- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2) Sql тілінің элементтері
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
7 Билет
1)
Мәліметтер қорының моделі деп мәліметтер қорының логикалық кейіптеуін атаймыз. Алғашқыда мәліметтер қорының
- иерархиялық,
- желілік,
- реляциялық модельдері пайда болды, олар кейіннен классикалық, негізгі модельдерге айналды. Соңғы уақытта осылардың негізінде постреляциялық,
- көпөлшемдік,
объектілі-бағытталған жаңа модельдер пайда болды және барынша дами отыра, қолданысқа енгізіле бастады. Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланыстар реттелген граф (немесе бұтақ) түрінде берілген. Иерархиялық МҚ-ның құрылымын (сұлбасын) сипаттау үшін кейбір программалау тілінде «бұтақ» мәліметтер типі қолданылады. «Бұтақ» типі құрамдас болып келеді. Оған ішкі типтер («кіші бұтақтар») кіреді, олардың әрқайсысы өз кезегінде «бұтақ» типі болып табылады. «Бұтақ» типінің әрқайсысы бір «түбірлік» типтен және бағыныңқы типтердің реттелген жиынтығынан (бос болуы да мүмкін) тұрады. Түбірлік деп бағыныңқы типтері бар және өзі ішкі тип болмайтын тип аталады. Бағыныңқы тип (ішкі тип) өзі үшін ата тегі (ата-ана) рөлін атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып табылады. Мәліметтердің иерархиялық моделінің артықшылықтарына ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мен мәліметтермен негізгі амалдарды орындау уақытының көрсеткіштері жатады. Иерархиялық модельдің кемшілігіне күрделі логикалық байланыстары бар ақпаратты өңдеу үшін оның көлемінің тым орасан үлкен болуы, сондай-ақ қарапайым пайдаланушы үшін түсінуге қиындығы жатады.
Сонымен, иерархиялық модельде мәліметтер екі категорияға бөлінеді: басты және бағынышты. Иерархияда файлдың әр бағынышты жазбасында жалғыз ғана бағындыратын жазба болады. Иерархиялық модельдің кемшілігі бар, себебі барлық қатынастарды иерархия түрінде көрсету мүмкін емес. Мысалы, біздер шоттармен сауда агенттер арасындағы байланысты сұлбаға енгізгеніміз жөн (сауда агенттерге делдалдық ақшаларды есептеу үшін). Онда сұлба келесі түрге келеді 1.5.4 суретті қараңыз). Бірақ ол иерархиялық емес, себебі бір бағынышты файлда екі басты файлы бар.
2)Скалярлық функциялар кестенің бір жолынан не кестелер біріктірулерінен мәндерді өңдейді. SQL функциялардың басқа бір типі жолдар жинағының баған мәндерін есептеу негізінде құрастырылған. Мұндай функциялар агрегаттық (статикалық) функциялар не баған функциялары деп аталады.
Агрегаттық функциялар |
Сипаттамасы |
AVG (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің жинағының орта мәні. |
CHECKSUM_AGG (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің бақылау қосындысы. |
COUNT (*) COUNT (өрнек) COUNT (DISTINCT өрнек) |
COUNT (*) берілген жолдар жинағында жолдар санын қайтарады. COUNT кілттік сөзі қолданылғанда, DISTINCTкілттік сөзі қолданылуы мүмкін емес. COUNT (өрнек)өрнектің бос емес мәндердің санын қайтарады. ЕгерDISTINCT кілттік сөзі берілсе, онда COUNT функциясы өрнектің уникалды бос емес мәндердің санын қайтарады.COUNT формасының барлық функциялары int типтес мәнді қайтарады. |
COUNT_BIG (*) COUNT_BIG (өрнек) COUNT_BIG (DICTINCT өрнек) |
COUNT_BIG функциясы COUNT функциясы ұқсас, бірақ айырмашылығы, COUNT_BIG функциясы bigint типтес мәнді қайтарады. |
GROUPING (баған) |
1 қайтарады, егер агрегатты жол CUBE не ROLLUPоператорларымен қосылса, кері жағдайда 0 қайтарады. |
MAX (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің максималды мәні. |
MIN (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің минималды мәні. |
SUM (өрнек) |
Өрнектің барлық бос емес мәндердің қосындысы. |
STDEV (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің ортаквадраттық ауысуы. |
STDEV P (өрнек) |
Ығыстырылған өрнектің бос емес мәндердің ортаквадраттық ауысуы. |
VAR (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің дисперсиясы. |
VARP (өрнек) |
Өрнектің бос емес мәндердің ығыстырылған дисперсиясы. |
