- •1 Билет
- •1.Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
- •2 . Ақпараттық жүйелер
- •1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
- •3 Билет
- •1.Транзакция
- •4 Билет
- •1) Клиент – сервер архитектурасының модельдері
- •5 Билет
- •1 Where сөйлемі. Салыстыру
- •2) Sql тілінің элементтері
- •2 Бір біріне салынған сұраныс
- •6 Билет
- •2.From сөйлемі.
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •1.Реляциялық алгебра. Қосу амалы.
- •10 Билет
- •1 Мәліметтер қорының үш деңгейлі архитектурасы
- •2 Реляциялық алгебра. Бөлу, меншіктеу амалы
- •11 Билет
- •1 Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар
- •12 Билет
- •1.Мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдары.
- •2.Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру.
- •13 Билет
- •1 Объектілі – бағытталған модель.
- •2 Sql және мәліметтер қорының қауіпсіздігі.
- •14 Билет
- •1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Жалпы сипаттама.
- •2. Кесте, форма, сұраныс, есеп.
- •16 Билет
- •17 Билет
- •1)Мәліметтер қорының модельдері.
- •2)Where сөйлемі. Null мәніне тең болуын тексеру
- •18 Билет
- •1. Жергілікті ақпараттық жүйелер.
- •2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.
- •1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.
- •2 Where сөйлемі. Шаблонға сәйкес болуын тексеру
- •20 Билет
- •1.Көп өлшемді модель.
- •2.Агрегаттық функциялар
- •1 Мәліметтер қорының модельдері.
- •2 Компьютерлік желідегі sql.
- •22 Билет
- •2.Индекстер
- •25 Билет
1 Мәліметтердің реляциялық моделі.
Деректердің реляциялық модель негізі алғашқы рет 1970 ж Е.Кодд мақаласындаы мазмұндалды. Бұл жұмыс реляциялық модель өркендеу алған үлкен санды мақала және кітап үшін стимул болды. Деректердің реляциялық моделінің ең көп тараған трактовкасы К.Дейтке жатады. Дейттің атйқанына сәйкес реляциялық модель үш бөліктен тұрады:
· Құрылымдық бөлімнен.
· Тұтастық бөлімнен.
· Манипуляциялықө бөлімнен.
Құрылымдық бөлім, реляциялық модельде қандай объектілер қарастырылады, соны сипаттайды. Реляциялық модельде қолданылатын деректердің жалғыз моделі болып қалыпты n-арлы қатынас табылады.
Тұтастық бөлім кез келген реляциялық деректер қорында кез келген қатынас үшін орындалатын арнайы түрдегі шектеуді сипаттайды. Бұл мән тұтастығы және сыртқы кілт тұтастығы.
Манипуляциялық бөлім реляциялық деректерді манипуляциялаудың екі эквивалентті тәсілін сипаттайды - реляциялық алгебраны және реляциялық есептеуді.
Осы бөлімде реляциялық модельдің құрылымдық бөлігі қарастырылады.
Деректер типі. Программалаудағы қолданылатын, кез келген деректер өздерінің типі болады.
Қажетті! Реляциялық модель қолданылатын деректер типі қарапайым болуын талап етеді.
Бұл тұжырымды дәлірек білу үшін негізінен программалауда қандай деректер типі қарастырылады соын қараймыз. Ереже бойынша, деректер типі үш топқа бөлінеді: деректердің қарапайым типі; деректердің құрылымдық типі; деректердің сілтеме типі.
Деректердің қарапайым типі.
Қарапайым, не болмаса атомарлы деректер типінде ішкі құрылым болмайды. Мұндай типті деректі скалярлы деп атайды. Деректердің қарапайым типіне келесі типтер жатады: Логикалық, Жолдық, Сандық.
Бұл тізім программалаудың әртүрлі тілдерін кеңейтіп, оған мынадай типтерді үстемелейді:
· Бүтін; Нақты; Күн; Уақыт; Ақша; Тізбектелетін; Интервальды және т.б....
Расында атомарлы түсінігі өте қатысты. Оны деректердің қатар типі, символдардың бір өлшемді массиві, ал деректердің бүтін типін - биттер жиынтығы деп қарастыруға болады. Ең керектісі, мұндай төменгі деңгейге өту кезіңде деректердің семантикасы (мәні) жоғалады. Егер, мысалы қызметкер фамилиясын сипаттайтын жолды символ массивіне салсақ, онда мұндай жолдың бір бүтін сияқты мәні жо,алады.
Деректердің құрылымдық типі.
Деректердің құрылымдық типі деректердің күрделі құрылым тапсырмасы үшін арналған. Деректердің құрлымдық типі компонент деп аталатын құрамдас элементтер жобаланады. Олар өз кезегінде құрылымға ие болады. Деректердің құрылымдық типі ретінде келесі деректер типін қарауға болады:
· Массивтер.
· Жазбалар (Құрылымдар).
2 Мәліметтер қоры және интернет.
Мәліметтер қоры ақпараттық технологияда үлкен роль атқарады және үлкен көлемді ақпараттарды автоматты түрде өңдеудің маңызды құралы болып табылады. Мәліметтер қоры мәліметтермен жұмыс істейтін қарапайым және ыңғайлы құрал және өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Мәліметтер қорының мүмкіндіктері мәліметтер қорының реляциялық жүйесі теориялық тұрғыдан жасалынып және жүзеге асырылғаннан кейін едәуір артты.
Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры мен білім қорының жүйесі кең көлемде таралымға ие болып отыр. Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелері шеше алмайтын қиын есептерді шеше алады. Білім қорларындағы мәліметтер қорының реляциялық жүйелерінде мәліметтерден аса жоғарғы деңгейдегі ақпараттарды алуға мүмкіндік беретін предикаттарды есептеу логикасы қолданылады.
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер. Оларды жергілікті ақпараттық жүйелер және бірнеше компьютерге таралған жүйелер деп айырады. Қолдану салалары бойынша ақпараттық жүйелерді өндірісте, білім беру саласында, денсаулық сақтау саласында, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, саудада және де басқа салаларда пайдалынатын жүйелерге бөлуге болады. Ақпараттық жүйелерді мақсаттық функция бойынша басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешім қабылдауды қолдау сияқты негізгі категорияларға шартты түрде бөлуге болады. Файл/сервер және клиент/сервер сәулеті (архитектурасы) ақпараттық жүйелердің ең көп тараған сәулеттері болып табылады. Мәліметтерге қашықтан қол жеткізу моделі (Remote Data Access – RDA)бар ақпараттық жүйелерде ақпаратты ұсыну функциясы мен қолданбалы өңдеу логикасын жүзеге асыратын бағдарламалар біріктірілген және компьютер-клиентте орындалады. Мәліметтерді басқару қызметіне жүгіну SQL тілініңоператорларының көмегімен немесе API арнайы кітапханасының функцияларын шақырып жеткізу ортасы арқылы орындалады. Мәліметтер қорының серверінің(DataBase Server – DBS) алдыңғы модельден айырмашылығы компьютер-клиент функциясы ақпаратты бейнелеу функциясымен ғана шектеледі де, ал қолданбалы функциялар компьютер-сервердегі қосымшалармен қамтамасыз етіледі. Бұл модель RDA-модельге қарағанда барынша технологиялық болып табылады.
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
