Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

2 Компьютерлік желідегі sql.

SQL компьтерлік деректер қорындағы мәліметтерді өңдеуге және оқуға арналған құрал болып табылады. SQL – құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы (Structured Query Language). Аты айтылғандай, SQL пайдаланушының деректер қорымен өзара әрекетін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын бағдарламалау тілі. Шын мәнінде SQL реляциялық типтегі деректер қорымен жұмыс жасайды. Қабылданған схемаға сәйкес, есептеу жүйесінде маңызды ақпарат сақталатын мәліметтер қоры болады. Егер есептеу жүйесі бизнес саласына қатысты болса, онда деректер қорында шығарылатын өнімнің материалдық құндылықтары, сатылым көлемі және жалақысы жайлы ақпарат сақталуы мүмкін. Персоналды компьютердағы деректер қорында жазып шығарылған чектар, телефондар және мекен-жайлар туралы ақпарат немесе үлкенірек есептеу жүйесінен шығарылған ақпараттар сақталуы мүмкін. Деректер қорын басқаратын компьютерлік бағдарлама деректер қорын басқару жүйесі немесе ДҚБЖ деп аталады. Егер пайдаланушыға деректер қорынан мәліметтерді оқу қажет болса, ол оны ДҚБЖ-нен SQL көмегімен сұрайды. ДҚБЖ сұранысты өңдейді, қажетті мәліметтерді табады және оларды пайдаланушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау процесі және нәтиже алу деректер қорына сұраныс деп аталады: осыдан оның атауы – құрылымданған сұраныс тілі. Бірақ бұл атау шындыққа аса сәйкес келмейді. Біріншіден, қазір SQL қарапайым сұраныс құру құралына қарағанда үлкен мәнге ие, алайда ол бастапқы осы үшін жасап шығарылған. Ештеңеге қарамастан, мәліметтерді оқу бұрынғыша SQL-дің маңызды функцияларының бірі болы қала береді, қазір бұл тіл ДҚБЖ-нің пайдаланушыға мүмкіндік туғызатын барлық функционалдық мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында пайдаланылады, олардың ішінде:

 мәліметтерді ұйымдастыру. SQL пайдаланушыға мәліметтер көрінісінің құрылымын өзгертуге, сонымен қатар деректер қоры элементтерінің арасында қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

 мәліметтерді оқу. SQL пайдаланушыға немесе қосымшаға деректер қорындағы мәліметтерді оқуға және оны пайдалануға мүмкіндік береді.

 мәліметтері өңдеу. SQL пайдаланушыға немесе қосымшаға деректер қорын өзгертуге, яғни оған жаңа мәліметтер қосуға, сонымен қатар ондағы бар мәліметтерді жоюғажәне жаңартуға мүмкіндік береді.

 рұқсат етуді басқару. SQL-дің көмегімен пайдаланушының оқу және өзгерту мүмкіндіктерін шектеуге және оларды мүмкіндік берілмеген рұқсат етуден қорғауға болады.

 мәліметтерді бірлесіп пайдалану. SQL пайдаланушы мен жұмысшының мәліметтерді бірлесіп пайдалануын бір-біріне кедергі жасамас үшін, қатар ұйымдастырады.

 мәліметтердің бүтіндігі. SQL деректер қорын үйлестірілмеген өзгерістердің әсерінен бұзылудан және жүйенің істен шығуынан қорғай отырып, оның бүтіндігін қамтамасыз етеді. Сондықтан, SQL ДҚБЖ-мен өзара әрекет үшін мықты тіл болып табылады. Екіншіден, SQL – COBOL, FORTRAN немесе C сияқты толыққанды компьютерлік тіл емес. SQL-де шартты тексеруге арналған IF операторы, өтулерді ұйымдастыруға арналған GOTO операторы және DO операторы немесе циклдарды құруға арналған FOR операторы жоқ. SQL операторлары базалық тілде құрылады, мысалы COBOL, FORTRAN немесе C деректер қорына рұқсат алуға мүмкіндік береді. Одан басқа, С сияқты тілден SQL операторлары функцияның шақыру интерфейстерін пайдалана отырып, ДҚБЖ-сін анық түрде жіберуге болады. Соңында, SQL – бұл C және Pascal сияқты мықты құрылымданған тілдермен салыстырғанда әлсіз құрылымданған тіл. SQL операторлары ағылшынша сөйлмді еске түсіреді және оператордың мағынасына әсер етпейтін, бірақ оның оқылуын жеңілдететін «бос сөздерден» тұрады. SQL-да қисынсыздық жоқ, сонымен қатар дұрыс сияқты көрінгенімен, мағынасы жоқ SQL операторларының құрылуын болдырмайтын арнайы ережелер атары бар. Тура емес аталуына қарамастан, қазіргі кезде SQL реляциялық деректер қорымен жұмыс жасауға арналған жалғыз стандартты тіл болып табылады. SQL – мықты және үйренуге айтарлықтай жеңіл тіл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]