- •1 Билет
- •1) Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер
- •3) Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайы. “Жеті жарғы” заңдар жинағы
- •2 Билет
- •1) Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Сақ тайпалары. Қоғамдық-саяси құрылысы: шаруашылығы мен мәдениеті
- •3 Билет
- •1) Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы
- •2) Xyii-xyiii ғғ. Қазақ-жоңғар қатынастары
- •3) Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан
- •4 Билет
- •1) Қазақстанда «Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Тоталитарлық жүйенің орнауы
- •2) Қазақстанды күштеп ұжымдастыру саясаты және оның салдары
- •5 Билет
- •1) Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы
- •2) Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •3) Оғыз мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •6 Билет
- •1) Қазақстанда XX ғ. 30 ж. Заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия
- •2) Қазақстанда жэс-ті іске асыру. Жер-су реформасы
- •3) Қазақ акср-нің құрылуы. Қазақ жерін біріктіруді аяқтау
- •7 Билет
- •1) Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы
- •2) Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары (xyiii ғ.)
- •15Ғқазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
- •8 Билет
- •1) Кіші және орта жүздердің Ресей империясының құрамына енуі
- •2) Қазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның кезеңдері
- •3) Қазақстандағы хх ғ. 20-30 жж. Мәдени құрылыс
- •9 Билет
- •1) Xyiii ғ. Екінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан
- •2) Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы
- •3) Қарлұқ қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •10 Билет
- •1) XIX ғ. 60-90 ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударудың басталуы
- •2) Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (XX ғ. 30 ж. Екінші жартысы)
- •3) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Өлкедегі XIX ғ. 60-90 жж. Әкімшілдік-реформасы
- •11 Билет
- •1) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы (1941-1945 жж.) ерліктері
- •2) XX ғ. 30-40 ж. Басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру
- •3) Қимақ қағандығы. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы
- •12 Билет
- •1) Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрұлысы, шаруашылығы
- •2) Кіші және Орта жүзде хан билігінің жойылуы. XIX ғ. 20 ж. Патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік және сот реформасы
- •3) Қазақстанның XX ғ. 40-50 жж. Қоғамдық-саяси өмірі. “Бекмаханов ісі”
- •13 Билет
- •1) Наймандар мен керейлердің ұлыстары
- •2) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) кезеніңдегі еңбектегі ерліктері
- •3) Қазақтардың е.Пугачев бастаған шарауалар көтерілісіне қатысуы
- •14 Билет
- •1) Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты
- •2) Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтижелер
- •3) Қара қытайлар мемлекеті. Саяси тарихы
- •15 Билет
- •1) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •2) Қарахан мемлекеті.Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті
- •3) Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны
- •16 Билет
- •1) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлы-азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы
- •2) Қазақстанның 60 ж. Екінші жартысы мен 80 ж. Басындағы әлеуметтік-эканомикалық дамуы
- •17 Билет
- •1) Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерілісі
- •3) 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы - қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •18 Билет
- •1) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы (XX ғ. 40 ж. Екінші жартысы) Қазақстанның халық шаруашылығы
- •2) Ақ Орданың құрылуы және дамуы
- •3) Ресейдегі Столыпин аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы
- •19 Билет
- •1) Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі
- •2) XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы
- •3) XX ғ. 80-90 жж. Қазақстанда жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •20 Билет
- •1) Қазақстан Моңғол империясының құрамында. Алтын орданың құрылуы және ыдырауы
- •2) XX ғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907 жж. Революция және оның қазақ қоғамына әсері
- •3) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Ұлыстардың құрылуы
- •21 Билет
- •1) Моғолстан мемлекеті
- •2) Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары
- •3) 1916 Ж. Ұлт-азаттық қозғалыс
- •22 Билет
- •1) Семей ядролық полигоны, Арал трагедиясы
- •23 Билет
- •1) Бірінші дүниеүзілік соғыс кезеніңдегі Қазақстан
- •2) Әбілхайыр хан (Көшпелі өзбек мемлекеті)
- •3) 1869-1870 Жж. Торғай, Маңғыстау көтерілістері
- •24 Билет
- •1) Ноғай Ордасы. Саяси тарихы.
