Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детский Айгерим.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
460 Кб
Скачать
☆

2 3 10 Кіреукенің деминерализациясын анықтау үшін қолданылатын қосымша әдісті атаңыз.Әдістің көрсеткішін ,жасалу жолдарын айтыңыз

2 3 11 Балалар стоматологиялық емханасына анасы 6 жастағы баласымен тісінің тәттіге ауыратынына шағымданып келді.Қарап тексергенде: 8.5 тістің шайнау бетінде шеттері тегіс, тіс қуысымен байланыспаған тісжегі қуысы бар, қуыстың түбі тығыз, пигменттелген, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин байланысында ауырады, индекс кп=3. Диагноз қойыңыз, Т.В.Виноградова бойынша клиникалық ағымын анықтап, ем шараларын жүргізіңіз

2 3 12 Емханаға 9 жастағы бала эстетикалық ақауға шағымданып келді. Объективті қарап тексеру барысында: орталық күрек тістерде бочка тәрізді пішінді кесу қырында жарты ай тәрізді ойылған аймақтары бар. Осындай тістер автор бойынша қалай аталады?

2 3 13 14 жастағы жасөспірімдер стоматологиялық емханаға эстетикалық ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде: барлық тістерінің түсі лас -сулы, жоғарғы күрек тістердің кіреукесі жұқарған, оңай сынады, кесу қырлары үшкір. Төменгі күрек тістердің сауыт бөліктері 1/3 бөлікке қажалған, дентині ашылған, тегіс, қара –қоңыр түсті.Аталған көрсеткіштер қандай синдромға тән екен атап емдеу шараларын жүргізіңіз

2 3 14 5 жастағы бала жоғарғы сол жағындағы тісіндегі жағымсыз сезімдерге шағымданып келді. Қарап тексергенде: 6.4 тісінде сұр-лас массаға толы жағымсыз иісі бар дентинге толы терең тісжегі қуысы бар, зоднпен шұқып тексергенде өзектердің сағасында ауырады. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз

2 3 15 Анасы 4,5 жастағы баласын тісінің қатты тамақ ішкенде және температуралық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданып келді. Объективті: 7.5 тісінің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде бір нүктеде қатты ауырады. Индекс кп -8. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз Диагноз:Жедел фиброзды периодонтит. Периодонтиттәң бұл түрінде сырқат тісті 3 немесе оданда көп келуде емдеу жүргізіліді.

3 келуде емдейді.

Емдеу тәртібі:

І келу

- тіс жегі қуысы өнделеді;

- тіс жегі қуысы препаратталады;

- тіс қуысынан және арна бастауына экскаватормен некротомия

жасалынады;

- тіс қуысын антисептик ерітінділермен өңделеді;

- тіс түбіне резорцин – формалин қоспасымен тампон қойып,

уақытша жабылады.

ІІ келу

  • уақытша пломба алынады;

  • арналарға резорцин – формалин қоспасымен импрегнация

жасалады;

  • арна бастауына резорцин – формалин қоспасымен тампон

қойып уақытша жабылады;

ІІІ келу

  • уақытша пломба алынады;

  • арналар резорцин-формалин қоспасымен импрегнация жасала-

ды;

  • арна бастауына резорцин-формалин сықпасымен пломба

салынады;

  • үстінен сулы дентин қойылады;

  • тұрақты пломба салынады.

Балаларда қалыптаспаған түбірлер міндетті түрде сықпалармен пломбаланады. Ол біріншіден емдік әсер етуі, екіншіден түбірлердің қалыптасыуына көмектесуі қажет. Түбірлердің қалыптасуына қарай, тіс қайта ашылып, түбірде сорылып кетпейтін пломбалық материал-дармен қайта пломбаланады да, тұрақты пломба салынады.

2 3 16 11 жастағы баланы жоспарлы сауықтыру кезінде тісжегінің декомпенсирленген түрі анықталды. 2.6 тісінде созылмалы жай ұлпа қабынуы нақтамаланды. Дәрігер витальді пульпэктомия әдісін таңдады, осы әдістің этаптарын жүргізіңіз Тіс ұлпасын жансыздандырып экстирпация жолымен емдеу реттілігі.

Бұндай емдеудің ең басты мақсаты барлық ұлпаны алып тастау.

