Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер Металл кескіш станоктар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1 Және 2 – орнықтыру саусақтары;3 – бағыттаушы төлкелер; 4 – кондукторлық тақта; 5 – айлабұйымның базалық беті; 6 – саңылау.

Әмбебеп жиналатын айлабұйымдар (ӘЖА) көптеген зауыттарда қолданып, әр түрлі металкескіш білдектерде дайындамаларды өңдеу барысында бекіту жұмысын атқарады. (Мысалы: бұрылмайтын білдекте саңылауды өңдеу үшін) ӘЖА – ң қолдануы уақыт пен жабдықтың үлкен үнемділігін береді.

Көпайналдырықты бұрғылайтын бастиектер бұрғылайтын білдек үшін қосымша айлабұйым болып табылады.

Бұл бастиектер әр түрлі құралдармен бір уақытта бірнеше саңылау өңдеуге мүмкіндік береді, сондықтан бұрғылау білдектерінің шығару өнімділігін жоғарылатады.

6.18 – суретте алтыайналдырықта тапаншалы бастиегінің сұлбасы көрсетілген. Ол әр түрлі кесуші құралдармен саңылауды өңдеуге арналған. Бастиекте алынып салынатын айналдырықтарды бекітеді, олардың жетектері әр түрлі беріліс сандарынан тұрады. Осындай бастиектердің құрылымы вертикальды – бұрғылау білдегінде айналдырықтарының бұрылу барысында әр түрлі саңылауларды өңдеуге мүмкіндік береді: бұоғылау, үңгілеу, ұңғылау, бұранда кесу және шеттерді ұң жоңғылау.

6.18 – сурет. Алтыайналдырықты тапаншалы бастиек:

1 – орнықтырғыш; 2 – орнықтырғыш иінтірегі; 3 – жетекші жартылай жалғастырғыш; 4 – жалтырғыш иінтірегі; 5 – негізгі тұрқы; 6 – өзек; 7,8 – тіреуші бұрамалар; 9 – төрткілдеш; 10 – тісті дөңгелек;11 – конусты тісті беріліс; 12 – шаппа механизм; 13 – тісті тәж; 14 – бұрылмалы тұрқы; 15 – бастиек айналдырығы.

Әр айналдырықтың бастиегі келесі саңылауды өңдеу үшін сәйкес кесуші құралмен автоматты түрде вертикалды жағдайға бұрылады, осыдан білдектің және жылдамдықтың ауысуын тоқтаусыз жүзеге асыруға болады. Құралы бар айналдырықты жұмысқа қосу үшін білдектің сүйеу төлкесінде бекітілген револьверді бастиегі көтеріледі.

6.6. Саңылауды бұрғылау және кеңей бұрғылау технологиясы

Өңделетін дайындамалардың талап етілген сапасына және санына байланысты саңылауды бұрғылауды белгілеу және кондуктор арқылы жүргізіледі. Жұмыс үрдісі кезінде келесі негізгі ережелерді сақтау керек:

  • Дайындамаларда өтпелі саңылауларды бұрғылау кезінде олардың бекіту тәсіліне назар аудару керек: егер дайындама үстелде бекітілсе, онда бұрғы өңдеу біткен соң еркін шығуы үшін оны төселеге орнату керек;

  • Бұрғыны дайындамаға айналдырықтың айналысын қосқаннан кейін ғана жақындату керек, себебі дайындама бетінің жанасуы кезінде оған түсетін жүктеме аз болуы үшін, олай болмаған жағдайда бұрғының кесуші жиектері бүлінуі мүмкін;

  • Бұрғы өңделетін саңылауда тұрғанда айналдырық айналысын тоқтатпау керек. Бастапқыда бұрғыны шетке шығарып, содан кейін айналдырық айналысын немесе білдекті тоқтату керек, кері жағдайда бұрғы бүлінуі мүмкін.

  • Бұрғылауда бұрғының желінуі, қисаюы және тозуы нәтижесінде пайда болатынсырылу, діріл кезінде бұрғыны дайындамадан шетке шығарып, білдекті тоқтату керек.

  • Терең саңылауларды (l>5d, мұнда l – саңылау тереңдігі, мм; d – саңылау диаметрі, мм) бұрғылау кезінде жоңқа шығу үшін және бұрғының майлануы үшін бұрғыны өңделетін саңылаудан периодты түрде шетке шығарып отыру керек. Мұнымен бұрғының сыну және уақыттан тыс ықтималдығы азаяды.

  • Тұтас металдағы диаметрі 25 мм – ден үлкен саңылауды екі өтумен бұрғылау ұсынылады (кеңей бұрғылаумен немесе үңгілеумен).

  • Бұрғылауды тек технологиялық карталарда немесе анықтамалық кестелерде көрсетілген режімдер бойынша және де шебердің ұсынысы бойынша орындау керек;

  • Болаттан және тұтқыр материалдардан жасалған дайындамалардағы саңылауларда бұрғылау кезінде кесуші құралды кезекті тозудан сақтау үшін және кесу режімдерін жоғарылату үшін МСС міндетті түрде қолдану керек.

