АҚШ-та, Үндістанда

Күнделікті интернетті қарап отыру ......... адамдардың қалыпты тірлігіне айналды.

қазір, өткен жылы

Интернеттен ........ тобының «Өз елім» атты жеке концертін көрдім.

«МузАРТ», «А Студио»

19. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс анықтап жазыңыздар.

1) Интернеттің негізі жоқ жасалғанымен, оның нақты қожайыны АҚШ-та.

2) Интернетке жасай ешкім де қожалық жеке дара алмайды.

3) Ғаламшарымыздың нүктесіндегі ауа райын, жаңалықтарынақпараттық агенттіктің соңғы кез келген білгіңіз келсе, Интернет жәрдем беруге әзір.

20. Берілген жоспар бойынша эссе жазыңыз.

1. Заман жетістіктері.

2. Интернет қуаты.

3. Қоғам және интернет.

4. Менің электрондық поштам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]