- •1 1 2 Балалардың жоғарғы және төменгі жақтарындағы уақытша бүйір күрек тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз.
- •1 1 5 Балалардың жоғарғы және төменгі жақтын уақытша екінші азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз.
- •1 1 11 Балалардың жоғарғы төменгі жақтын тұрақты ит тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •1 1 12 Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты бірінші кіші азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •1 1 16 Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты бірінші үлкен азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •1.1 17. Балалардың төменгі жақтын тұрақты бірінші үлкен азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •1.1 18. Балалардың жоғарғы жақтын тұрақты екінші үлкен азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін тізбектеніз.
- •2 1 27 Стоматологиялық экскаватордың қызметі қандай ?
- •2.1 35. Науқастарды обьективті тексеру дегеніміз не?
- •2.1 34. Стоматологиялық файлдың қызметі қандай?
- •2.1 36. Науқасты тексерудің субьективті әдістері
- •2 1 37 Науқастарды қарап тексеру кезінде қандай мәліметтер аламыз? Науқастарды қарап тексеру
- •Ауыз ағзалары мен тіндерін қарап тексеру
- •Қағып тексеру
- •Сипап тексеру
- •2 1 38 Науқастарды шұқып тексеру кезінде қандай мәліметтер аламыз?
- •2 1 39 Науқастарды қағып тексеру кезінде қандай мәліметтер аламыз?
- •2 1 40 Науқастарды сипап тексеру кезінде қандай мәліметтер аламыз?
- •3 1 3 Стоматологиялық балалар бөлмеде жүргізілетін медициналық құжаттарды жазыныз.
- •3 1 4 Ұлпаның қызметін тізбектеніз.
- •3 1 5 Периодонттың атқаратын қызметтерін жазыныз.
- •3 1 6 Арнаға арналған пломбалық материалдарды топтастырыныз.
- •3 1 7 Арнаға арналған жұмсақ қатпайтын пломбалық материалдарды тізбектеніз.
- •3 1 8 Арнаға арналған жұмсақ қататын пломбалық материалдарды тізбектеніз.
- •3 1 20 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
- •3 1 21 Ауыз қуысының сыртында пайдалатын ортодонтиялық аппарат
- •3 1 37 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің функциональды диагностика әдісі
- •3 1 38 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің антропометриялық диагностика әдісіэ
- •3 1 39 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің фотометриялық диагностика әдісі
- •3 1 40 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің биометриялық диагностика әдісі
- •3 1 41 Балалардағы тіс-жақ жүйесінің рентген диагностика әдісі Рентгенелогиялық тексеру
- •1 2 11 Тісжегіні тексерудің қосымша диагностика әдістері.
- •14. Балаларда тісжегінің терең кезендегі диф. Диагностика.
- •1 2 26 Балаларда пульпиттің даму ерекшеліктері.
- •1 2 27 Т.В.Виноградова әдісі бойынша балалардағы пульпиттің классификациясы. Пульпиттің жіктелуі:
- •1 2 28 Жедел серозды пульпиттің сүт тістердегі және тұрақты тістердің тубірлері толық дамымаған клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз.
- •1 2 30 Созылмалы фиброзды пульпиттің сүт тістердегі және тұрақты тістердің тубірлері толық дамымаған клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз.
- •1 2 31 Созылмалы гангренозды пульпиттің сүт тістердегі және тұрақты тістердің тубірлері толық дамымаған клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз.
- •1 2 32 Созылмалы гипертрофиялық пульпиттің сүт тістердегі және тұрақты тістердің тубірлері толық дамымаған клиникалық көріністеріне сипаттама беріңіз.
- •2 2 21 Аралас жұмыс істейтін ортодонотялық аппараттар. Жұмыс істеу
- •2 2 22 Ретенциялық аппараттар. Жұмыс істеу принципі, қолдануға арналған көрсеткіштері.
- •2 2 23 Балаларда тіс-жақ жүйесінің емдеу және алдын алу әдісі ретіндегі миогимнастика.
- •2 2 26 Прогнатиялық тістемнің диагностикасы .
- •2 2 37 Балаларда тістер дамуының шығу мерзімдері аномалиялары. Диагностикасы және емдеу әдістері
- •2 2 38 Балаларда тістер қатты тіңдерінің құрылымы дамуының аномалиялары.
