Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

12 Билет

1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.

CASE-технологиясын жүзеге асыратын бағдарламалық-технологиялық құралдар мәліметтер қорларын жасау мен ақпараттық жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған. CASE (Computer Aided Software Engineering) терминін компьютер көмегімен бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау деп аударуға болады. CASE-құралдары дегеніміз – бұл талаптарды талдау мен тұжырымдау, мәліметтер қорлары мен қосымшаларын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және тағы басқалар сияқты ақпараттық жүйелерді жасау мен ілесе жүру үдерістерін қолдайтын бағдарламалық құралдар.

CASE - жобалық арналымдарды құруды қамтамасыз ететін талдау мен жобалау құралдары, мысалы, Vantage Team Builder, Silverrun, PRO-IV;

Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз. Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі. 

Жобалау құралдарын екі класқа бөлуге болады: ЭЕМ-ді қолданбайтын және ЭЕМ-ді қолданатын. ЭЕМ-ді қолданбайтын жобалау құралдары ақпараттық жүйені жобалаудың барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылады. Оларға жобалау операцияларын қамтамасыз ету, яғни жүйенің жобалану үрдісін регламентациялайтын әр түрлі стандарттар. Мұнда ақпаратты жіктеу мен кодтаудың біртұтас жүйесі, ақпарат ағынын сипаттау және талдау т.б. кіреді.  ЭЕМ-ді қолданатын жобалау құралдары ақпараттық жобалаудың үрдісінің дербес немесе барлық стадиялары мен кезеңдерінде қолданылуы мүмкін және сәйкесінше жүйе жобасының элементтерін, жүйе жобасының бөлімдерін немесе жүйе жобасының біртұтас өзін құруды қолдайды. 

2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.

WHERE - SELECT командасының сөйлемі, ол предикаттарды орнатуға мүмкіндік береді, олардың шарттары дұрыс немесе дұрыс емес болуы мүмкін кез келген кестенің бағаны үшін. Команда кестедегі тек осы ұйғарым дұрыс болатын бағандарды ғана шығарады.

Мысалы, сіз Лондондағы барлық сатушылардың аттары мен комиссиондарын көргіңіз келеді. Сіз төмендегі команданы тере аласыз:

SELECT sname, city FROM Salespeople WHERE city = "LONDON";

WHERE сөйлемі берілген кезде, мәліметтер базасының программасы бір-бірлеп барлық кестенің бағандарын қарап өтеді және әрбір жолды тексереді ұйғарымның дұрыстығын тексеру үшін. Демек, Peel жазуы үшін, программа city бағанының ағымды мәнін қарайды, ол "London" екнін анықтайды, және осы жолға нәтижесін шығарады. Serres үшін жазу енгізілмейді, және сол сияқты.

WHERE сөйлеміндегі сандық өрісға мысал келтірейік. rating жолы Тапсырыс берушілер кестесіндегі тапсырыс берушілерді кейбір критерийлер бойынша негізгі топтарға бөлу үшін қолданылады, олар кейіннен осы номер арқылы алынады. Мүмкін бұл – кредитті бағалау немесе алдыңғы сатып алынған заттар томына бағалау формасы. Мұндай сандық кодтар реляциялық мәліметтер базалары үшін қиын ақпараттарға қорытынды шығаруға арналған тәсіл ретінде өте маңызды. Біз рейтингісі 100 болатын барлық тапсырыс берушілерді келесі түрдегідей таңдап ала аламыз.

SELECT * FROM Customers WHERE rating = 100;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]