- •2) XX ғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (“Алаш”, “Үш жүз” және т.Б)
- •3) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2050 стратегиясын халқына жолдауы
- •25 Билет
- •1) Ксро-ның ыдырауы және тмд құрылуы
- •2) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •3) Тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов...........
- •26 Билет
- •2) Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламасы
- •3) Қр Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы
- •27 Билет
- •1) Қазақ хандығының нығаюы. Қасым хан, оның сыртқы және ішкі саясаты
- •2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: даму бағыттары
- •3) Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
- •28 Билет
- •1) Қазақ терминінің этимологиясы
- •2) Қазақ хандығының құрылуы. Алғашқы қазақ хандары
- •3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
- •29 Билет
- •1) Ұлы ақын және ойшыл а. Кұнанбаев және оның қазақ халқының прогресті дамуындағы алатын орны
- •2) Алаш автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның ұстанған саясаты
- •3) Қр мемлекеттік рәміздері
- •30 Билет
- •1) Қазақстан қайта құрулар кезеңінде (1985-1991 жж.)
- •2) Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы (16 ғ. Аяғы – 17 ғ. 1-ші ширегі)
- •3) Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
3) Қазіргі Қазақстандағы мәдени процестер
Адамзат мәдениеті өзінің мыңдаған жылдар бойындағы дамуында тас балтадан космосты игеруге дейінгі жолды жүріп өтті. Ол ешқашан да қозғалыссыз қалған емес: пайда болып, бір аймақтан екінші аймаққа таралып дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр уақытта да материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады. Өткен заман ескерткіштері арқылы көрініс тапқан құндылықтар мен символдар жаңа мәдениеттің маңызды факторларына айналып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ уақыт бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдени бірегейлікті қамтамасыз ететін тірекке айналады.
Мәдениет динамикасында мәдени ықпалдар мен байланыстардың алатын орны зор, өйткені қозғалыс қашанда кездесулер, қақтығысуларсыз болмай тұрмасы мәлім. Мәдени коммуникация мәдени өзгерістердің ең кең тараған бастау көзі болып табылады. Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады:
1. Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым-қатынаста, өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға алып келеді);
2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады);
3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени-әлеуметтік топтардың болуы);
4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті).
Мәдени динамика бүгінгі күннің ақпараттық төңкерілісі үстінде бұрын-соңды болып көрмеген қатты қарқынға ие болып отыр. Сондықтан болар, қазірде мәдени динамикадан гөрі ғаламшарлық деңгейді танытатын жаһандану ұғымы кең танымал болып ктті.
Жаһандану дәуірінде мәдениеттің әмбебапталынуы мен трансформациялануы мәселелері өзектілік танытып отыр. Процесс ретіндегі жаһанданудың оң (позитивті) және теріс (негативті) жақтары бар екендігі белгілі. Бір жағынан, ол халықтардың бір-бірімен көбірек араласып, бірін-бірі танып, өзара жақындасуына ықпал етеді. Екінші жағынан, шамадан тыс араласу мен ықпал ету өзіндік мәдени бірегейліктің шайылуына алып келуі де мүмкін. Бірдей мәдениет үлгілерінің бүкіл әлемге таралуы, мәдени ықпал үшін барлық шекаралардың ашық болуы мен кеңейтілген мәдени араласу қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандану процесі (құбылысы) туралы әңгімелеуге алып келеді.
Мәдениеттің жаһандануы көлік құралдарының мүмкіншілігінің артып, экономикалық байланыстардың жиілеп, коммуникация құралдарының күрделеніп, әртүрлі этникалық мәдениттердің сұхбаттасу жолдарының кеңеюінің негізінде біртұтас әлемдік өркениетке интеграциялануы процесі сипатында болып келеді. Қазіргі заманғы техникалық жетістіктер жаңа көлік құралдары мен жаңа коммуникация формаларының қалыптасуымен мәдениетаралық байланыстардың ауқымын айтарлықтай кеңейтті. Адамдар қозғалысы күрт арта түсті: жүйрік ұшақтар адамды санаулы сағаттар ішінде әлемнің кез-келген нүктесіне жеткізе алады. Мұның нәтижесінде, бұрындары жұмбақ болып көрінетін мәдениеттермен тікелей байланысқа қол жеткізу мүмкін болды, яғни мәдениетаралық коммуникация әлеуеті артты. Мәдениетаралық коммуникация мәдени байланыстардың кеңеюі, мәдени құндылықтардың бір-біріне ықпал етуі мен адамдардың бір мәдениеттен екінші бір мәдениетке миграциясы арқылы көрініс табады.
Бүгінде бүкіл дүние жүзі біртұтас жалпыәлемдік кеңістік құрастыру үстінде. Ол, ең алдымен, қаражаттық және ақпараттық жаңа технологиялық негізде жүзеге асып жатыр. Қарапайым тоғышар жанды қобалжытар атауына қарамастан, жаһандану өзінің түпкілікті мәнінде интеграцияның ең биік сатысы болып анықталады. Қазіргі уақытта жаһандану процесі біздің өміріміздің әртүрлі салаларын қамтиды. Қаржылар, идеялар мен адамдар қазіргі уақытта ұтқырлық (мобильдік) танытып отыр. Әрине, бүкіләлемдік қаржылық және тауарлық нарық, ақпарат құралдары мен миграциялық лектер мәдени алмасулардың өте қарқынды өсуіне алып келді. Бұл құбылыс мемлекеттік институттар, әлеуметтік топтар мен әртүрлі елдер мен мәдениеттердің жеке тұлғалары арасындағы тікелей байланыстардың қарқынды артуы жағдайынан да көрінеді. Осы жаңа байланыстар аясындағы жаңа әлемде көптеген дәстүрлі өмір сүру формалары мен ойлау әдіс-тәсілдері, мәдени институттар мән-маңызынан айырылды, тіпті, кейбіреулері жоғалу үстінде деп айтуға боларлықтай. Бірақ, сонымен бір мезгілде, жаһандану процесі мәдениеттің жаңа формалары мен өмір сүрудің де жаңа жолдарының қалыптасуына алып келеді.
Жаһанданған әлемде экономиканың, сол сияқты, саясаттың да іргелі принциптерінің сапалы өзгерістері орын алады. Мысалы, ақпараттық технологиялар әсерінен еңбек құралының өзі өзгереді. Жаңа технологиялар адам санасына әсер ету процесін пайдалы бизнеске айналдырды. Шындығында, қазіргі заман бизнесінде пиар-технологияларды білмейтін жанның бірдеңе жарыта қоюы екіталай. Бұл айтқанымыз түгелдей дерлік саясатқа да қатысты нәрсе. Саясаттың өзі белгілі әрі байқаларлық мөлшерде бизнеске айналғандығы тағы бар. Оның үстіне, жаһандану дәстүрлі басқару жүйелерінің дағдарысына, кенже қалған әлемнің дағдарысына, өркениетаралық бәсекелестік дағдарысына орын беретіндігі тағы бар.
Американдық профессор – социолог Френсис Фукуяма өзінің “Сенім. Әлеуметтік ізгіліктер және өркендеуге ашылған жол” деген терең ізденісінде қазіргі қоғамдағы экономиканың мәдениетпен етене тығыз байланыста екендігін, жалпы алғанда, бүгінгі таңда қоғамның өсіп-өркендеуі әлеуметтік капиталмен байланыста және де қоғамдағы “сенім” деңгейі сынды бір қарағанда абстракты болып көрінетін ұғыммен байланыста болатындығын көрсетеді. Елде билік пен халық арасында, қоғам мен элита арасында сенім болса, ұжымның өз ішінде сенім мәдениеті қалыптасса, баламызды оқытып жүрген мұғалімге, қабылдауына барып отырған дәрігерге сенім бар болса, көмек сұрап барған полиция қызметкері әлде мәселемді шешер деген шенеунікке сенім болғанда ғана қоғам көркеймек!