- •2 2 39 Тістің қатты тіндерінің құрылымдық ерекшелігін сипаттаңыз Кіреуке (епатеіит) (4.22-4.24-суреттер)
- •2 2 42 Тістің жұмсақ тіндерінің құрылымдық ерекшелігін сипаттаңыз
- •3 2 18 Балаларда лимфа түйіндерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
- •3 2 19 Балаларда лимфа жүйесінің қызметтері.
- •3 2 20 Балаларда жедел серозды лимфаденит. Этиологиясы, патогенезі.
- •3 2 24 Балаларда аденофлегмона. Этиологиясы, патогенезі.
- •3 2 26 Балаларда сілекей бездерінің қызметтері.
- •3 2 27 Балаларда сілекей бездерінің ауруларының жіктелуі.
- •3 2 28 Балаларда сілекей бездері ауруларын тексеру әдістері.
- •3 2 31 Балаларда эпидемиялық паротит. Этиологиясы, патогенезі.
- •3 2 32 Балаларда эпидемиялық паротит клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
- •3 2 33 Балаларда созылмалы паренхиматозды паротит. Этиологиясы, патогенезі.
- •1 3 6 Флюороз ауру кезінде жүргізілетін жалпы және жергілікті ем шаралар Жалпы емі
- •1.3 15. Балаларда ұлпа қабынуын девитальды ампутация әдісімен емдеу сатылады
- •1 3 17 Балаларда ұлпа қабынуын витальді ампутация әдісімен емдеу ерекшелігі.
- •1 3 18 Балаларда ұлпа қабынуын витальді экстирпация әдісімен емдеу ерекшелігі.
- •1 3 19 Балалардағы жедел периодонтиттердің емдеу ерекшеліктері қандай?
- •1 3 27 Балаларда созылмалы гранулематозды периодонтитті емдеу ерекшелігі.
- •1 3 28 Балаларда жоғарғы жақта уақытша орталық күрек тістерін жұлу кезінде қолданылатын қысқыштар мен тісті жұлу әдістерінің ерекшелігі
- •2 3 2 Тіс жегі қуысын егеу барысында науқас эмаль-дентин шекарасында аурушаңдықты сезеді. Эод-5мкА. Термодиагностика қысқа мерзімді ауру сезімі. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз
- •2 3 10 Кіреукенің деминерализациясын анықтау үшін қолданылатын қосымша әдісті атаңыз.Әдістің көрсеткішін ,жасалу жолдарын айтыңыз
- •2 3 18 6 Жасар баланың 8.1 тісі аймағында тіл жағынан 4.1 тісі жарып шығуда.Науқасқа байланысты қандай тактика жүргізіледі.Жүргізілетін шараларды толық атаңыз.
- •2 3 29 10 Жастағы бала ата-анасымен емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді.Қарап тексергенде: 5.5 тістің сауыт бөлігі толық бұзылған. Тісті жұлу туралы шешім қабылданды. Тіс жұлу сатылары.
- •3 3 6 Балаларда жүргізілетін жергілікті жансыздандыру. Көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, қолданылатын жансыздандырғыштар.
- •3 3 17 Балада ауыз қуысында эндемиялық флюороз кезінде қандай жалпы ем шаралары жүргізіледі. Жалпы емі
2 3 18 6 Жасар баланың 8.1 тісі аймағында тіл жағынан 4.1 тісі жарып шығуда.Науқасқа байланысты қандай тактика жүргізіледі.Жүргізілетін шараларды толық атаңыз.
2 3 21 Жергілікті жансыздандыру жүргізгенде дамитын жалпы асқынулар кезінде дәрігердің іс-әрекеті. Ем шаралары алғашқы көмек. Жалпы асқынулар: талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.
Талу – имдың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан болатын жағдай.
Емі. Операцияны шұғыл тоқтатып, басты төмендету, орындықтың арқасын түсіру немесе науқасты төсекке жатқызу. Терезені ашып, тыныс алуға кедергі жасайтын, белдік, іш-киім ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскету. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрілер егу керек (10% кофеин, 10-20% камфора майы, 1 % лобелин, цитотон ерітінділері).
Коллапс – организм қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Талудан күрделірек асқыну.
