- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2) Sql тілінің элементтері
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
Реляциялық алгебра Реляциялық алгебра – бұл реляциялық кестелерді өңдеу тілі. Реляциялық алгебра келесі амалдардан тұрады:
біріктіру;
қиылысу;
айыру;
көбейту;
таңдау;
проекцияны құру;
проекция;
қосу (жалғау);
бөлу;
меншіктеу.
Реляциялық алгебра қатынастарды аргумент ретінде және қайтаратын қатынастарды нәтиже ретінде көрсететін операторлар жиынынан тұрады. Осылайша , реляциялық оператор f қатынастармен аргумент ретінде функция түрінде беріледі.R=f (r1,r2,…,rn).
Реляциялық алгебра тұйық болып табылады, яғни аргумент ретінде реляциялық операторға типі бойынша сәйкес келетін басқа реляциялық операторларды қоюға болады.
R=f(f1,(R11,R12,…),f2(R21,R22)
Бөлу амалы бір кестенің ішінен екінші кестенің әрбір жолына сәйкес келетін жолдарды таңдап алу арқылы жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
xу
a b b
c d / e = a
a e f
a f
Меншіктеу амалы реляциялық алгебраның алдыңғы амалының нәтижесіне қандай да бір атау меншіктейді.
Мысалы:С:= JOIN(А, В)
Сонымен, реляциялық алгебра дегеніміз – бұл реляциялық кестелерді өңдеудің процедуралық тілі, басқаша айтқанда реляциялық алгебра есептің қадамдық шешімін қамтамасыз етеді.
11 Билет
1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.
Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.
Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.
Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.
Жазба — өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.
Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.
Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар
- мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;
- мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.
МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде
- мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;
- дербес МҚБЖ
деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар — Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.
Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.
MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;
- кестелер арасында байланыстар орнату;
- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;
- туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.
әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор — жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардантұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған — өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. ¤ріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
2 GROUP BY сөйлемі.
GROUP BY толықтай өріс мәні арқылы табылатын агрегаттық функцияның барлық сериясы қолданылады. Бұл кезде, әрбір топтағы барлық жол сол snum өріс мәнінен тұрады, және MAX функциясы әрбір топқа жекелей қолданылады. Бұл GROUP BY қолданылатын өріс мәні, ол еңгізу тобында бір ғана мән қабылдайды, агрегаттық функцияға ұқсас. Нәтижесінде агрегат пен өрістерді біріктіреді.Сол сияқты көпсандық GROUP BY өрісін қолдануға болады. Мысалы, егер сіз әрбір сатушының күніне алатын жалақысын есептеу керек болсын. Ол үшін сіз сатушының әр күнде алатын жалақысын біріктіріп, осылардың әрбіріне MAX функциясын қолданамыз.(төмендегідей):
SELECT snum, odate, MAX ((amt)) FROM Orders GROUP BY snum, odate;
Айталық, алдыңғы мысалда, сіз $3000.00 аспайтын максималды сумманы алдық . Сіз агрегаттық функцияны WHERE қосымшасында қолдана алмаймыз ( егер сіз келесі сұранысты қолдансаңыз), өйткені предикаттар бір жолдық терминде бағаланады, агрегаттық функция жолдық топ терминімен бағаланады. Бұл дегеніміз сіз төмендегіге ештеңе істей алмайсыз:SELECT snum, odate, MAX (amt) FROM Oreders WHERE MAX ((amt)) > 3000.00
GROUP BY snum, odate;
