- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2) Sql тілінің элементтері
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
9 Билет
1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
Реляциялық алгебра – бұл реляциялық кестелерді өңдеу тілі. Реляциялық алгебра келесі амалдардан тұрады:
біріктіру;қиылысу;айыру;көбейту;таңдау;проекцияны құру;проекция;қосу (жалғау);
бөлу;меншіктеу.
Қосу (жалғау) амалы кестелердің арасындағы мәліметтерді байланыстыру үшін қолданылады. Бұл амал келесі түрде жазылады:
JOIN (кесте, кесте)
Жалғау үшін кестелердің бағандары бірдей болуы тиіс.
Жалғау амалын орындау кезінде келесі әрекеттер орындалады:
Бастапқы кестелердің көбейтіндісі анықталады;
Алынған көбейтіндіден ортақ бағандардың мәндері бірдей болатын жолдар таңдап алынады;
Жобалау кезінде алғашқы кестенің ортақ бағандары алынып тасталады.
Жалғаудың үш түрі болады:
табиғи (қарапайым) жалғау;
тэта – жалғау;
сыртқы жалғау.
Қарапайым жалғауда бастапқы кестелердің көбейтіндісінен, ортақ атрибуттардың мәндері өзара сәйкес келетін жазбалар іріктеп алынады.
Тэта – жалғауда бастапқы кестелердің көбейтіндісінен берілген атрибуттар белгілі бір қатынаста болатын жазбалар іріктеп алынады, мысалы, артық амалы бойынша. Тэта – жалғау жалпы алғанда келесі түрде беріледі.
JOIN (А,В: А.атрибут Ө В.атрибут)
Осылайша, қарапайым жалғауда және тэта-жалғауда қорытынды кестеде бастапқы кестелердің бір-біріне сәйкес келетін жазбалары ғана беріледі.
Сыртқы жалғауда бастапқы кестелердің әрбір жазбасы қорытынды кестеде ең болмағанда бір рет берілетін болады. Алғашқы (сол) немесе екінші (оң) бастапқы кестенің жазбалары қорытынды кестеде тым болмағанда бір рет берілетініне байланысты, сәйкесінше сол жақтағы, оң жақтағы және толық жалғануды айырады.
SELLECT операторы.
Бұл оператордың синтаксисінің қысқаша түсініктемесі. SELECT сөзінен кейін мәндері таңдамаға қосылатын өрістер тізімі көрсетіледі (егер SELECT кейін * символын көрсетсе, таңдамаға барлық өрістер қосылады).
Таңдау амалы бір кестеден көрсетілген шартқа сәйкес келетін жазбаларды іріктеп алып, екінші кестені құруға қолданылады. Таңдау әрекетін белгілеу үшін SELECT сөзі қолданылады. Мысалы: SELECT (Orders:’03/10/2000’ <Data<’05/10/2000’)
Шарт дегеніміз өзінде =, >, <, >=, <= қатынастық әрекеттер мен «және», «немесе», «емес» логикалық амалдар қолданылатын логикалық өрнек болып табылады.
10 Билет
1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.
Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.
3-деңгейлі архитектураның ерекшеліктері:
Қолданбалы серверлердің саны көбейді, олар біруақытта жұмыс істей алады: бір қолданбалы сервер жұмыстан шығып қалған жағдайда, басқалар оның жұмысын атқара алады.
Қолданбалар серверлері және SQL серверлер есептеуіш жүйенің әртүрлі түйіндерінде орналасады.
SQL серверлерінің жұмысы жеңілдейді, яғни клиенттердің мәліметтер қорына қол жеткізу құқықтарын тексеру функциясы SQL серверден алынып, қолданбалы серверлердің біреуіне міндеттеледі. Алдағы уақытта бір қолданбалы сервер авторизация немесе өкілеттік сервер деп аталады.
Клиенттер мен қолданбалы программалар арасындағы байланыс API технология негізінде жүзеге асырыла бастады.
Бұл технологияның құралдары қолданбалы программаның интерфейсін (немесе қарым-қатынас терезелері) жылдам және жеңіл жолмен жасауға мүмкіндік береді. Практикада бұл құралдар CASE-құралдар деп аталады.