Емі. Науқасты горизонтал жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді. Содан соң тамыр тарылтқыш (адреналин, мезатон), глюкокортикоид (преднизолон, гидрокортизон), жүрек (0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 10-20 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып егеді) дәрілерін егеді. Коллапс кезінде науқасқа керекті әрекеттер жасалынбаса өлім қаупі төнеді.
Есек жем. Нерв жүйесі функциясы бұзылған кезде пайда болады. Анестетик енгізген соң аяқ астынан терінің әр жері күлдіреп, қатты қышып, ашып мазалайды. Кейде күлдіреген жерде торсылдақ пайда болады. Жұтқыншақ пен көмейдің кілегей қабығының күлдіреуі салдарынан жөтел мен тұншығу мазалайды. Ауру жедел ағымды, көп күндер ішінде күлдіреу бір жерде жоғалса басқа жерде пайда болып жалғасып отырады. Есекжемнің созылмалы қайталанатын түрі де бар.
Емі. Димедрол, борм ішу кұн сайын 0,1% 1 мл-ден тері астына адреналин геу. Жағдай ауырласа суда ерігіш гормондар (преднизолон, гидрокортизон) қолданылады.
Квинке ісігі теріде, кілегеі қабықта болатын шектелген, жедел ағымды ісік. Жұтқыншақ, көмекей ісігі тыныс алу мен жұтуды қиындатады. Ісіктер қышымайды, ауырмайды, тек бозарып тұрады. Аймақтық лимфа түйіндері өзгермейді. Квинке домбығуы қалқанша безі қызметі нашарлаған адамдарда жиірек болады.
Емі. Тері астына атропин, венаға 10% хлорлы кальций ерітіндісі енгізіледі, 6-8 күндей димедрол не супрастин ішу керек.
Шок – барлық маңызды ағзалар қызметінің күрт төмендеуі
Емі. Жағдайға байланысты түрліше әрекеттер жасалады. Науқастың басын бүйіріне қарай бұрып, тілін шығарып, аузын құсықтан тазалап, төменгі жақты алға қарай жылжытып, жоғарғы тыныс жолдарын ашып күштеп тыныс алдыру керек. Антигеннің қанға тарап кетуін әрі қарай тежеу үшін ине шаншылған жерді айналдыра 0,1% 0,5 мл адреналинді 5-10 мл-дей натрий хлорлы изотоник ерітіндісіне араластырып егеді. Бұлай ету мүмкін болмаса 1 мл-дей адреналинді анестетик жіберген жерге енгізеді. Гистаминге қарсы дәрілер (1% 2-4 мл димедрол, 2,5% 2-3 мл супрастин, 2,5% 2 мл пипольфен, 3% 3-5 мл преднизолон, 0,1% 0,5 мл гидрохлоид адреналин венаға, бұлшықетке) қолданылады. 5% 100-120 мл эпсилон-аминокапрон қышқылын қолдану жақсы нәтиже береді. Бронхоспазм күшейе бастаса, 2,4% 10 мл эуфиллин немесе 0,5% 2 мл изадрин жібереді. Жүрек қызметін қалыптастыру үшін диуретиктер, жүрек глюкозидтерін 2-4 мл лазикс, 0,06% 0,5-1,0 мл коргликон егеді. Дәрілер венаға жіберіледі. Бұлшықетке егілген дәрілер жақсы әсер бермейді. Сонымен қатар оттек ингаляциясы жасалады.
Жағдай жөнделмесе дәрілерді қайтадан қолданамыз. Қажет болған кезде жүрек-өкпе жүйесі реанимацияланады. Анафилактикалық шокты бастан кешкен науқастар жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарынан болатын асқынулардың алдын алу үшін арнайы бөлімдерде жатады. Мұқият зертегі талданған аллергологиялық анамнез асқынулардың алдын алуға жол ашады.
Идиосинкразия. Қазір жергілікті анестетиктерге идиосинкразия көбірек ұшыраса бастады. Оның белгілері: теріде қызыл дақтардың пайда болуы, қышу, ыстықтап барып терлеу, кейде бет-ауыздың көгеруі, талу.
