Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_2016_V-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆
  1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіздер?

  2. Салт-дәстүрлер не үшін керек? Мәні неде?

  3. Қазақ халқы қонақты қалай қарсы алады?

  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыздар. Шілдехана тойы

Ұрпақ тәрбиесі – әр халықтың салт-дәстүрінің маңызды бөлігі. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтың кәсібіне, сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде берілетін ұлттық құндылықтардың бірі.

Әрбір халық өзінің болашағын ойлайды, сондықтан ұрпағына жақсы тәрбие беру – олардың негізгі мақсаттарының бірі.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша бала дүниеге келген күні кешке ауылжастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады. Өнерліжастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салады,күй тартады. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.Қыз-келіншектерайтысады. Шілдеханаға тек жастар ғана қатысады, ал ауыл үлкендеріқатыспайды. Өйткені жаңа туған нәрестені жын-шайтаннан, перілердіңсалқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардыңміндеті.

(«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шілдехана қандай той?

————————————————————————————————

2. Шілдехана қалай тойланады?

————————————————————————————————

3. Шілдеханаға не себепті үлкендер қатыспайды?

————————————————————————————————

3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз. Бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Бесікке салу

Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне,әйелдеріне тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікүстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «Бесіккесалар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры»айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланыкездейсоқ құлаған заттан, суықпен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладансақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі сияқты заттар тағыпқояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқаағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, иіс болмайды.

(«Қазақхалқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Баланы бесікке кімдер бөлейді? Не себепті?

————————————————————————————————

2. «Бесікке салар» кімге беріледі?

————————————————————————————————

3. Не себепті бесікке тұмар іледі?

————————————————————————————————

4.Бесікті не себепті талдан жасайды?

————————————————————————————————

6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.

Разрезание пут. Этот ритуал проводится, когда малыш делает первыешаги. Его ножки обвязывают тонким пестрым шнурком или веревкой,сплетенной из травы, разрезать которые доверяют энергичномумногодетному человеку. Обряд сопровождается песнями и пожеланиями,чтобы ребенок твердо стоял на ногах, уверенно шел по жизни. Ритуалзавершается тоем. В старину после «тұсаукесер» ребенку дарили коня иседло. Пестрый шнурок подразумевает, что в жизни бывают не толькобелые, но и черные полосы – будущий джигит должен уметь преодолеватьтрудности. Веревка, сплетенная из травы, означает процветающую жизнь имного детей.

(Мұхамадиева Н.Қ., Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]