- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
16 Билет
1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
1 Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бенОрта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардыңедәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмегенқазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады.Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ,түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметінеие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды.Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.
Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздіңқазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.
Көтерілістің басталуы
Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуылжасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.
Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. ХатындаАқтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардыңәскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туғанқарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.
Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.
Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалайкүрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынантанбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды.
Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты
Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыртөлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажететті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патшаүкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды.
Қарулы күштердің құрылуы
Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскеріжүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды.Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзеттеұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.
Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілердіазық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі
Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығыныңЖаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы
Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.
Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайынқиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.
Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».
Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметініңнаградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы(1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.
Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасыүшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта— патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.
Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасағанәрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдарКенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.
Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1]
Қозғалыстың алғышарттары
XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақхалқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді.
Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібір комитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хатхабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісіҚасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді.
]Көтерілістің негізгі мақсаты
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
Көтерілістің басты себептері
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.
Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты
Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.
Көтерілістің қозғауыш күштері
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.
Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді.
Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық,Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы
Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды
