- •Білдекте өңдеу негізі білдек тұралы жалпы мағлұмат
- •1.1. Металл кескіш білдектердің жіктелуі
- •1.2. Білдектің дәлдігі және өңдеу сапасы
- •1.3. Білдек өнімділігі және сенімділігі
- •2. Металл кескіш білтекте өңдеудің технологиялық үдерісі
- •2.1. Білдек кинематикасы
- •2.2.Білдектердің типтік бөлшектері және механизмдері
- •2.3 Басты қозғалыстың және беріліс қозғалысының берілісі
- •3.1. Жону білдектерінің негізгі түрлері және оларды өңдеу
- •3.2 Жону бұрамакескіш білдегінің құрылғысы
- •Білдектер және оларда өңдеу технологиясы. Жону білектері және жонып өңдеу технологиясы
- •3.3 Жонып өңдеудің технологиясы және жабдығы
- •3.6. Цилиндрлі саңылауларды өңдеу технологиясы
- •3.9. Жону білдектерінде бұрандаларды қию технологиясы.
- •3.10. Беттерді әрлеу технологиясы
- •3.11. Жону білдектеріндегі жұмыс істеудің негізгі қауіпсіздік ережелері
- •4 Жазық беттерді және қиықжиектерді жоңғылау технологиясы
- •4.1 Ойықтарды, жырашықтарды, кемерлерді жоңғылау технологиясы және дайындамаларды жоңғымен кесу.
- •4.8. Фасонды беттерді жоңғылау технологиясы
- •4.9. Жоңғыш білдектерде қауіпсіз жұмыс жасаудың негізгі ережелері
- •5.Бұғылау білдектері және бұрғылап өңдеу технологиясы.
- •5.1. Бұрғылау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі
- •5.1. Сурет. Вертикалды- бұоғылау білдектері:
- •6.1. Ажарлауыш білдектердің негізгі түрлері мен белгілері
- •6.5. Бұрғылау білдектерінде өңдеу технологиясы және әбзел.
- •6.11. Сурет. Тезауысымды бұрғылайтын қысқы (а) және цилиндрлік артқы ілмегі бар бұрғыларды бекіту үшін арналған конустық төлке (б):
- •1 Және 2 – орнықтыру саусақтары;3 – бағыттаушы төлкелер; 4 – кондукторлық тақта; 5 – айлабұйымның базалық беті; 6 – саңылау.
- •6.6. Саңылауды бұрғылау және кеңей бұрғылау технологиясы
- •6.22. Сурет. Айналдырық берісінің қозғалысын шектеуге арналған айлабұйым:
- •6.7. Үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау технологиясы.
- •6.8. Ішкі бұранда кесіп алу технологиясы
- •6.9. Бұрғылау білдектерінде жмыс жасау кезіндегі негізгі қауіпсізодік ережелері.
- •Ажарлағыш білдектер және ажарлаумен өңдеу технологиясы.
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлері және олардың белгіленуі.
- •7.2. Жазық ажарлау білдегінің құрылысы
- •7.1. Ажарлау білдектерінің негізгі түрлерінің жалпы көрінісі:
- •7.3. Орта дөңгелек ажарлау білдегінің құрылысы.
- •7.5. Жазықажарлау білдектерінде дайындаманы өңдеу технологиясы.
- •7.9 Сурет электромагнитті тақта:
- •7.10 Суретте магнитті тақтаның жалпы түрі көрсетілген.
- •7.11 Сурет.Ажарланатын дайындамаларды бекітуге арналған лекалды тақтайшалар:
- •7.6. Дөңгелек ажарлау білдектерінде дайындамаларды өңдеу технологиясы
- •7.18. Екі қалыпты сүйеуіш:
- •7.7. Ажарлау білдектерінде жұмыс жасау қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
- •Сбб білдектер
- •Басқару жүйесінің және сбб білдектерінің жалпы сипаттамасы
- •8.1 Сурет. Сбб білдектерінде координата осьтерінің орналасуы (а); оң жақты координата жүйесі (б).
