Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

13 Билет

1 Объектілі – бағытталған модель.

Объектілі-бағытталған модель.Бұл модельдің негізін объектілі-бағытталған программалаудың идеялары мен принциптері (ұстанымдары) құрайды. Объектілі-бағытталған МҚ-ның логикалық құрылымы сырттай иерархиялық МҚ-ның құрылымына ұқсас болып келеді. Олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы – мәліметтерді манипуляциялау әдістерінде. Мәліметтер қорының объектілі-бағытталған моделі өзара күштің байланысқан мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер мен оларды өңдеуден өткізу әдістерінің арасында программалаудың объектілі-бағытталған тілдеріндегі сәйкес құралдарға ұқсас механизмдердің көмегімен өзара байланыстар орнайды. Объектілердің қасиеттері тек real, char және сол сияқты стандартты типтермен ғана емес, сондай-ақ пайдаланушылардың өздері жасайтын типтермен де сипатталуы мүмкін. Класстар деп аталатын бұл типтер көптеген объектілерді құруға арналған шаблон (қимаүлгі) болып табылады. Class типінің мәні болып табылатын объектілер осы класстың даналары деп аталады Класстардың негізінде инкапсуляция, мұра етіп алу және полиморфизм деген үш іргелі ұстаным жатыр. Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделінің реляциялық модельмен салыстырғандағы негізгі артықшылығы – объектілердің күрделі өзара байланыстары туралы ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі.

Объектілі-бағытталған модельдің кемшілігі – түсінудің жоғары деңгейдегі қиындығы, мәліметтерді өңдеуден өткізудің ыңғайсыздығы және сұраныстарды орындау жылдамдығының төмендігі.

2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.

SQL (structured query language – «құрылымдық сұраныс тілі» ) ¬¬¬¬– формалдық бағдарламалық тіл, бірақ процедуралық бағдарламалауға жатпайды. Реляционнық деректер қорында мәліметтерді құруға, өзгертуге және оларды басқаруға арналған. Арнайы деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) арқылы басқарылады. Бұл тілдің кеңейтілуі *.sql. Алғашында SQL қолданушының деректер қорымен негізгі жұмыс істеу әдісі болатын және төмендегі келтірілген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін:

• Дерек қорында жаңа кестені жасау үшін;

• Кестеге жаңа мәліметтерді қосуға;

• Мәліметтерді өзгертуге;

• Мәліметтерді жоюға;

• Бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді алуға;

• Кестелердің құрылымын өзгертуге.

Уақыт өте келе SQL тілі жаңартылып жаңа конструкциялармен толықтырылды. Мысал ретінде индекстер, елестер, триггерлер және сақталатын процедуралар.

Артықшылықтары және кемшіліктері.

Артықшылықтары.

Нақты ДҚБЖ дан тәуелсіздігі.Диалектінің және синтаксисінде айырмашылығының барлығына қарамастан, SQL сұранысының мәтіні DDL және DML құрамынан тұратын сұраныстарды бір ДҚБЖ дан басқасына оңай ауыстыруға болады.

Стандартының барлығы.

Декларативтігі, яғни бағдарламашы SQL арқылы өзіне керекті мәліметтерді шығарады немесе түрлендіреді.

Кемшіліктері.

Реляционды деректер моделінің сәйкессіздігі. Реляционды деректер моделінің құрушылары Эдгар Кодд, Кристофер Дейт және олардың жақтаушылары SQL ді шынайы реляциондық тіл деп есептемейді. Олар реляциондық теория көзқарасы бойынша SQL дің келесі ақауларын көрсетеді:

• қатарлар-көшірме нұсқалар;

• анықталмаған мәндер (null);

• бағаналардың реттігін пайдалану;

• атсыз бағаналар және қайталанатын бағаналар аты;

• «=» операциясымен дұрыс істемеушілігі;

• көрсеткіштерді пайдалану;

• жоғары артықтық.

Қиындығы. Алғашында SQL соңғы қолданушыға жұмыс істеу құралы ретінде ойластырылған болатын, бірақ соңына келе ол біршама өзгерістерге ие болып, бағдарламашының құралына айналды.

Стандарттардан шегіну. Өзінің халықаралық ANSI SQL-92 стандарты болғанымен көптеген ДҚБЖ бағдарламашылары SQL тіліне өзгерістер енгізеді.

Иерархиялық құрылымдықтармен жұмыс істеу қиындығы. Біршама ДҚБЖ бұрын SQL диалектілерін иерархиялық құрылымдарымен әртүрлі манипуляциялардың түрлерін ұсынбаған болатын. Кейбір ДҚБЖ өздерінің шешімдерін ұсынды. Мысалы, Oracle Database де CONNECT BY көрінісі пайдалынады. Қазіргі уақытта SQL DB2 диалектінен WITH рекурсивті конструкциясы ANSI да стандарттылған. Microsoft SQL Server де рекурсивті сұраныстар (Recursive Common Table Expressions) 2005 ші версиясында ғана пайда болды.

Процедуралық кеңейтілімі. SQL процедуралық бағдаламалық тілдер қатарына енбейді. Негізінен әрбір ДҚБЖ де өзінің процедуралық тілі қолданылады, сонымен бірге Oracle Database де PL/SQL, Interbase және Firebird де PSQL, DB2 де SQL PL, Microsoft SQL Server және Adaptive Server Enterprise де Transact-SQL, PostgreSQL де PL/pgSQL.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]