Белгілеу бойынша бұрғылау кондукторларды дайындау өңделетін бөлшектің аз санына байланысты экономикалық түрде ақталмаған кезде жеке және аз сериялы өңдірісте қолданылады. Бұл жағдайда бұрғылаушыға бақылау шеңберлері және бұрғыланатын саңылау орталығы салынған дайындамалар келеді. Кейбір жағдайларда белгілеуді бұрғылаушы өзі салады.

Белгілеу бойынша бұрғылау 2 кезеңнен тұрады: бастапқыда алдын ала бұрғылау, содан кейін – түпкілікті.

Алдын ала бұрғылауды кішкене саңылауды бұрғылай отырып, қол берісімен жүргізеді. Осыдан кейін айналдырықты және бұрғыны қайтарады, жоңқадан тазалайды, белгіленген шеңбердің бұрғыланған саңылау шеңберімен сәйкес келуін тексереді.

Егер алғашқы саңылау дұрыс бұрғыланса, бұрғылауды жалғастырып, аяғына дейін жеткізу керек. Ал, егер саңылау бір жақ шетке кетіп қалса онда сәйкес келетін түзетуді жүргізеді: орталықтың келесі жағынан бұрғыны ығыстыратын жаққа жіңішке қашаумен екі – үш жырашық кеседі. Жырашықтар бұрғыны нүктеленіп белгіленген жерге бағыттайды. Ығыстыруды түзетуден кейін бұрғылауды аяғына дейін жалғастырады.

Кондуктор бойынша бұрғылау. Кесуші құралды бағыттау үшін және дайындаманы технологиялық тараптары мен сәйкестендіріп орнықтыру үшін әр түрлі кондукторларды қолданады. Айлабұйымның тұрақты орнату негізгі және кондукторлы төлкелер өңдеу дәлдігін жоғарылатады. Кондуктор бойынша бұрғылау кезінде бұрғылаушы бірнеше жай тәсілдерді орындайды (кондукторды, дайындаманы орнатады және щещеді; айналдырық берісін қосады және өшіреді).

Өтпелі және бітеу саңылауларды бұрғылау. Дайындамаларда негізінен екі түрлі саңылаулар кездеседі: бөлшектің барлық ені бойымен өтетін өтпелі және тек анықталған тереңдікке бұрғыланатын бітеу саңылаулар.

6.21 – сурет. Белгілеу бойынша бұрғылау:

а- саңылау орталығын белгілеу және нүктелеу; б – бақылау шеңберін белгілеу және нүктелеу; в – бұрғының саңылау орталығынан ауытқуы; 2 – бұрғы бағытын түзеу;

1 – нүктелегіш ізі; 2 – алдын ала бұрғыланған саңылау жырашығы; 3 – өңделген саңылау.

Өтпелі саңылауларды бұрғылау үрдісі бітеу болса саңылауларды бұрғылау үрдісінен айырмашылығы бар. Өтпелі саңылауларды бұрғылау кезінде бұрғы саңылаудан шығып, дайындама материалының кедергісі секірмелі түрде төмендейді. Егер бұл уақытта бұрғының беріс жылдамдығын төмендетпесе, онда бұрғы сынала отырып сынуы мүмкін. Бұл негізінде жұқа дайындамадағы саңылауды , өтпелі үзілмелі саңылауларды және бірі екіншісі түзу бұрышты орналасқан саңылауларды бұрғылау кезінде жиі болады. Сондықтан өтпелі саңылауларды бұрғылауды айналдырықтың жоғары механикалық беріс жылдамдығы мен жүзеге асырады. Бұрғылау соңында беріс жылдамдығын өшіру керек және саңылауды жылдамдығы механикалықтан кіші болатын жылдамықпен қолмен бұрғылау керек.

Құралды қол берісімен бұрғылау кезінде беріс жылдамдығын бұрғы саңылаудан шығар алдында біршама азайту керек, бұрғылауды бірқалыпты жүргізу керек.

Бітеу саңылауларды бұрғылаудың 3 негізгі тәсілі бар. Бұрғымен берілген тереңдікке жету кезінде бітеу саңылауды бұрғылайтын білдек айналдырықтың беріс жылдамдығын автоматты түрде өшіретін құрылғыға ие болса, онда осы операцияны орындаудағы реттеу кезінде оны берілген бұрғылау тереңдігіне реттеу керек (санаушы сызғыштар, лимбтер, қатаң тіліктер, автоматты тоқтатулар және т.б).

Егер білдек мұндай құрылғыға ие болмаса, онда бұрғылаудың жеткен тереңдігін анықтау үшін реттеуші тірегі бар арнайы қысқыны қолдануға болады. (6.22, а - сурет).