- •8.2. Сбб білдектерінің құрылымдық ерекшеліктері
3.11. Жону білдектеріндегі жұмыс істеудің негізгі қауіпсіздік ережелері
Жарақат алудан сақтану үшін және еңбектің қауіпсіз шартын жасау үшін жонушы, жалпы ережелеріне қарамағанда, жону тобындағы білдектердің ерекшеліктерінің шарттарына байланысты өзіндік ерекшелік ережелерін сақтауы тиіс.
Олар келесіден тұрады:
Қысқыларды, айналмалы үстелдерді және басқа да айлабұйымдарды бекіту және алу үшін арнайы қармауы бар құрылғылардың көмегімен жасау керек.
Алдыңғы топайдың айналдырығына айлабұйымды бекітпестен бұрын кірлеуден тазалап және мұқият сүрту керек.
Пневматикалық, гидравликалық немесе электромагниттік жетектермен жабдықталған айлабұйымдарды қолдану кезінде ауа және сұйықтық беріліс коммуникация жағдайын мұқият тексеру қажет, және де электрөткізгіш сымдарын тексеру қажет.оларға білдектің қозғалу бөліктерін әрекет етуін сақтау керек.
Тозған технологиялық жабдықты қолданбау керек ( қысқылар, орталар, өтпелі төлкелер және т.б)
Құралкүймешіктің ортасының осіне қатысты тесіктерді дұрыс бекіту және орнату сенімділігі болу үшін өлшенетін ажарлау төсемін қолдану керек, оның өлшемдері кескіштерді ұстағыштың тіреу бөлігінің сызықтық өлшемдерімен сәйкес келеді,
Кескіштерді кескіш құрал ұстағыштан шығып кету мүмкіндігі минималды болатындай етіп орнату керек (кескіштің биіктігі ұстағыштан 1,5 – есе аспауы керек) және бұрандаманың саны екіден аз болмауы керек.
Берілген дайындаманы өңдеу барысында артқы топайда немесе тапаншалы бастиекте дайындаманы өңдейтін құралдарды қалдырмау керек.
Шыбықты материалдардың ұшын өңдеу кезінде, айналдырықтан шығатын қарсы жағы толық ұзындығымен қоршалу керек. Қоршау берік және орнықты болуы керек. Шыбықтың ұзындығы берілген білдектің төлқұжатына сәйкес болуы керек.
Білдектің айлабұйымына дайындаманың мүмкіндігіне көбірек ұзындығын бекіту керек. Дайындаманың шығып тұрған ұзындығы 2 -3 есе диаметрінен аспауы керек, егер ұзын олып кетсе оны тіреу үшін артқы топайды қолдану керек
Сур.3.44 Бүйірлі Сур.3.45.Цилиндрлі
қондырылған жоңғыларды артқы ілмекті шеттік
білдектің айналдырығына жоңғыларды қысқыға
орнату; орнату;
1-жоңғы; 2-кілтек; 1- жоңғы; 2- цанга;
3- бұрама; 4- айналдырық 3- сомын; 4- қысқы
Дайындамаларды орнатуға және бекітуе арналған үстелдер бұрылмайтын ( сур.3.46,а) және қолмен бұрылатын (сур.3.46,б), пневматикалық, гидравликалық немесе электірлі жетектермен болады, Бұрылмалы үстелдер білдекте дайындаманың фасонды беттерін өңдеуге ммкіндік береді және де бір дайындаманы өңдеу кезінде дайын бөлшектер алынып және лардың орнына жаңа дайындамалар орнатылған кезде үздіксіз жоңғылау әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Үстелдің үздіксіз айналуы жеке жетекті немесе білдектің жетегін қамтамасыз етеді.
3.46-Сурет
а – бөлшекті ілдек үстеліне тікелй орнатуға арналған ұстатқыштар: б – тұғырыққа тірелетін ұстатқыш; 1 – тұғырық; 2 – ұстатқыш; 3 – бұрандама: 4 – дайындама.