Өзінің ауқымды еңбегінде Фукуяма дамыған елдердің – АҚШ, Германия және Жапония, бір жағынан, Франция, Италия, Канада, Корея, екінші жағынан – өз арасындағы айырмашылық сол елдердегі сенім деңгейімен анықталады дейді. Демек, жаһанданған әлемде бұлардың барлығы құр бос сөз емес, дерексіз ұғымдар емес. Егер де біз әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарында болғымыз келеді деп әлемге мәлімдейтін болсақ, онда жаһандану қойып отырған ойын ережелерін қабылдап, біз уақыттың өзекті талаптарына дер кезінде керекті жауабын бере білуіміз керек.
Соңғы уақытта, мәдениеттанушылар бірлік – көптүрліліктен құралады, мәдениеттер плюрализмі мен адамдар қауымдастығының біртұтас ортақ қағидалары құндылықтық таңдаудың дилеммасы болудан қалған деген ұстанымды жиі қолдауда. Дегенмен, жаһандану аясында өмірдегі кейбір идеялар мен идеалдар шын мәнінде бүкіл әлемге танылып, таралып, қабыл алынады. Шындығында адамдардың ішкі қанағаттану дәрежесі, болашаққа деген үміттері, сенім мен толеранттылық дәрежелері, өзін-өзі идентификациялаудың параметрлері, сондай-ақ, адами болмыс-тіршіліктің ядролық мәселелерге – неке мен жанұяға деген қатынастарын анықтай отырып, құндылықтардың халықаралық сахнада әмбебапталған мынадай тізімін көрсетуге болады:
1. Демократия идеалы;
2. Төзімділік идеалы
3. Әйел эмансипациясы идеалы
4. Қоршаған ортамен байланысты мәселелерді (экология мәселелерін) мойындау
5. Балалар мен жасөспірімдерді қолайсыз, жағымсыз факторлардан қорғауға тырысу.
Әмбебапталу үрдістері мәдени бірегейлену мәселесін де барынша өткір қоятындығын айтпасақ біз беріп отырған заманауи әлем сипаттамасы біржақты болар еді. Интеграция мен дифференциация, шиеленістер мен қызметтестік, әмбебапталыну мен партикуляризация бірі-бірінсіз мүмкін емес, дамудың болжаулы үрдістері болып табылады. Тарихи тәжірибенің көрсеткеніндей, жаһандану процесі «әу» дегеннен белгілі бір шиеленісті потенциалға ие, себебі жаһандану тұсында қаласақ та, қаламасақ та төл мәдениетіміздің қағидалары, ұстанымдары мен құндылықтарын қайта қарастыруға немесе олардың кейбіреулерінен мүлдем бас тартуға тура келеді. Сонымен, жаһандану – шиеленіссіз және жұмақ әлемімен аяқталатын процесс емес. Ол бір мезгілде жаңа мүмкіншілік алу мен жаңа қатерге бас тігуден тұрады.
Жаһандану дамыған елдер мен кенжелеп қалған елдердің аражігін одан бетер ажырата түсетін қатыгез құбылыс екендігімен де белгілі. Алайда, ақыл-парасатының жоғары адамгершілік идеалдарына жүгініп, талай тірелген тығырықтан жол таба білетін адамзат баласының бұл Талапқа да Жауап табатындығынан үміттену ғана қалмақ.
Әуелеген арман, өксіткен өкінішке толы адам болмысында өмірсүйгіштік танытатын қасиет те, ізгілікке жетуге деген белсенділік те Үмітпен байланысты нәрселер. Үмітті ізгіліктің басқаша атауы әрі нағыз адами ерекшелікті ұғым деп түсінуіміз керек. Жамандықтан Адам «болып қала ма» деп күдіктенеді, ал жақсылықтан қашанда үмітті болады. Үміт – күні кеше ғана екі дүниежүзілік қырғынды басынан кешіріп, әскерилердің керзі етігінің астында тапталып қалғандай көрінген әлем тұрғындарының ортақ мекені – Жер шарында бір үйдің балаларындай тату-тәтті күн кешу үшін жасампаздық ықылас білдіруге бастайтын тірек. Үміт – адамзат атаулының жаһандану тұсындағы сенім кілті. Бірлесе тіршілік етуге, қоян-қолтық әрекеттесуге, ортақ үйде бас қосуға бару дегеніңіз – нағыз өмірсүйгіштік, нағыз жасампаздық, нағыз адамзаттық гуманистік рухтың көрініс табуы деген сөз.
