Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

14 Билет

1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз – бұл МҚ-ны құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені. Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-лар реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады.

Алғашқы МҚБЖ-ларға келесілер жатады: IMS (IBM, 1968 ж.), IDMS (Cullinet, 1971 ж.), ADABAS (Software AG, 1969 ж.) және ИНЭС (КСРО АҒ ВНИИСИ, 1976 ж.). Қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйелері мыңдап саналады.

Әлемде МҚБЖ-ның 1000-нан астам түрі бар. Мәліметтер қорын басқарудың әр алуан жүйелері мәліметтердің әр түрлі модельдерін пайдаланады. Мәліметтер қорының әр түрлі модельдеріне негізделген МҚБЖ-лардың мысалдарына төмендегілер жатады:

Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;

Желілік модель- IDMS, db-Vista III;

Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software),;

Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;

Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware);

Объектілі бағытталған модель – POET( POET Sofyware), Jasmine (Computer Associates).

Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft) көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).

МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:

мәліметтерді құру және бақылау;

мәліметтерді қорғау және бақылау;

көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;

пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;

қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.

2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.

MS Access МҚБЖ негізгі объектілері

Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер: Кесте, форма, сұраныс, есеп.

Кесте. МҚ негізгі объектісі. Кестеге сүйене отырып, форма, есеп, сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады.

Форма. Кей жағдайда әр түрлі жазуларда сақталған ақпаарттарды енгізу қолайлы. Форма көмегімен кестедегі мәліметтердің қаншасын көргіңіз келсе, соны көре аласыз. Формамен жұмыс жасағанда кестедегі барлық ақпаратты көре аласыз және ол көркем, көрнекі түрде беріледі. Мұнда мәліметтерді енгізуге және жоюға болады.

Сұраныс. MS Access-тегі сұраныс алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады

Есеп. МҚ жұмыс жасағанда керек ақпаратты баспаға шығару керек болады. Есепті осы кезде қолданған қолайлы. MS Access-те есеп көмегі арқылы сұрыптау, есептеу, реттеу әрекеттерін жүргізуге болады.

15 БИЛЕТ

1 Мәліметтер қорын тұғырнамалық жобалаудың ұстанымдары. Пайдаланушылардың жасалып жатқан мәліметтер қорына қоятын талаптарын көрсететін объектілердің жиынтығын модель деп атайық. Осылайша, модель қойылған міндетті шешу үшін болмыстың қажетті кейіптемесін береді. Әрине, модель пайдаланушылардың талаптарын дәл бейнелеуі тиіс, онда қойылған міндетті шешуге қажетті объектілер ғана болуы тиіс, онда сол міндетке керек емес нысандар болмауы керек. Сондықтан мәліметтер қорын жобалау мен жасау кезінде модельді қалыптастыру процесі маңызды роль атқарады. Егер бұл процесс тиісті деңгейде орындалатын болса, онда модель міндеттерді дұрыс шешу көзіне айналады. Әзірленген модель тұғырнамалық модель деп аталады. Мәліметтердің тұғырнамалық моделі сонымен қатар семантикалық модель деп те аталады, себебі ол нақты әлемдегі заттардың мәндерін белгілеп отырады. Тұғырнамалық модельдің басты элементтері объектілер мен қатынастар болып табылады.

Модельдегі міндетті шешу үшін қажетті нақты әлемнің категорияларын бейнелейтін нысандар нақты заттар (физикалық нысандар), сондай-ақ абстрактілі (тұғырнамалық) заттар болуы мүмкін. Нақты нысандардың мысалдары адамдар, машиналар, ағаштар, кітаптар, құрылыстар және т.б. болып табылады. Компаниялар, іскерлік әрекеттер, білімдер, дағдылар және т.б. – бұл абстрактілі нысандар. Бір нысанға көптеген бір типті элементтер жиыны біріктіріледі, ол объектілі жиын деп аталады. Жобалау барысында объектілі жиындарды нақтылау мен қорытындылау қажеттілігі туындайды. Мысалы, келесі суретте (1.9-сурет) «Заңды тұлға» және «Жеке тұлға» деген объектілі жиындар «Клиент» объектілі жиынының нақтылануы болып табылады.

Клиент

Заңды тұлға

Жеке тұлға

нақтылау

1.9-Сурет. Объектілі жиынды нақтылау

Жалпы жағдайда, нақтылау дегеніміз – бұл басқа объектілі жиынның ішкі жиыны болып табылатын объектілі жиын.

Қорытындылау дегеніміз - бұл нақтылауға кері келетін процесс және ол өз құрамында өзге объектілі жиындарды қамтитын объектілі жиын болып табылады.

Тұғырнамалық модельдің басқа элементі қатынас болып табылады. Қатынас екі объектілі жиынды байланыстырады. Қатынас бір объектілі жиынның элементі мен басқа объектілі жиынның элементінен тұратын жұптарды құрайды. Осылайша, қатынас бастапқы объектілі жиындардың сәйкес элементтерінен көптеген жұптарды құрайды. Қатынастың өзі құрамдас деп аталатын объектілі жиын болып табылады. Қатынас көбінесе етістік арқылы беріледі. Мысалы, «еркек» және «әйел» деген объектілі жиындар «неке құрған» деген қатынаспен байланыстырылуы мүмкін және сол арқылы «жанұялық жұп» деген құрамдас жиынды құрайды. Құрамдас жиын келесі суретте (1.10-сурет) көрсетілгендей өзге объектілі жиынмен байланыстырылуы мүмкін.

2 HAVING сөйлемі. HAVING сөйлемінінің көмегімен, сөйлемде берілген шарттарды қанағаттандыратын, GROUP BY арқылы алдын ала топталған мəліметтер блоктары бейнеленеді. HAVING жəне WHERE шарттарының айырмашылықтары: – HAVING нəтижеленетін мəліметтер жиынына агрегатталған мəндік нəтижелер тобын қоспайды; – WHERE жазбалар тобы бойынша агрегаттық мəндер есебінен , шартты қанағаттандырмайтын мəндерді алып тастайды; – WHERE іздеу шартына , агрегатты функцияларды беруге болмайды.

10 Мысал. Келісімдердің жалпы саны үштен асатын фирмаларды анықтау.

SELECT Клиент.Фирма,

Count(Келісім.Саны)

AS Келісім_саны

FROM Клиент

INNER JOIN Келісім

ON Клиент.КлиентКоды=Келісім. КлиентКоды

GROUP BY Клиент.Фирма

HAVING Count(Келісім.Саны)>3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]