Екі әдісі бар:

  1. Ең алдымен сауыт тіс ұлпасын алғаннан кейін, артынша ұлпа жұлғышпен арна тіс ұлпасын алып тастайды.

  2. Ампутациядан кейін арна инесіне электрод жалғап, арнаға салып 50 – 60 В пен әсер етіп ұлпаны күйдіріледі, өлеттенген ұлпаны ұлпа жұлғышпен алып тасталынады.

Экстирпация жолымен мына ауруларды емдейді: жедел іріңді тіс ұлпасының қабынуы, созылмалы фиброзды ұлпа қабынуын, со-зылмалы гипертрофиялық, созылмалы гангренозды ұлпа қабынуларын, жартылай алынған ұлпа қабынуын, конкрементті ұлпа қабы-нуын, ұлпаның қайта дамуынан келіп шығатын ұлпа қабынуын, барлық пародонтиттердегі ұлпа қабынуын, тіс мойнындағы тіс жегіде, ортопедиялық көрсеткіштермен сау тістерді, биологиялық әдіс көмек бермегенде қолданады.

Ұлпаны жансыздандырып экстирпация жасау жолымен емдеу реттілігі.

  1. инъекциялық жансыздандыру жасалады;

  2. тіс жегі қуысын бормен препаратталады;

  3. фиссуралы және шар тәрізді бормен қуысты ашып,

кеңейтіледі;

  1. шар тәрізді бор және экскаватормен ұлпа сауытына ампутация

жасалынады;

  1. арна ұлпасы күйдіріледі;

  2. арна ұлпасын ұлпа жұлғышпен экстирпация жасалынады;

  3. арна дәрі- дәрмектермен өңделінеді;

  4. егер арна тар болса оны эндодонтиялық құралдармен кеңейтіріледі;

  5. арна спиртпен, эфирмен немесе құрғақ мақта тампонмен құрғатылады;

  6. арна пломбасы дайындалады;

  7. арна толтырғышпен және түбір инесімен арна пломбаланады;

  8. аралық пломба дайындалады;

  9. қуысқа тегістегіш және нығыздағыш көмегімен аралық

пломба салынады;

  1. тұрақты пломба дайындалады;

  2. тегістегіш және нығыздағыш көмегімен қуысқа пломбаны

енгізіп, тегістеледі.

2 3 17 8 жасар баланың ауыз қуысынан 8.4 тістің шайнау бетінен пломба анықталды, сауыт бөлігі алқызыл түсті. Қызылиегінде вестибулярлы жағынан ірің бөлінетін жылға анықталды, тіс қозғалғыштығы ІІ дәрежелі.Қандай емдік шара жүргізіледі.

Емі:84 тісті жұлу. Тісті жұлу үшін төмендегі іс- шаралар орындалады:

1. Науқасқа процедураны түсіндірді.

2. Науқастан процедураны жасауға келісімін алды.

3.Стерильдікті сақтай отырып, қолғапты,бетперде киді.

4. Керекті құрал жабдықтарды таңдап алды. (бүйрек тәрізді лоток,стом айна,пинцет,гладилка,тік сауыты түйіспейтін қысқыш, мақта тампондар,шұғыл жағдайда қолданылатын дәрілер)

5. Тіс жұлу отасының алдында жансыздандырғышты көтере ала ма, жоқ па екенін және аллергоанамнезін білгеннен кейін, 10% лидокаин аэрозольмен аппликациялық жансыздандыру әдісін жасады.

5. Креслоның биіктігін анықтады. Науқастың басын жұлынатын тіске сәйкес қажетті жағдайға қойды. Креслоның арқасын ең ыңғайлы жағдайға орналастырды. Дәрігердің тіс жұлғанда дұрыс тұрып, тістерді жұлғанда, сол қолдың саусақтарының орналасуын анықтады.

6. Жұлынатын тіске қысқышты салды.Қысқышты ендіріп,қысқышты қысып ұстады(фиксация),люксация,ротация жасалынып,тісті ұяшықтан жұлып алды(тракция)

7. Балағазалалсызданған мақта тампонын тістетіп, баланы біраз отырғызып, Ұяшықтағы қан ұйындысының түзілуін тексеріп, тампонын ауыстырып, науқасқа тіс жұлғаннан кейін ақыл-кеңес беріп, үйге қайтарамыз..