Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер Металл кескіш станоктар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4 Жазық беттерді және қиықжиектерді жоңғылау технологиясы

Жазықтықтарды қалыпты жағдайда бүйірлі және цилиндрлік жоңғылармен жоңғылайды. Бүйірлі жоңғының диаметрін D (мм) жоңғылау екі бойынша мына ара – қатынасқа сүйене отырып D=(13...1,8) 5 таңдайды. Бүйірлі жоңғылармен жоңғылау барысында симметриялы емес кесу сұлбаларын қолдану керек. Ығысу өлшемі (мм) k=(0,03...0,06)7) (сур.5.18).

Жазықтықтарды жоңғылау келесі ретпен жасалады: айналып тұрған жоңғыға дайындаманы жеңіл жанасуына дейін жақындасады, содан доңғыдан аластатылады, білдектің айналдырығын қосады, вертикальді беріліс (жазықтың беттерді жоңғылау кезінде) немесе көлденең беріліс ( жазық шөркелік беттерді жоңғылау кезінде) Лимбті жоңғылау тереңдігіне бекітеді, білдектің айналдырығын қосып және дайындаманы бірге үстелмен жоңғыға жанасқанша қолмен жылжытады, содан кейін үстелдің бойлық берілісін қосады.

Цилиндрлік жоңғылармен өңдеу барысында жоңғының ұзындығы 10...15 мм – ге дейін қажетті өңдеу енін жауып тұру керек. Жоңғының диаметрін жоңғылау ені мен кесу тереңдігіне t (мм) байланысты таңдалады.

4.1- Сурет. Дайындамаға қатысты бүйірлі жоңғысын бекіту

а – симметриялы (ұсынылмайды); б – симметриялы емес (ұсынылады); 1 – дайындама; 2 – жоңғы; D – жоңғының диаметрі,B – дайындаманың ені; Dn - кесу қозғалысының бағыты; Ds – беріліс қозғалысы; к – дайындаманың симметрия осьіне қатысты жоңғы ортасының ығысуы.

Қаралай жоңғылау кезінде әдетте өлшемдердің дәлдігі 11 – 12 квалитеттерге сәйкес келеді, таза жоңғылау кезінде 8 – 9 квалитеттерге сәйкес келеді. Майдалап жоңғылау кезінде өлшемдердің дәлдігін 6 – 7 квалитеттерге сәйкес алуға болады.

Өңделетін беттің кедір бұдырлығы Rz 80 мкм – ден Ra 0,63 мкм – ге дейін аралықта болады.

Кедір бұдырлықтың төмен параметрлерін (Ra 1,25... 0,63 мкм) майдалап жоңғылаумен алады. Дайындаманың жазық беттерінің кедір бұдырлығының төмен параметрлерін басқа да әдісспен алуға болады, ол үшін құрамалы жоңғыларды қолдану керек, олардың тұрқыларында қаралай және таза кескіштер бекітілген. Таза кескіштерді қаралай кескіштерден бір шамаға төмен орнатады, ол таза жоңғылау тереңдігіне тең. Жоңғының тұрқысына бір немесе бірнеше таза кескіштерді бекітуге болады.

Беттерді өңдеу барысында бүйірлі жоңғылардың құралды бекіту құрылымының арқасында кесу үдерісі цилиндрлік жоңғыларға қарағанда тынықты жағдайда өтеді.

Шеттік жоңғылармен вертикальді және үлкен емес горизонтальді жазықтықтарды жоңғылауға болады. Жазықтықтарды жоңғылау барысында жоңғылау жинағын қолдану өңдеу үдерісі кезінде шығару өнімділігін жоғарылатады және фасондық беттерді өңдеуге мүмкіндік береді. Жинақ ір жиекқұрсауда бекітілген және орнатылған жоңғылар жинағын қолдануға болады.

Бөлшектің горизонтальға бір анықталған бұрышпен орналасқан жазық бетін көлбеулік деп аталады. Көлбеулік үлкен емес өлшемді жазықтықты қиықжиек деп атаалады.

Көлбеулік жазықтықтарды және скостарды жоңғылау үшін келесі құралдарды қолданады:

  • Цилиндрлік, бүйірлі және шеттік жоңғылар, олар әмбебап айналатын тақтаның көмегімен дайындаманы қажетті бұрышқа айналдырады (сур.4.1 а)

  • Бүйірлі және шеттік жоңғылар, олар қажетті бұрышпен айналатын жоңғылар. (сур 4.1 б)

  • Цилиндрлік және шөркелік доңғылармен өңдеу үшін арналған арнайы айлабұйымдар;

  • Бұрыштық жоңғылар.

Қажетті бұрышпен бұрып жоңғылау үшін дайындаманы әмбебеп қысқышта және әмбебап тақтада бекітеді және өңдейтін жазықтықты үстелдің бетіне параллель орналасқанша бұрады.

Көлбеулік жазықтықтарды және скостарды түйсімді және жоңғылармен қажетті бұрышқа дайындаманы емес, құралдың айналдырығын бұрып жоңғылау жасауға болады, оның жоңғылау бастиегі айналдырығымен бірге вертикальы жазықтықта бұрылады.

Дайындамаларды көлбеулік жазықтықтармен және қиықжиектермен сериялық және жаппай өндірісте арнайы айлабұйымдармен жоңғылау жасау керек.ол дайындаманы дұрыстаусыз орнатуға және бекітуге мүмкіндік береді.