Аталған жайларды жою үшін венаға 1% 1-2 мл димедрол, яғни 2,5% 1-2 мл пипольфен, супрастин ерітінділерін 10% - 10,0 мл хлорлы кальцийге араластырып жібереді. Науқасты жатқызып, оның тамырын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалайды. Жағдайы нашарлай бастаса жедел реаниматорды көмекке шақырады, себеі, организмнің анестетикке сезімталдығы өте жоғары болса, алғашқы белгілер өрістеп коллапс, анафилактикалық шокқа жалғасуы ықтимал. Терідегі қызыл дақтар жайлап өшіп науқас жағдайы қалыптаса бастаса 1 сағаттың ішінде үйіне қайтаруға болады. Науқасқа қай анестетикке реакция болғандығы жайлы ескертеді. Сырқатнамасының бірінші бетіне жаңағы анестетикті көтере алмайтыны жайлы белгі қояды.
Новокаинмен, тримекаинмен улану. Организмге новакаин мен тримекаинді белгілі мөлшерден артық ендіру улануға соқтырады.
Емі. Уланудың жеңіл түрінде науқасты жатқызып, мүсәтір спиртін иіскетіп тыныш халде қалдырған жеткілікті. Уланудың ауыр түрінде венаға тез әсер ететін барбитураттар (13% 1-2мл тиопентал натрий) жібереді. Барбитураттар анестетик күшін азайтып оның улану әсерін тежейд. Қажет жағдайда 10-20 минуттан соң барбитураттарды қайтадан венаға жіберуге болады. Тыныс алу нашарлағанда (респиратор арқылы) күштеп тыныс алдыру керек. Онымен қатар тырысуға қарсы кураре тәрізді дәрілерді қолданамыз. Улы организмнен айдап шығу үшін тездетілген диурез (маннитол, лазикс) қажет.
Емханада уланудың белгілері сезіле бастағаннан-ақ оған қарсы күрес шараларын жүргізіп, жедел жәрдем шақыру керек. Улануға қарсы қолданылатын дәрілер емханада дайын тұруы қажет.
2 3 22 Жергілікті жансыздандыру жүргізгенде дамитын жергілікті асқынулар кезінде дәрігердің іс-әрекеті.Ем шаралары алғашқы көмек.. Иненің сынуы. Үстіңгі жақ пен төменгі жақ анестетиясының кез келген түрінде ине сынуы мүмкін. Ине көбіне канюляның түбінен сынады. Ол коррозияға ұшыраған, тозған инені қолданғанда немесе анестезияны инені күштеп жылжытып жасағанда сынады.
Емі. Иненің орналасқан жерін дәл анықтау үшін бірнеше проекцияда рентген суреттері түсіріледі. Ине ешқайда жылжымай бір орында қалып, тұрған жері ауырмаса аса қауіп тудырмайды уақыт өте келе капсулаланып қалып қояды. Олай болмаса, оны стационарда хирург операция кезінде алып тастайды.
Қан тамырлары мен оның тармақтарының жаралануы. Өтпес, ұшы майысқан инелерді қолданғанда, анестезия техникасын дәл ұстамағанда болуы мүмкін. Туберал анестезиясы кезінде қанат тәрізді вена өрімдері жараланып, тез арада гематома пайда болады, ұрттың жұмсақ тіндері ісіп шыға келедк. Гематома өздігігнен ыдырап тарайды немесе іріңдейді.
Емі. Гематома пайда бола бастаған сәтте, ол жерді басып тұрып, қысып таңу, бір тәулік бойы мұздатып ұстаған жөн. Іріңдеп кетпеуі үшін алғаш қабынуға қарсы дәрілер, кейінірек оны ыдырату үшін УЖЖ, құрғақ ыстық қолданылады. Іріңдеген гематоманы тіліп, қабынуға қарсы, денсибилизация дәрілерін тағайындайды.
Нервтің жаралануы. Анестезия техникасын бұзған кезде нысанадағы нерв пен бірге оның маңындағы нервтер жаралануы мүмкін. Эндоневрал анестезиясы кезінде ине нерв талшықтарын үзіп, жыртып кетуі белгілі симптомдар (парестезия, ауыру, температура тактилді сезімдердің төмендеуі) арқылы білінеді. Кейде көп мөлшердегі анестетикті жылдам енгізгенде де нерв талшықтары жарақаттанады. Мандибуляр анестезия кезінде инені шектен тыс терең бойлатып жіберсе бет нервтері анестезиясында ымдау етінің парезі пайда болады. Осы сияқты инфраорбитал анестезиясы кезінде бет нервінің ұрт пен бет тармақтары жансызданады. Үшкіл нервтің жарақаты күннен айларға созылатын парестезия мен невралгия түрінді болып, оның тармақтарының тітіркенуі бет нерві мен симпатикалық нервтерге тарауы мүмкін. Эндоневральды жарақаттарда невритке қолданылатын ем (физиотерапия – УЖЖ, соллюкс, аналгетиктер, витаминдер) жасалады. Дәрінің әсерінен болған парез өзінен өзі кетеді, оған ем қажет емес.
