- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
Қыпшақ хандығы (1030-1219 ж.) - ежелгі қазақ мемлекеті. Қыпшақ одағы Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген. 656 ж. Батыс түркі қағандығы құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.
Қыпшақтардың үш кезең даму жолы
Оның даму жолы үш кезеңнен тұрады.
1 кезең.
Бірінші кезең: қимақ тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда 7 ғ. 2 жартысынан бастап, 8 ғ. соңына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осы кезеңде қыпшақтар мен теле тайпалары өзара тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.
2 кезең
Екінші кезең - 8 ғ. соңынан 11 ғ. басына дейін. Қыпшақтар бұл кезеңде, шығысында Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталыпы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік -қимақтар, қыпшақтар мен кумандар өзара бір-біріне ықпал етті. Сондай-ақ теле, угро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерде қыпшақтана бастады. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралды.
3 кезең
Үшінші кезең: 11 ғ. басынан 13 ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының қалпытасуы. Көптеген тайпалар мен этникалық топтар өздерінің бір этносқа жататынын мойындап, күшейіп келе жатқан қыпшақтардың атын алады. Алайда қыпшақтардың құрылып, қалыптасып болуының соңын монғол басқыншылығы тоқтатып тастайды.
Қоныстануы
11 ғ. ортасында қыпшақтар Қазақстанның шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен Оңтүстік Оралға дейін, оңтүстігіндегі Балқаш көлінен теріскейдегі оңтүстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі территорияны мекендеді. 11 ғ. 2 ж. қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орналасты, олармен бірге оғыздар да көшіп-қонып жүрді. Қыпшақтардың 11 ғ. ортасында батысқа қарай жылжыуының бастапқы кезеңі Махмұд Қашқари картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген. Еділ өзені қыпшақ елінің ішінде қалған. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлі мен Алакөл шұңқырының көлдері болады. Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жағалауындағы алқаппен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. 12 ғ. Алтай мен Ертістің жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, керейттермен шектесіп жатады.
Қыпшақ хандығы
Хандықтың құрылуы
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұралық жолмен берілді. Хандар шығатын әулеттік ру ел- бөрілі болды. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түркі дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталыпы Торғай даласында болса керек. Билевші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған. Рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінген.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмады. Малға жеке меншік, сондай-ақ жайылым жерлерде ақсүйектер меншігінде болған. Қоғамның қатардағы ерікті мүшелері малшылар болды. Құлдар соғыс тұтқындарынан құралды. Олардың бірқатары сатылып, жартысы жалшы, малай ретінде пайдаланылған.
Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
1065 ж. салжықтардың билеушісі Алп Арслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Нәтижесінде қыпшақтардың бір бөлігі хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады. 11 ғ. соңы мен 12 ғ. басында Жент, Янгикент, төменгі Сырдың тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдернің қолына қараған. 1133 ж. Жент қаласынан Дешт қыпшақ даласына тереңдетіп соққы жасаған Атсыз (хорезмшахы) қыпшақтарды талқандайды. Осы 12 ғ. ортасынан бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған басты жайттар: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өзара әулеттік қырқыс күшеюінен болды.
12 ғ. 2 жартысынан әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап, хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындасуды мақсат етті. Қыпшақ хандары мен хорезмшах әулеті өзара туысқандық неке байланысын орнатуға көшті. Қыпшақ ханы Жанкеші -қызы Теркенхатынды хорезмшах Текешке береді. Қаңлы тайпалар бірлестігі 13 ғ. басында саяси тәуелсіздікке ұмтылып, қыпшақ хандығының саяси бірлігіне нұсқан келтірген. Хорезмшахтардың басты әскери күші қыпшақтар мен қаңлылар болды. 13 ғ. басында хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Мәлік маңызды роль атқарған. Хорезмшах Аладдин Мұхаммед соның қызына үйленген болатын. Қыпшақ ақсүйектері хорезмшахтар мемлекеттік және әскери қызметпен қамтамасыз еткеннен кейін, олардың мүддесін қорғап отырды. Бұл қыпшақ қоғамында шиеленістерді күшейтті. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған хорезмшах Мұхаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына 13 ғ. басында Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақтан айрылып қалса да, қыпшақ хандары хорезмге қарсы күрестерін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешт-қыпшақ еліне Мұхамед хорезм шах көп рет жорық жасайды. 1216 жылы Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен кездесіп қалады. Монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді. Қыпшақтардың хорезмшахтармен бәсеке соғысы тоқтап қалды. Монғол басқыншылығы келіп қалды.
