- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2) Sql тілінің элементтері
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
25 Билет
1 Мәліметтер қоры. Файылдық құрылым мәліметтері. Мәліметтер қоры дегеніміз мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т.б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті – ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады. Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды. Мәліметтер қорының құрылымы Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды.
|
2 SQL – тілі. Жалпы мәліметтер. SQL (structured query language – «құрылымдық сұраныс тілі» ) – формалдық бағдарламалық тіл, бірақ процедуралық бағдарламалауға жатпайды. Реляционнық деректер қорында мәліметтерді құруға, өзгертуге және оларды басқаруға арналған. Арнайы деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы басқарылады. Бұл тілдің кеңейтілуі *.sql. Алғашында SQL қолданушының деректер қорымен негізгі жұмыс істеу әдісі болатын және төмендегі келтірілген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін: Дерек қорында жаңа кестені жасау үшін; Кестеге жаңа мәліметтерді қосуға; Мәліметтерді өзгертуге; Мәліметтерді жоюға; Бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді алуға; Кестелердің құрылымын өзгертуге. Уақыт өте келе SQL тілі жаңартылып жаңа конструкциялармен толықтырылды. Мысал ретінде индекстер, елестер, триггерлер және сақталатын процедуралар. SQL операторлары келесі түрлерге бөлінеді: Мәліметті анықтайтын операторлар (Data Definition Language, DDL): CREATE ДҚ объектін құрады (дерек қорының өзін, кестелерді, елестеулер, пайдаланушылар және т.б.); ALTER объектті өзгертеді; DROP объектті жояды. Мәліметтермен манипуляция жасау операторлары (Data Manipulation Language, DML): SELECT берілген шарттарды қанағаттандыратын мәліметтерді оқийды; INSERT жаңа мәліметтерді қосады; UPDATE бар мәліметтерді өзгертеді; DELETE мәліметтерді жояды. Мәліметтерге қол жетімділікті анықтайтын операторлар (Data Control Language, DCL): GRANT пайдаланушыға (топқа) объектпен белгіленген операцияларды орындауға рұқсат береді; REVOKE бұрын берілген мүмкіндіктерді қайтарып алады; DENY тыйым салады Транзакцияларды басқару операторлары (Transaction Control Language, TCL): COMMIT транзакцияны қабылдайды; ROLLBACK қазіргі транзакцияда істелінген барлық өзгерістерді қайтарады; SAVEPOINT транзакцияны кішігірім бөліктерге бөледі. Артықшылықтары және кемшіліктері. Артықшылықтары. Нақты ДҚБЖ дан тәуелсіздігі.Диалектінің және синтаксисінде айырмашылығының барлығына қарамастан, SQL сұранысының мәтіні DDL және DML құрамынан тұратын сұраныстарды бір ДҚБЖ дан басқасына оңай ауыстыруға болады. Стандартының барлығы. Декларативтігі, яғни бағдарламашы SQL арқылы өзіне керекті мәліметтерді шығарады немесе түрлендіреді. Кемшіліктері. Реляционды деректер моделінің сәйкессіздігі. Реляционды деректер моделінің құрушылары Эдгар Кодд, Кристофер Дейт және олардың жақтаушылары SQL ді шынайы реляциондық тіл деп есептемейді. Олар реляциондық теория көзқарасы бойынша SQL дің келесі ақауларын көрсетеді: қатарлар-көшірме нұсқалар; анықталмаған мәндер (null); бағаналардың реттігін пайдалану; атсыз бағаналар және қайталанатын бағаналар аты; «=» операциясымен дұрыс істемеушілігі; көрсеткіштерді пайдалану; жоғары артықтық. Қиындығы. Алғашында SQL соңғы қолданушыға жұмыс істеу құралы ретінде ойластырылған болатын, бірақ соңына келе ол біршама өзгерістерге ие болып, бағдарламашының құралына айналды. Стандарттардан шегіну. Өзінің халықаралық ANSI SQL-92 стандарты болғанымен көптеген ДҚБЖ бағдарламашылары SQL тіліне өзгерістер енгізеді. Иерархиялық құрылымдықтармен жұмыс істеу қиындығы. Біршама ДҚБЖ бұрын SQL диалектілерін иерархиялық құрылымдарымен әртүрлі манипуляциялардың түрлерін ұсынбаған болатын. Кейбір ДҚБЖ өздерінің шешімдерін ұсынды. Мысалы, Oracle Database де CONNECT BY көрінісі пайдалынады. Қазіргі уақытта SQL DB2 диалектінен WITH рекурсивті конструкциясы ANSI да стандарттылған. Microsoft SQL Server де рекурсивті сұраныстар (Recursive Common Table Expressions) 2005 ші версиясында ғана пайда болды. Процедуралық кеңейтілімі. SQL процедуралық бағдаламалық тілдер қатарына енбейді. Негізінен әрбір ДҚБЖ де өзінің процедуралық тілі қолданылады, сонымен бірге Oracle Database де PL/SQL, Interbase және Firebird де PSQL, DB2 де SQL PL, Microsoft SQL Server және Adaptive Server Enterprise де Transact-SQL, PostgreSQL де PL/pgSQL.
|