Ауа эмболиясы. Шприцте ауа қалып, оның анестетикпен бірге қантамырға түсуі. Бұл асқыну дәрігердің олақтығының салдары болып табылады.
Жаңылысып басқа дәрілерді (спирт, сілті, сутегінің қосотығы т.б.) қолдану. Ауыр асқынулар қатарына жатады. Бұл дәріханадан жаңылысып басқа дәрі беру немесе емханада анестетиктерді басқа дәрілермен аралас сақтау, дәрілердің ұқыпсыздығының салдары. Бұл қателіктің алғашқы белгісі – дәріні ендіре бастағанда-ақ қатты ауыру.
Емі. Жаңылыс жіберілген дәрінің концентрациясын төмендету үшін жедел түрде сол аймаққа 0,25% новокаин, физиологиялық ерітіндімен (80-120-150 мл) блокада жасалады. Содан соң барып тілу керек. Іріңдеп некроз болмауы үшін антибиотиктер қолданып, жараны гипертоник ерітіндісімен жуып, қадағалап тұрады.
Бұлшықет жарақаттары (жақтың қарысуы) мандибуляр, торусал анестезияларында кездеседі. Асқыну қант тәрізді етті өтпес немесе ұшы майысқан инемен жаралау, бұлшықетке шектен тыс көп анестетик енгізуден болады.
Клиникасы. Ауырсынып, ауыз жақсы ашылмайды.
Емі. Ауызды сода ерітіндісімен шаю, жақ астына жылу қою, контрактураны тарататын терапия, механикалық ем.
2 3 23 6 жастағы бала анысымен бірге дәрігер-стоматологқа төменгі сол жағындағы ісінуге, дене температурасының 38 0 жоғарылағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: сол жағындағы жұмсақ тіндердің ісінуіне байланысты айқын көрініп тұрған беттің асимметриясы. Ауыз қуысында: 7.4 тісі бұзылған, тістің айналасындағы шырышты қабық өызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген, ауырады. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз Диагнозы- Периостит. Периоститті емдеудің негізгі мақсаттары а) инфекцияның негізгі ошағын жою; б) сүйектің сыртқы қабығы астындағы инфильтратты ашып, іріңді экссудатты шығару; в) дәрі-дәрмекпен ем шараларын жүргізу.
Бірінші шарты — қабынуға себепші болған тісті жұлумен немесе оның косметикалық, функционалдық бағалығы және түбір өзегі кең әрі жақсы өтетін болса, периосттың қабынуы шектелген аймақта орналасса, онда тіс түбірі ұшындағы экссудатты тіс түбірі өзегі арқылы шығарады. Тісті сақтап қалып емдеп, пломбылайды. Ал сүйектің сыртқы қабығы астындағы іріңді экссудатты жергілікті жансыздандыру арқылы немесе көрсетілген жағдайда жалпы жансыздандыру арқылы тіліп шығарады. Ол үшін инфильтраттың ең жоғарғы, көтеріліп түрған жерінің кілегей және сүйектің сыртқы қабықтарын сүйекке дейін жеткізіп, қабынуға себепші болған тістің және ең кемінде екі көршілес тістердің тұстарынан тіледі. Оның ұзындығы инфильтраттың көлеміне сәйкес болуы керек. Қабынған жерді тек ірің жиналғанда ғана емес қабына бастаған жағдайда да тілген дұрыс.
Қабынған жерді тілген соң, науқас аузын жылы әлсіз антисептикпен шайқағаны дұрыс. Егер келесі күні жараның шеттері бірігіп, жабылып қалса, оны тегістеуішпен немесе „москит" тәрізді қысқашпен ашқан жөн. Науқас үйде аузын антисептик ерітінділерімен шайқауын жалғастыруы қажет.