3.47-Сурет
Цилиндрлі беттері бар дайындамаларды жоңғыш білдектеріне бекітуде жұдырықшалы жетектемелі және цангілі қысқыларда жиі қолданады (сур 3.47)
Жоңғылау кезінде еңбектің қосалқы уақытын едәуір қысқартуға және жәнеқ өнімділігін жоғарылатуға механикаландырылған және автоматтандырылған қысқышты айлабұйымдарды қолдану арқасында қол жеткізуге болады. Оларды ірі сериялы өндіріс шартына тиеуші құрылғылармен бірге жиі қолданады.
Жоңғыш білдектеріндегі жұмыс кезінде дайындаманы бекіту үшін әмбебап - құрама айлабұйымдар (ӘҚА) кең қолданылады. Оларды дайын қалыптандырылған өзара ауыстырылмаы бөлшектерден жинайды (сур. 3.48). Бідекте өңдеуден кейін мұндай айлабұйым дайындамалар партиясын бөлшектейді және оның бөлшектерінен жаңа айлабұйымдарды құрылымдайды. Әмбебап – құрама айлабұйым жобалау мерзімін едәуір қысқартуға және дайындаманы бекітуге арналған қажетті құрылғыларды дайындауға мүмкіндік береді. Ол жеке және аз сериялы өндірісте өте маңызды. Жоңғыш білдектердің мүмкіндіктерін кеңейтетін айлабұйымдар.
Бөлгіш бастиектерді дайындаманы бекіту үшін және оның үзілмелі және үдіксіз айналу жолымен әр түрлі бұрыштарға бұрылу үшін негізінен консольды (қадаулықты) және кең әмбебапты білдектерінде қолданылады. Бастиектің құрылымына байланысты дайындаманың шеңбері тең және тең емес бөліктерге бөлінуі мүмкін.
Бұрама жырашықтарды қию кезінде дайындамаға бір уақытта үздіксіз айналу және үдемеі қозғалыстарын хабарлайды. Мысалы, жоңқа жырашықтарын бұрғыларда, жоңғыларда, бұрандаойғыштарда,ұңғылағыштарда және үңгуіштерінде өңдеу кезінде.
Сур 3.48- Сурет. Әмбебап – құрама айлабұйым:
1-Базалық тақта; 2- тірек;3- орнату тақтайшасы; 4- бекітуші бұрандама; 5- ұстатқыш;6- өңделетін дайындама.
3.49- Сурет. Лимбті бөлгіш бастиек:
1,2 – бөлшекті бекітуге арналған орталықтар.
3.50- Сурет. Жоңғыш білдектердің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы айлабұйымдар:
а – қосымша вертикалды – жоңғыш бастиек; б – төрткілдешті жоңғылауға арналған айлабұйым; в –екі айналдырықты жоңғыш бастиек; г – бұрғылау бастиекгі;д – ажарлау бастиегі; е – қашау бастиегі; ж – білдектің жалпы түрі; 1 – білдекте бекітуге арналған құрылғы; 2 –құрал – сайманды бастиек; 3 – шеттік жоңғы; 4 – білдек тұмсығы; 5 – білдек айналдырығы;6 –жоңғы;7 – жетекші электроқозғалтқыш; 8 – бастиек тұрқысы; 9 – құрал – сайманның серітпе шанасы; 10 –құрал – сайманды жиекқұрсау;11 – ажарлау бастиегінің айналдырығы.
Лимбті бөлгіш бастиекқұрылымы және оны баптау әдістері – 9 тарауда қарастырылған.
Жоңғыш білдектердің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайы алабұйымдар. Мұндай айлабұйымдардың екі тобы бар:
Жоңғыш білдектің басты ауыспайтын бергілері (қосалқы және көпайналдырықты жоңғыш бастиектер, төрткілдешті жону үшін арналған бастиетер, көшірме айлабұйымдар және т.б)
Орындалатын жұмыстың сипатын түбегейлі өзгертетін (қашау, бұрғылау және ажарлау астиектері)
Кейбір арнайы тез ауысатын айлабұйымдар,горизонтальді – жоңғыш ілдегінде орналасатын, сурет 3.50 де көрсетілген.
