Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детский Айгерим.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
460 Кб
Скачать
☆

3 3 6 Балаларда жүргізілетін жергілікті жансыздандыру. Көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, қолданылатын жансыздандырғыштар.

3 3 9 Балаларда жедел серозды лимфаденитті емдеу ерекшелігі. Ем одонтогенді, одонтогенді емес инфекцияның алғашқы ошағын жоюдан басталады. Кейінгі емдеу, аурудың клиникасына, кезеңіне байланысты. Жедел лифадениттің сарысулы кезеңінде консервативтік ем қажет, ол организмнің инфекциямен қарсыласуын, күресуін күшейтуге арналады (құнарлы тамақтану, поливитаминдер, десенсибилизациялық дәрі-дәрмектер). Қабыну процесі асқына бастағанда антибактериялық емдерді (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран қатарынан дәрі-дәрмектер), физиоемдеуді бастайды (УЖЖ, ӨЖЖ сәл жылу мөлшерінде, УКС). Іріңді лимфаденит пен аденофлегмонада іріңді ошақты тері жағынан кесіп дренаж қояды. Қалған ем бет-жақ аймағындағы абсцестер мен флегмоналарды емдеу шараларына тән.

3 3 10 Балаларда эпидемиялық паротит. Емі. Симптоматикалық және жалпы әлдендіретін — сульфаниламидтер, ауыр жағдайда антибиотиктер, сілекей бөлінуін реттеуші дәрі-дәрмектер, термопсис, „А" және „С" тобындағы витаминдер, сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау, ауыз қуысын сауықтандыру, без аймағына жылы компрестер қолдану керек.

Без іріңдеген жағдайында хирургиялық ем көрсету қажет.

Жедел паротит кезіндегі емдеу шаралары дерттің сатысына байланысты жүргізіледі. Қабынудың серозды түрінде науқас сілекей бөлінуін жоғарлататын диета және тамақтанар алдында пилокарпин гидрохлоридтің 1% ерітіндісін 6—8 тамшы қабылдау қажет. Тамақтанып болғаннан соң ауыз қуысын сілтілік ерітінділермен шайған дұрыс. Сілекей безі аймағына физиотерапевтикалық ем, әлсіз жылулық бактерицидтік әсері бар УЖЖ — терапия қабылдауы, күндіз құрғақ жылы, ал түнге қарай камфор майымен жылы компрестер жасау және күнделікті шығару түтіктері жүйесін антибиотиктердің 0,5% новокаиндегі ерітіндісімен немесе протеолитикалық ферменттермен жуып-шаю жақсы емдік әсер береді. Егер қабыну процесі өрши түссе, онда микрофлораның сезімталдығын анықтап, антибиотиктер тағайындалады. А. В. Вишневский бойынша блокада жасау, яғни құлақмаңы сілекей безінің аймағында орналасқан инфильтрат төңірегіне антибиотик қосылған новокаиннің 0,25% ерітіндісін енгізеді.

Егер қабыну процесі іріңді немесе гангренозды түріне өткен болса, онда улануға қарсы жалпы әлдендіру және симптоматикалық емдерден басқа, бет нерві талшықтарының топографиясын есепке ала отырып тіліктер жасау көрсетілген.

Алдын алу. Ауыз қуысының тазалығын сақтау, сілекей бөлінуін жоғарылатып тітіркендіргіш тағамдар (қышқыл тамақ) немесе пилокарпиннің 1% ерітіндісін күніне 3—4 рет 4—6 тамшыдан қабылдау, тұз, аскорбин қышқылдарын қабылдау жатады.

3 3 11 9 жастағы бала жоғарғы жақтың алдыңғы тістеріндегі ауырсынуына, жоғарғы ерінің ісінуіне шағымданады.Жақын арада температурасы 37,5С-қа көтерілді.Обьективті:жоғарғы ерінің ісінуімен сол жақ ерін -мұрын қатпарының тегістелуінен,сол көзінің төменгі қабағындағы азғантай ісінуінен беттің ассиметриясы бар.11 21-тіс сауыттары бұзылған(жыл бұрын жарақат болған) 11 тісте -цементтен жасалған пломба бар.21 тістің перкуссиясы күрт ауырсынады.Тіс қозғалғыш.11 тістің перкуссиясы сәл ауырсынады.Өтпелі-қатпары қызарған,ісінген.11 21 тістердің аймағындағы пальпация ауырсынбалы.Диагноз қойып,емдеу тактикасын айтыңыз.

3 3 12 Тістердің қатты тіндерінің деминерализацияға ұшырауы,қысқа уақыт аралығында температуралық тітіркендіргіштерге ауырсыну қандай диагнозға тән.Қойылған диагнозға сипаттама беріңіз.

3 3 14 Шағымы: химиялық тітіркендіргіштергеден қысқа мерзімді ауру сезімі.Обьективті:эмаль деңгейіндегі терең емес тіс жегі қуысы, зондпен шұқығанда түбі кедір-бұдырлы. Диагноз қойыңыз, емдеу тактикасын айтыңыз.

3 3 15 Шағымы: барлық тітіркендіргіштерге қысқа мерзімді ауру сезімі.Обьективті тексеруде:орташа көлемді тіс жегі қуысы,суыққа реакция оң,зондпен тексергенде эмаль-дентин шекарасы сезімтал,перкуссия ауырмайды.Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз.

3 3 16 Балада ауыз қуысында эндемиялық флюороз кезінде қандай жергілікті ем шаралары жүргізіледі. шаралар Жергілікті емі

Е. В Боровекий 1978 бейорганикалық қышқылдардың ерітінділерімен пайдалануды ұсынған.

Құрғатылған сауыт бетіне тұз немесе фосфор қышқылының 20 – 30% ерітіндісі мен мақта анжы қойып 2-3 мин қойып кіруке түссізденге дейін өңдейді. Су мен шайып , кептіріп бетін 15-20 мин кальций глюканатын 10% ерітінді суланған мақта қояды.