Келесі күннен бастап дәрігер физиотерапиялық ем тағайындайды. Одонтогенді периостит гиперергиялық реакция түрінде жүретіндіктен организмнің иммунологиялық реактивтігін қалыптастыру үшін, сенсибилизацияға қарсы ем (кальций хлориді, димедрол, кальций глюканаты, супрастин) тағайындайды.
Көрсетілген жағдайда антибактериалды (антибиотиктер, сульфаниламидтер) ем, ауыру сезімін басатын дәрі-дәрмектерді тағайындауға болады. Қалыпты жағдайда қабынуға себепші болған тісті жұлып, іріңді ошақты тілген соң науқастың жағдайы жақсарып, қабыну басылады. Егер қолданылған емнен нәтиже шықпаса, онда периостит жақ сүйегі остеомиелитіне немесе жұмсақ тіндердің флегмонасына жалғасып кеткені.
2 3 24 2 жастағы баланың мойнының жоғарғы бөлігінде бірнеше күн бұрын пайда болған «шарик» тәрізді түзіліс сипап анықталды. Анамнезінде – респираторлы аурумен ауырған.Қарап тексергенде: мойынның оң жақ шетінде диаметрі 2 см түзіліс бар, терімен және жанындағы тіндермен қосылмаған, оның үстіндегі терінің түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз
2 3 25 8 жастағы бала балалар стоматологиялық емханасына ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді.Дәрігер 6.5 тісін емдеу туралы шешім қабылдап инфильтрациялық жансыздандыруды 2% лидокаин ерітіндісімен-2,0 жасады. Анестетикті енгізіп болғаннан соң кенеттен науқастың түрі бозырап, ол әлсіздікті сезінде, есі анық, «өлім» сезімі бар. Пульсі жіп тәрізді, артериальды қысымы 75/45 мм.рт.ст. Бала анафилактикалық шокқа түсті. Дәрігердің іс-әрекеті.
2 3 26 Емханаға анасы 8 жастағы баласын құлақмаңы аймағының ісініп тұрғанына, аузының құрғақтығына, тәбетінің жоғалуына, әлсіздікке шағымданып келді. Анасының айтуынша екі күн бойы ауырып жүр. Қарап тексергенде: дене температурасы 380С, екі жағынан құлақмаңы аймағында беттің асимметриясы, ісіну аймағының тері жамылғысы қызарған, ісінген.Құлақмаңы сілекей безін сипап тексергенде аз мөлшерде мөлдір түсті сілекей бөлініп жатыр. Диагноз қойыңыз,емдеу тактикасын айтыңыз
2 3 27 Емханаға 6 жастағы бала жоғарғы жағындағы тісінің қозғалғыштығына шағымданып келді.Қарап тексергенде: 6.1 тісі интактілі, І дәрежелі қозғалғыш. Дәрігердің іс-әрекеті
Тісті жұламыз.
Тік қысқышты алып бір жағы күрек тістің таңдай бетін, екінші жағы кіреберіс бетін ұстайтындай етіп салады. Одан соң қысқышты жылжытып, сыға ұстайды. Кейінгі қимыл ротация мен люксация. Люксация алғаш сыртқа, сосын таңдайға қарай. Сол бүйірдегі күрек тісті жұлғанда науқастың басы аздап оңға қарай бұралады.Сол қолдың 1-2 саусақтарымен альвеола өсіндісін сыға ұстап, 2 саусақ үстіңгі ерінді ығыстырады. Жалпы күрек тістерді жұлу аса қиын емес.
2 3 28 Қабылдауға 12 жастағы бала анасымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. 6.5 тісті жұлу мақсатында жансыздандыруды жасағаннан кейін балада кенеттен тері жамылғысы бозарып және есінен танып қалды. Тыныс алу беткей, пульсі жиі. Естен тану кезінде дәрігердің іс-әрекеті Отаны шұғыл түрде тоқтатып, басты тқмендету, орындықтың арқасын түсіріп немесе науқасты төсекке тіпті еденге жатқызады. Терезені ашып , тыныс алуға кедергі жасайтын белдік, киім, ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскету керек. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрі егеді. (10пайыз кофеин, 10-20 пайыз камфора майы, 1 пайыз лобелин, цитотин ерітінділері.)
