Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_STAN_TARIKhY_BILET.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать
☆

2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты

Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқиғалары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға ңкелу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ-қырғыз халықтарына үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкіл қырғыздық съезд Алаш партиясын қалыптастырып, басшы органдарын сайлады. Оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров, М.Шоқай, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов т.б. кіреді. Бұл партияның сол жылы желтоқсанда Орынборда өткен ІІ съезінде Қазақстанның автономиясы Алаш Орда үкіметі және Ұлттық Кеңес құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамында 15 адам халық кеңес төрағасы болып Ә.Бөкейханов бекітілді. Бұл үкіметтің

негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болған еді. Осы қозғалыстың өмірге келуі отаршылдық езгідегі халықтың ғасырлардан бергі қордаланып келген және әбден пісіліп жетілген наразылығының айқын көрінісі болды.

3) Қр мемлекеттік рәміздері

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі – елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» дейді. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ойда осы. Елімізідің туына айналған ұлы идея еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршендік идеясын туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған. Шеңбер ішіндегі киіз үй шыңайы шеберлікпен шеңдестірілген түндігі – аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Әр бөлшектегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқада ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге – уықтай кірігіп, күш жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыздың, тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады. Киіз үй көшпелілер мәденитетінің ғажайып туындысы. Елтаңба композицисын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбей шапшаңдылығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай болғанда да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпенділер ұғымында жылқы – түлік біткеннің төресі. Көне түсініктер бойынша киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса – адамның қанаты. Елтаңбадағы енді бір назар аударарлық белгілер – маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс – бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе күн мен айды одан кейін жұлдыздарды қос тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты – Қазақстан – қазақ елі болып өрлеуі көркемдіктігі жағынан да мағыналы жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зергер көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіре түскен. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]