Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor stpdt.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

2. Мәліметтер қорын басқару жүйелері.

Кез келген кәсіпорын немесе ұжым  Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) — бұл олардың көмегімен мәліметтер қорын жасауға, оларды ақпараттармен толықтыруға және жұмыс істеуге болатын бағдарламалар жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйелерінің бірнеше ондаған түрлері бар, олардың көпшілігі шындығына келгенде басқару жүйелері емес, арнайы дайындалған бағдарламалау тілдері болып табылады, олардың көмегімен осы тілді меңгерген әрбір адам қолданушыға ыңғайлы құрылымдағы, кез келген мәліметтер қорын жасап алуына, және оларға қажетті басқару элементтерін енгізуіне болады. Мұндай тілдерге Oracle, Clipper, Paradox, FoxPro және басқалар жатады.

Мәліметтер қорының түрлері:

1. Файлдарды басқару жүйесі

2. Иерархиялық

3. Жүйелік

4. Релациялық

5. Объектіге бағытталған

6. Гибридті

Мәліметтер қорына қойылатын талаптар:

мәліметтер қорының мазмұнын көшіруді болдырмау немесе азайту;

пайдаланушы топтардың құқықтары мен талаптарына сәйкес, мәліметтер қорының жекелеген ақпараттық элементтерге енуін жеделдетуді қамтамасыз ету;

үнемі өсіп отыратын талаптарды қанағаттандыру үшін мәліметтер қорының кеңейтілу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ету;

тек қана дұрыс, алдын ала тексерілген ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мәліметтер қорының тұтастығын сақтау;

мәліметтер қорының, тұтынушылардың жекелеген категорияларының жұмыс сітеуіне қажетті, белгілі бір ақпараттық элементтерге енуіне ғана рұқсат ;

қорға енуді, мәліметтер қорына ақпараттар қосу мен түзетуді тек қана авторлық құқығы бар тұтынушылардың орындауы;

мәліметтер қорын пайдаланушылардың талабына сәйкес, мәліметтер элементтерін, түзету, бейнелеу және есептеу құрылғыларын құрудың қарапайымдылығын қамтамасыз ету;

№ 19 БИЛЕТ

1 Мәліметтер қорын қорғау құралдары.

Мәліметтердің реляциялық, моделінің элементтері мен оларға сәйкес ұғымдар 1 -кестеде көрсетілген. Мәліметтер қорын құрайтын кестенің әрбір жазбасын даралау үшін, яғни кестеде бірдей жазбалардың болмауын қадағалау үшін кестенің бір немесе бірнеше атрибуттарынан кестенің кілтін немесе негізгі кілтін анықтауға болады.

Мәліметгер қорындағы деректер бірмәнді және өзара біртұтас үйлесімді болуы үшін реляциялық моделде шектеуші шартгар анықгалады. Шектеуші шарттар дегеніміз мәліметтердің мүмкін мәндерін қадағалаушы тәртіптер; мұндай үйлесімділік (бүтіңдік) шарттары мәліметтер қорын өңдеу және өзгерту кезінде кетуі мүмкін қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер қорын өндеуді тездету, әртүрлі деңгейдегі қолданушылардың тек өзіне қажетті деректермен ғана жұмыс істеуі арқылы олардың жұмысын жеңілдету, жылдамдату мақсатында кейде бір кестедегі мәліметтерді әдейі екі немесе одан да көп бірнеше кестелерге жіктеуге болады, мысалы, бір мекеменің жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер қорын құру керек болсын: ғылыми жұмыстың тақырыбы, мақсаты, шифры, басталған күні, аяқталған күні, зерттеу кезендерінің саны, басты орындаушы, қосымша мәліметтер. Бұл деректердің кейбіреуі "құпия", кейбіреулері — "жалпы" пайдалану мақсатында болса, оларды екі кестеге жіктеген дұрыс; мысалы, құпия мәліметтерді — жұмыстың шифрын, тақырыбын және басты орындаушыны бір кестеге, қалғандарын — екінші кестеге. Мұндай екі кесте жұмыс шифры атрибуты арқылы байланыстырылады, әрине бірінші кестені рұқсаты жоқ қолданушылардан қорғау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]